Кафедрасы



Дата07.02.2022
өлшемі282,5 Kb.
#83821
Байланысты:
дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативтік дағдылардың маңызы




«Астана Медицина Университеті» КеАҚ

«» кафедрасы



ЭССЕ
Тақырыбы: Дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативтік дағдылардың маңызы


Қабылдаған:
Орындаған:
Топ:

Нұр – Сұлтан 2020жыл.


Ежелгі заманда дәрігерлер саны өте шамалы болағндықтан, олар бір өздері қызмет атқарып, басқа әріптестерімен көп қатынасқа түспеген болатын. Қазіргі таңда дәрігерлер саны күрт өскендіктен, медициналық мамандардың да саны артты. Диагностикалық және емдеу технологияларын, ақпараттарды қолдануыға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген мамандар жұмыс атқарады. Сондықтан, бүгінгі таңда дәрігер жұмысы бабына орай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлерімен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы ауратын адамдардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына маңызды болып келеді
Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас жасауы негізгі бір медицина саласындағы мәселелердің бірі болып келелді. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болуы керек, яғни мамандығына сәйкес қарым қатынас құрай білу қажет. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор. Мұнда дәрігердің негізгі мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, өркөкіректігі, қиын мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығаруыда мүмкін болып келеді.
Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні бізге белгілі болып келеді.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетуі, ол ауруға күтім шараларын жүргізуі, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асыруы керек. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамауы мүмкін болып келеді және емнің нәтижелі болуы екіталай.
Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуын күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек.
Сонымен, дәрігер өзінің жұмысын атқаруда көптеген адамдармен қарым-қатынас орнатады, және бұл қатынастардың дәрігер үшін, оның жұмысының нәтижелігі үшін маңызы зор. Сондықтан да, дәрігер коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алуы керек.
Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұхбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Қарым-қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір бірін қабылдауы және әрекеттесуі болып саналады. Дәрігер жұмысының нәтижелілігі мен дәңгейі, дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас дағдыларына да байланысты екені анық.
Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Дәрігер науқаспен қарым- қатынас, сұхбат жүргізу барысында, коммуникацияның екі түрін қолданады. Яғни вербальды коммуникация және вербальжы емес коммуникация.
Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Мысалы: науқастың қолынан ұстап, сізде барлығы жақсы болады, мен сенемін деп қолдау көрсету. Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұхпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады.
Өзара қарым-қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы субьект ретінде саналады. Коммуникатор – ақпарат жіберуші адам. Коммуникант – ақпарат қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы – жіберушіден, қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы.
Адамдардың өзара қатынасқа түсуі – олардың әрекеттеріне тікелей байланысты. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, мақсатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардың әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болып келеді деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет