Кайлюбаева галия жумагалиевна антонова галина александровна калиева гульназ агыбаевна



Pdf көрінісі
бет42/66
Дата19.12.2021
өлшемі0,97 Mb.
#103318
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Байланысты:
Пр.нав Акушерства Каюлюбаева (3)

ГЛАВА ІV 
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
Тест 1.Жүкті/босанушы әйелдің арнайы анамнезі бөлімінде қандай 
қызмет ерекшеліктері туралы мәліметтер жоқ: 
1.етеккір қызметі 
2.жыныстық қызметі 
3.бала туу қызметі 
4.ауырған гинекологиялық аурулары  
5.осы жүктілік ағымы 
 
Тест 2.Ұрықтың келген бөлігінің жамбас жазықтықтарына қатынасы 
акушерлік зерттеудің қандай әдісімен анықталады: 
1.жамбасты өлшеу  
2.Леопольд-Левицкий тәсілдері 
3.айнемен қарау 
4.ішкі акушерлік зерттеу 
5.бимануалды зерттеу 
 
Тест 3.Кіші жамбас кіреберіс жазықтығының тік өлшемі қандай 
коньюгатаға сәйкес келеді: 
1.анатомиялық 
2.шынайы  
3.диагоналды 
4.бүйір 
5.қиғаш 
 
Тест 4.Ұрықтың орналасуын анықтаудың негізгі әдісі болып 
табылады: 
1. ішкі акушерлік зерттеу 
2. айнамен қарау 
3. Леопольд-Левицкий әдістері 
4. Леопольд-Левицкидің 3-әдісі 
5. Леопольд-Левицкидің 4-әдісі  
 
Тест 5.Іш айналымын өлшеу жүргізіледі: 
1.Михаэлис ромбының жоғарғы бұрышы және жатыр түбі деңгейінде 
2.Михаэлис ромбының жоғарғы бұрышы және кіндік деңгейінде 
3.мықын сүйегінің қырқасы мен жатыр түбі деңгейінде  


 
74 
4.мықын сүйегінің қырқасы мен кіндік деңгейінде  
5 мықын сүйегінің қырқасы мен қасағаның жоғарғы жиегінің 
деңгейінде 
 
Тест 
6.Жамбас  өлшемдері:  25x28x30x20см,  Соловьев  индексі  –  15см. 
Осы мәліметтер негізінде шынайы конъюгатаны есептеңіз: 
1. 8см 
2. 9см 
3. 10см 
4. 11см 
5. 12см 
 
Тест 7. Жамбас өлшемдері: 24x27x29x18см, Соловьев индексі – 13,5см. 
Осы мәліметтер негізінде шынайы конъюгатаны есептеңіз: 
1. 8см 
2. 9см 
3. 10см 
4. 11см 
5. 12см 
 
Тест  8.  Алғаш  босанушы,  28  жаста.  Жүктілік  мерзімі  40  апта.  Іш 
айналымы  –  96см,  жатыр  түбінің  биіктігі  –  32см.  Осы  мәліметтер 
негізінде  ұрықтың  болжам  салмағын  Якубова  формуласы  бойынша 
есептеңіз: 
1. 3200гр. 
2. 3400гр. 
3. 3600гр. 
4. 3800гр. 
5. 4000гр. 
 
Тест  9.  Алғаш  босанушы,  28  жаста.  Жүктілік  мерзімі  40  апта.  Іш 
айналымы  –  96см,  жатыр  түбінің  биіктігі  –  32см.  Осы  мәліметтер 
негізінде ұрықтың болжам салмағын Жордания формуласы бойынша 
есептеңіз: 
1. 2880гр. 
2. 3072гр. 
3. 3230гр. 
4. 3688гр. 
5. 4152гр. 


 
75 
 
Тест 10. Distаntia spinarum – бұл: 
1. мықын сүйектерінің алдыңғы төменгі остерінің арақашықтығы 
2. артқы төменгі остерінің арақашықтығы 
3. алдыңғы жоғарғы остерінің арақашықтығы 
4. артқы жоғарғы остерінің арақашықтығы 
5. симфиздің ортасы мен Михаэлис ромбының жоғарғы бұрышының   
   арақашықтығы 
 
Тест 11.Соловьев индексі – бұл: 
1.
 
іш айналымы 
2.
 
жатыр түбінің биіктігі 
3.
 
симфиздің ортасы мен Михаэлис ромбының жоғарғы бұрышының 
арақашықтығы  
4.
 
білезік-шынтақ буынының айналымы 
5.
 
шынайы конъюгатаға сәйкес келеді 
 
Тест 12.Леопольд-Левицкий әдісімен барлығы анықталады, тек: 
1.
 
ұрықтың болжам салмағы 
2.
 
ұрықтың позициясы 
3.
 
ұрық позициясының түрлері 
4.
 
ұрықтың орналасуы 
5.
 
ұрықтың келген бөлігі 
 
Тест 13.  Сыртқы акушерлік зерттеу  кезінде зерттеуші  пациенттің оң 
жағынан бетіне қарап тұрады: 
1.
 
бірінші әдісін жүргізген кезде  
2.
 
екінші әдісін жүргізген кезде 
3.
 
үшінші әдісін жүргізген кезде 
4.
 
1-3 әдістерін жүргізген кезде 
5.
 
4-әдісін жүргізген кезде  
 
Тест 14. Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау алдында жүргізу қажет: 
1.
 
сыртқы акушерлік зерттеу  
2.
 
пельвиометрия 
3.
 
Соловьев индексін анықтау 
4.
 
ұрықтың болжам салмағын анықтау 
5.
 
қынаптық зерттеу 
 


 
76 
Тест 15. Леопольд-Левицкидің үшінші әдісімен анықталады 
1.
 
ұрықтың түрі 
2.
 
ұрықтың келген бөлігі  
3.
 
ұрықтың позициясы 
4.
 
ұрықтың орналасуы  
5.
 
ұрықтың жүрек соғысы 
 
Тест  16.  Леопольд-Левицкидің  екінші  әдісін  жүргізген  кезде 
анықтайды 
1.
 
ұрықтың позициясын 
2.
 
ұрықтың түрін 
3.
 
ұрықтың позициясы мен түрін 
4.
 
ұрықтың келген бөлігін 
5.
 
ұрық мүшелерінің орналасуын 
 
Тест  17.Ұрықтың  болжам  салмағын  Джонсон  әдісі  бойынша 
анықтағанда келесі формуланы қолданады: 
1.
 
(ЖТБ-11)×155 
2.
 
ІА×ЖТБ 
3.
 
ІА×1/2×ЖТБ 
4.
 
(ІА+ЖТБ)×100/4 
5.
 
ЖТБ×ұрықтың жатыр ішіндегі ұзындығына 
 
Тест  18.Егер  білезік-шынтақ  буынының  айналымы  15,5см  тең  және 
жоғары болса, шынайы конъюгатаны анықтау үшін сыртқы конъюгата 
өлшемінен алып тастайды 
1.
 
6см 
2.
 
7 см 
3.
 
8см 
4.
 
9см 
5.
 
10см 
 
Тест  19.Ұрық  басымен  келген  кезде  «баллотирлеу»  симптомын  
Леопольд – Левицкидің қай әдісімен анықтайды: 
1.
 
бірінші 
2.
 
екінші 
3.
 
үшінші 
4.
 
төртінші 
5.
 
бесінші 


 
77 
 
Тест  20.Жамбастың  қай  өлшемі  бойынша  шынайы  конъюгата 
өлшемдері туралы айтуға болады 
1. Distantia spinarum 
2. Distantia trochanterica 
3. Distantia cristarum 
4. Conjugata externa 
5. Conjugata interna 
 
Тест 21.Ұрық аяқ-қолдарының оның басы мен денесіне қатынасы 
1.
 
ұрықтың орналасуы 
2.
 
ұрықтың позициясы 
3.
 
ұрық мүшелерінің орналасуы 
4.
 
ұрықтың түрі 
5.
 
ұрықтың келген бөлігі 
 
Тест  22.Ұрықтың  болжам  салмағын  Якубов  формуласы  бойынша 
анықтағанда қолданады 
1.
 
(ЖТБ-11)×155 
2.
 
ІА×ЖТБ 
3.
 
ІА×1/2×ЖТБ 
4.
 
ЖТБ× ұрықтың жатыр ішіндегі ұзындығына  
5.
 
(ІА+ЖТБ)×100/4 
 
Тест 23.Босану күнін анықтау үшін қолданылатын формула: 
1.
 
Негеле 
2.
 
Жордания 
3.
 
Якубов 
4.
 
Рудаков 
5.
 
Стройкова 
 
Тест 24.Жүктілік мерзін анықтауда ең нақты әдіс болып табылады: 
1. жүктіліктің кез келген мерзімінде өткізілген УДЗ 
2. ұрықтың алғаш қозғалған күні бойынша есептеу  
3. болжам овуляция күні бойынша есептеу 
4.  жүкті  әйел  бірінші  рет  қабылдауға  келген  кезде  жүргізілген 
объективті зерттеу мәліметтері бойынша  
5. соңғы етеккір күні бойынша есептеу 
 


 
78 
Тест 25.Сагитталды жігі кіші жамбас кіреберіс жазықтығының қиғаш 
өлшемінде  анықталса  және  алдыға  қарай  ығысса,  ұрықтың  арқасы 
солға бағытталса анықталады: 
1. 1-ші позиция, алдыңғы түрі 
2. 1-ші позиция, артқы асинклитизм 
3. 2-ші позиция, артқы түрі 
4. 2-ші позиция, алдыңғы асинклитизм 
5. баспен келу, 2-ші позиция 
 
Тест 26.Ұрықтың келген бөлігі анықталуы мүмкін: 
1. Леопольд – Левицкидің I әдісімен  
2. Леопольд – Левицкидің IV әдісімен  
3. Леопольд – Левицкидің IІ әдісімен 
4. Леопольд – Левицкидің ІІІ әдісімен  
5. Леопольд – Левицкидің барлық әдістерімен 
 
Тест  27.Қайта  босанушы  әйел,  30  жаста,  сыртқы  акушерлік  қарау 
кезінде келесі мәліметтер алынды: жатыр түбі семсер тәрізді өсіндінің 
деңгейінде,  жатыр  түбінің  биіктігі  -  36  см,  іш  айналымы  -  95  см. 
Сыртқы қарау мәліметтері бойынша болжам жүктілік мерзімі: 
1. 28 апта 
2. 26 апта 
3. 32 апта 
4. 36 апта 
5. 40 апта 
 
Тест 28.Ұрық басымен келіп тұр, арқасы артында және сол жақта – бұл: 
1. баспен келу, 1-ші позиция 
2. баспен келу, 1-ші позиция, артқы түрі 
3. баспен келу, артқы түрі 
4. баспен келу, 2-ші позиция, артқы түрі 
5. баспен келу, 2-ші позиция 
 
Тест 29.  Ұрықтың ірі бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне  қатынасы  – 
бұл: 
1. ұрықтың орналасуы 
2.ұрықтың позициясы 
3.ұрық мүшелерінің орналасуы 
4.ұрық позициясының түрі 


 
79 
5.ұрықтың келген бөлігі 
  
Тест 30. 1-ші позиция, шүйдемен келу кезінде ішкі акушерлік зерттеу 
мәліметтері: 
1. сагитталды жігі көлденең өлшемде, кіші еңбегі сол жақта 
2. сагитталды жігі көлденең өлшемде, кіші еңбегі оң жақта 
3. сагитталды жігі тік өлшемде, кіші еңбегі алдында 
4. сагитталды жігі тік өлшемде, кіші еңбегі артында 
5. сагитталды жігі көлденең өлшемде, артқа бағытталған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет