Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: Тарих, археология және этнология
Кафедрасы: Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану
Тақырыбы: Мәдениет морфологисы
СӨЖ
Орындаған: Науханбай Мадина
Тексерген: Мұханбет Ә. А
Жоспар
1)Мәдениет морфологиясы
2) Материалдық және рухани құндылықтар
3)Еуроорталық және мәдениеттер типологиясы:оң және теріс тұстары
4) Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы
Мәдениет морфологиясы
Мәдениеттану –мәдениеттің жүйе ретінде дамуының ең жалпы заңдылықтарын зерттейтін негізгі гуманитарлық пән.Морфология-бір нәрсенің құрылымы туралы ғылым.Мәдениет морфологиясы мәдениеттің ішкі құрылымы,оның ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ілім.Мәдениет морфологиясы мәдениеттің ішкі құрылымын зерттейд.Мәдениет- қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді. . Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейінi-ісі, философия жүйелері мен рәсім - таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.
Культура” термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу деген мағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде культура сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік” , “құрметтеу”, деген сияқты мағыналарға ие бола бастады
Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар — мәдениеттің материалдықтұрпатына әдеттетехниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай – ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; — мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.
« Еуроорталық »- бұл еуропалық халықтар мен Батыс Еуропа өркениетінің мәдени саладағы басқа халықтар мен өркениеттерден артықшылығын,еуропалық халықтардың өмір салтының артықшылығын,сондай-ақ олардың әлемдік тарихтағы ерекше рөлін айқын немесе жасырын түрде жариялайтын тән ғылыми тенденция және саяси идеология.Батыс елдері жүріп өткен тарихи жол жалғыз дұрыс немесе кем дегенде үлгілі деп жарияланады.
« Мәдениет типологиясы» – бүл белгілі бір негізге негізделген мәдени типтерді анықтау және негіздеу әдісі.Бұл бізге мәдениеттің көптеген көріністерін жүйелеуге ,мәдени тәжірибелерді жіктеуге мүмкіндік береді.Н. Я. Данилевскийдің,О. Шпенглердің,А .Тойнбидің мәдени-тарихи мектептері зерттеуде осы бағытта жүргізген.
Оң және теріс тұстары:
Тарихты зерттеу әрқашан маңызды ,әсіресе егер оның ішінде мәдениеттердің типологиясы болса,оны зерттей отырып,біз өзімізді және бізге сәйкес келетін мәдениетті таба аламыз.Ал егер теріс тұстарына тоқталар болсақ, онда мәдениеттер типологиясының проблемасы,ең алдымен,оның ерекшеліктерінен абстракцияланып,мәдени жүйенің маңызды ерекшеліктерін білдіретін идеалды дизайнды іздеу болып табылады.
Рәміз – (символ) жалпы мағынасы өте кең. Сондықтан да біз рәміздің бірден екі қырын ажыратуға тиіспіз: біріншіден мәнін, ал екіншіден осы мәннің түсіндірілуін.Рәміздің түсіндіретін эстетикалық аппарат адамның қабылдау мүмкіндігінен біршама жоғары еркіндік деңгейінің үлкен санына ие,Рәміз ең алдымен бар-жоғы қандай да бір белгі-бұл материалдық зат (құбылыс, оқиға). Ол кейбір басқа заттың, ерекшеліктің немесе қарым-қатынастың объективті орынбасары ретінде іс-әрекет етеді және ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылады (ақпарат, білім). Ол зат бейнесінің осы қоғамдық атқарушысы оның функционалдық міндетімен шектеледі.Адамның күнделікті өмірі рәміздер мен белгілерге толы. Олар белгілі бір жайтқа рұқсат ете немесе тыйым сала отыра, оның мағынасын білдіре және толтыра отыра адамның өзін-өзі ұстауын реттейді.Қазіргі коммуникациялық суреттемелерде этномәдениеттің төлтума белгілерін сақтайтын рәміз-үлгілері жоғары бағаланады.Ұлттық рәміздерде ұлттық болмыс пен мәдени даму бағдарлары стратегиялық тұрғыдан түйінделген.Шексіз көкте самғаған қыран,пырақ,мәңгілікке меңзейтін ою-өрнек кімді болса да толғандырмай қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |