Кайкенова А. М., Даутова Ж. О. Мемлекеттік тілде ісқАҒаздарын жүргізу пәнінен дәрістер жинағЫ



бет56/64
Дата24.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#198974
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
Байланысты:
Делопроизводство ВКГК им.Абая 2021 г.

Сөзбе-сөз аударма, калька - бір тілден екінші тілге дәлме-дәл аудару арқылы жасалған тілдік бірлік (жеке сөз, сөз тіркесі, фразеология). Алайда бүл термин әдебиеттану тұрғысында қолданылған жоғарыдағы лингвистика. ұғымдарға «басқа тілдің текстін аударғанда түпнұсқа өлеңнің өлшемін, ырғағын сақтау» деген қосымша түсінік үстемеленеді.
Сөзбе-сөз аударма жолымен аударылған туынды үнемі тартымды болып шықпайды, өйткені бір тілдің қалыбы екінші тілге сәйкес келе бермейді. Мысалы: , қопармалы (флектив) орыс тілінің құрылымын жалғамалы (агглютинативті) қазақ тілінің табиғатына телу әрдайым ұтымды болмайды.
Аударма техникасы. Аудармашы алдымен мәтінді жеке бөліктерге бөліп аударады. Бөліктердің ұзақтығы түрлі тілдер мен жеке аударма түрлерінде бірдей емес көп жағдайда аударма процесіндегі минималды бірлік мәтінге бір түсініктеме береді. Егер мәтінде белгілі бір түсініктеме беруге ақпарат жеткіліксіз болса, және оған мәтіннің басқа бөліктерімен танысу қажет болса да, аудармашы осы бөлікті аудармай басқа бөлікке көшпейді.
Аударма процесінде аудармашы әрқашан аударылатын тіл мен аударылатын тілдік бірліктерді салыстырып отырады. Аударылатын тілді қолдана отырып аудармаштүпнұсқаның мағынасын түсінеді, аударылған тілдің көмегімен мәтінді аударады.
Аудармада түсінік ұғымын екі жолмен анықтауға болады: түпнұсқаның мағынасына жалпы қорытынды жасау мен аударылатын тілдің құрамын жасау. Аудармашы аудармның мазмұнын жете ұғынып, оны аудармада дәл жеткізу қажет.
Аударма процесіндегі екінші кезең – аударылатын мәтін құрастыру үшін тілдік бірліктерді кездестіру және бұл жерде аудармашы тұрғысынан аударылған тіл кәдімгі тілдік қарым-қатынастардан өзгешеленеді. Бұл жерде аударылатын тілдің нормасына байланысты емес, екінші бір аударылатын мәтіннің ерекшеліктеріне байланысты.
Түпнұсқаның мағынасын баламалы түрде берілуінде аударылатын тілде ешқандай шектеулілік болмайды: аударма түпнұсқа мәтіннен жиі қолданылатын құрамымен, түпнұсқаның аналогиялық құрамы, жасанды тілдік бірліктердің көп мөлшерімен, лексикалық бірліктермен, түпнұсқада жиі айтылатын сөздерді қолдануымен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет