Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет22/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108
 
Әдістемелік нұсқаулар:
Аталған тақырыпты меңгеру үшін келтірілген мысалдарға көңіл 
бөлу керек. Сонымен қатар осы мысалдар арқылы табиғи орта, табиғат байлығы ұғымдарының 
айырмашылықтарына назар аудару. 
 
Бақылау сұрақтары:
1.
Қоршаған ортаның табиғи физикалық компоненттеріне не жатады? 
2.
Ресурстық цикл дегеніміз не? 
3.
Таусылмайтын ресурстарға не жатады?
4.
Салыстырмалы түрде қалпына келтірілетін ресурстарды атаңыз. 
5.
Қоршаған ортаға анықтама беріңіз 
 
 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
Дәріс №3 Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану

Климаттық ресурстар 
Дәріс мақсаты: 
Магистарнттарға
 
климаттық ресурстар туралы түсінік беріп, 
атмосфера қасиеттері мен қорларының іктелулерін беру.
Дәріс жоспары: 
1.
Атмосфера қорлары 
2.
Климаттық қорлар 
3.
Территорияның климаттық тиімділігі 
 
1. Атмосфера қорлары
Атмосфера - бұл тіршілікті қамтамасыз ететін ең маңызды орта және тіршілік 
формаларының басым бөлігінің өмір сүруінің қажетті шарты. Өсімдіктер мен жануарларға 
қажетті газдар атмосферадан алынады, ал олардың тіршілік әрекеті мен органикалық 
заттардың ыдырауының газ тәрізді өнімдері атмосфераға түседі. Сонымен, организмдер 
мен атмосфера арасындағы заттар алмасуы биологиялық айналымның маңызды бөлігін 
құрайды.
Ауа құрамы жағынан біртекті. Таза және құрғақ ауа 78,08% азот, 20,95% оттегі, 0,03% 
көмірқышқыл газы, 0,93% аргон, 0,01% басқа компоненттерден: неон, гелий, криптон, 
ксенон, аммиак, сутек, оксидтер азот, метан, хлор және т.б.тұрады. Су буының мөлшері 
0,01% -дан 4% -ға дейін өзгереді, қатты бөлшектердің (аэрозольдердің) құрамы да 
айтарлықтай ауытқуға ұшырайды. 
Жердегі атмосфералық ауаның қорлары тұрақты және таусылмайды. Атмосфералық 
ауаның ластануы деп ауа құрамының қалыпты жағдайының ауытқуын айтамыз. 
Атмосфералық
ауаның
құрамы
мен
құрылысының
антропогендік 
өзгеріске ұшырауы ландшафттардың барлық табиғи компоненттеріне, атап айтқанда, 
жергілікті
климатқа, 
жер
беті
және
жер 
асты
суларына, 
топырақ 
және өсімдік қабатына күшті әсер етеді. Әсіресе атмосфералық ауа ластануы 
адамдардың денсаулық жағдайына аса күшті әсерін тигізеді.
Газдардың миграциясы - бұл заттар қозғалысының ең жылдам түрі. Басқа түрлерімен 
салыстырғанда газ тәрізді орта заттардың кеңістікте қозғалуына қолайлы. Күн мен жердегі 
байланыстар, басқа ғарыштық объектілермен өзара әрекеттесу атмосфера арқылы өтеді.
Күн мен жердегі байланыстар, басқа ғарыштық объектілермен өзара әрекеттесу атмосфера 
арқылы өтеді. Демек, Жер атмосферасының жалпы массасы планета массасының 10 

% дан 
аз болғанымен оның табиғи процестердегі рөлін массалық үлеспен салыстыруға болмайды. 
Атмосфера Жер бетін қатты ғарыштық сәулеленуден қорғайды, жылу режимін анықтайды, 
планета климатын құрайтын жылу мен ылғалдың ауысуы жүзеге асырылатын орта ретінде 
әрекет етеді.
Атмосфераның күйі (мөлдірлігі, газ құрамы) ғаламдық климатты және табиғи 
химиялық және физикалық процестердің жүруінің басқа жағдайларын анықтайды. 
Геологиялық тарих бойында болған атмосфера құрамының өзгеруі геохимиялық 
жағдайлардың өзгеруіне және географиялық қабықтың даму бағытына әкелді. 
Газдардың миграциясы - бұл заттар қозғалысының ең жылдам түрі. Басқа түрлерімен 
салыстырғанда газ тәрізді орта заттардың кеңістікте қозғалуына қолайлы. Күн мен жердегі 
байланыстар, басқа ғарыштық объектілермен өзара әрекеттесу атмосфера арқылы өтеді.
Күн мен жердегі байланыстар, басқа ғарыштық объектілермен өзара әрекеттесу атмосфера 
арқылы өтеді. Демек, Жер атмосферасының жалпы массасы планета массасының 10 

% дан 
аз болғанымен оның табиғи процестердегі рөлін массалық үлеспен салыстыруға болмайды. 
Атмосфера Жер бетін қатты ғарыштық сәулеленуден қорғайды, жылу режимін анықтайды, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет