Ісқағаздарының қызметтері: - жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші; - әртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші; - мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші; - жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы; - мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші; - тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі; - мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші; - мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. Ісқағаздарының сипаттары: - саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
- әлеуметтік (қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
- ұйымдастырушылық (басқару қызметі жүйесінде);
- құқықтық (заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
- тарихи (әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда);
- ресмилік (міндетті түрде заңды тұрғыда тіркелуінде).
Құжаттау үдерісінің элементтері: құжаттарды дайындау;
№4 Дәріс. Құжат мәтіні, қарым-қатынас жасаудың тәсілі Жоспар Құжат мәтіні
Құжат құрлымы
Құжат мәтіні Мәтін – құжаттың негізгі деректемесі. Ол негізгі екі бөлікке бөлінеді. Біріншісінде – құжатты толтыруға негіз болған жай көрсетіледі. Екіншісінде- қорытындылар, ұсыныстар, нұсқаулар немесе өтініш- тілектер жазылады. Тіпті, мәтін бір ғана тіркестен тұрғанда, оның бөлігінде құжатты жасаудың себебі немесе негіздемесі айтылып, екіншісінде- шешім нұсқау, өтініш хабарланады.
Мәтін азат жолдарға бөлінеді, тақырыпшалар қойылады. Бұл, әсіресе, ақпараттық құжаттарда; баяндама, есеп беру, шолуларда қажет. Құжат түрімен грамматикалық жағынан сәйкестендіріліп құрылған мәтіннің тақырыбы құжаттың қысқаша мазмұнын көрсетеді.