Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым: алтыншы
Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының иаңындағы кен орындарын атауға болады.
Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
Никель
және
кобальт
кендері Ақтөбе, Қостанай,
Жезқазған, Қарағанды, Павлодар,
Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель
кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді. Жоғары сапалы никель кенінің үлкен
қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған.
Силикатты никель
кендері Кемпірсайдан басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан
металлургиялық өңдеу барысында кобальт та алынады.
Мыс
кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Кенді Алтай
тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған.
Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада,Жетісу,
Жоңғар Алатауында , Шыңғыс және
Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпанында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда,
Атбасар-Терісаққанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында,
Тарбағатай, Сәуір
тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат,
Бозшакөл, Саяқ, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттық
байлығы болып табылады. Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден,
күкірт және т.б. компоненттер алынады.
Достарыңызбен бөлісу: