Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым: алтыншы
полиметалл кендерінде кездеседі.
Индий
Мырғалымсай, Текелі, Майқайыңның полиметалл
кендерінен алынады.
Рений
Жезқазғанның мас кендерінен табылған.
Талий
Алтай
кендерінен (Лениногорск, Зыряновск, Ертіс маңы), Сарыарқа (Жайрем, Ақжал, Ұзынжал,
Қарағайлы), Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады.
Селен
мен
теллур
Кенді
Алтай, Майқайынның, Шыңғыс тауының полиметалл кендерінен,Саяқ, Қоңырат,
Бозшакөлдің, Шатыркөл, Жезқазған және т.б. мысты кендерінен алынады.
Сирек металлдардың қасиеттері мен алыну технологияларын меңгеруде үлкен еңбек
сіңірген ғалым, ССРО-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Е.А.Букетов.
Қазақстанның үлесіне
уранның
дүниежүзілік қорының 25,7% тиеді (3,5 млн. тоннаның 900
мың тоннасы). Уран кен орындары Созақ ауданында, Маңғышлақта, Қордайда; Атбасар
ауданында және Көкшетаудың бірқатар ауданында орналасқан.
Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларға да бай.
Калий тұздары маңызды химиялық
шикізаттық ресурстардың бірі болып табылады. Калий тұздарының қоры
республикамыздың батыс бөлігінде, Жайық-Жем аймағында орналасқан. Полиметаллдық
кендермен әдетте серіктес болатын барит қоры Жалайыр, Бадам, Шығанақ және т.б. кен
орындарынан табылған. Жыл сайын плиметаллдық кендерден1,1-1,2 млн. тонна
флотациялық бариттік концентрат өндіріледі.
Фосфориттерге Қаратау баурайы және Ақтөбе тобы бай. Қаратаудың фосфаттық кенінің
сапасы жоғары,Р
2
О
5
үлесі 23-26, кейде 30%, ал ақтөбелік фосфаттарда 6,1-14,1%-ға дейін
ғана. Күкірт темір және полиметалл кендерінде кездеседі. Шығыс Қазақстанда жыл сайын
полиметаллдық кендерден 700 мың тоннаға дейін күкірт қышқылы өндіріледі. Ақтөбенің
маңынан күкірт кен орны табылған. Флюориттің айтарлықтай бай қоры Оңтүстік және
Шығыс Тасқайнарда табылған.
Натрий сульфатының қорын өндірістік деңгейде игеру Балқаш, Қарашаған; Қашқантеңіз
Үлкен Ажболат көлдерінде жүргізулуде. Ас тұзы 20 көл мен 2 кен орнында өндіріледі.
Қазақстанда жылына 1 млн. тоннаға жуық тұз өндіріледі. Ол Қазақстанның, Орта Азия
республикаларының және Батыс Сібірдің сұранысын толық қамтамасыз етеді. Індердің
тастұзы, Жамантұз және Тайқоңардың тұздары сода өнеркәсібінде қолданылады.
Синтетикалық каучук, кальций карбидін өндіру әктастың есебінен жүзеге асырылады.
Жетіқара асбест кен орны Қазақстандағы ірі кен орындарына жатады. Асбест
талшығының қоры Хантау және Ешкіөлмес кен орындарында бірнеше миллион тоннадан
асады. Каолин кен орындары Ақмолада, Қаражігіт, Қордай, Алексеевка, Елтай және т.б.
жерлерде. Олардың негізінде Алексеев каолин комбинаты жұмыс істейді.
Ыстыққа төзімді саз Амангелді, Арқалық, Май, Бірлік кен орындарында өндіріледі.
Доломит Алексеев, Қарабауыр, Сарықұм кен орындарынан шығарылады. Кварциттер
Ерейментау, Тектұрмас, Мұғалжар, Жаңа Осакаровск кен орындарында өндіріледі.
Цемент шикізатының 37 ірі кен орны бар. Олардың ішінде Қазығұрт, Састөбе және т.б.
атауға болады. Бұл кен орындарының негізінде Қазақстанның ірі цемент зауыттары жұмыс
істейді. Керамикалық шикізат Ақмола Қашпағай, Көкшетау фарпфор зауыттарының,
Ақмола керамика комбинатының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Шыны өндірісіне жарамды
құм Мұғалжар, Қалқаман,Қалқан және Қаратөбе кен орындарында өндіріледі. Қазақстанда
гипс қоры 11 кен орнында шоғырланған.
Қазақстанда мрамор мен гранит кездесетін мыңнан астам кен орындары бар. Алматы,
Екібастұз, Теміртауғ Ақмола және т.б. комбинаттарындағы мрамор өндірісі 20 мың куб
метр және гранит 32 мың куб метр құрайды. Өскемен зауытында минералдық мақта
өндірісінде порфирит, туф, базальт қолданылады. Құрылыста пайдаланылатын құмның
қоры 88 кен орындарында шоғырланған. Силикаттық кірпіш өндіруге 32 кен орнының
құмы, кәдімгі кірпіш өндіруге 121 кен орнының құмы қолданылады.
|