Кажмуратова Айжан Бахытжановна



Дата06.07.2018
өлшемі107,5 Kb.
#47408
Кажмуратова Айжан Бахытжановна,

Солтүстік Қазақстан облысы,

Ақжар ауданы,

Талшық орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалімі



Оқыту мақсаттары

2.3.1.1.Бұрыштардың түрлерін (тік, сүйір, доғал) ажырату жəне атау; тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) мен фигуралардың түрлерін (тік төртбұрыш, шаршы) танып біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: фигуралардағы бұрыштардың түрлерін танып біледі жəне құрайды. Бұрыштар (тік, сүйір, доғал), тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: фигураларды түрлі белгілері бойынша жүйелейді.

Жетістік критерийі

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:

- бұрыштардың түрлерін ажыратып, атаймын;

-тік төртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін анықтау.


Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін.

Пəндік лексика жəне терминология: бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) жəне фигуралардың түрлері (тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыш).

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

  • Тақтадағы фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады?

  • Əр топтың фигураларына не ортақ?

Жазу: Фигуралар мен бұрыштардың атаулары.

Ресурстар

Оқулық, жұмыс дәптері №3, геометриялық материал

Тірек білім, білік, дағдылар

Геометриялық фигуралар.


Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


Аманбысың, алтын күн! Маған жылу, жарық бер,

Аманбысың, жарқын күн! Қуаныш пен шаттық бер.



Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

34 минут


Сабақтың аяқталуы

2 минут


Ынталандыру.

-Бүгін біз денсаулығымызға таза ауада серуендеудің қандай пайда əкелетіні туралы əңгімелесеміз.

-Демалыс күндері отбасымен, достармен қайда баруға болады?

–Бүгін біз тауға жорыққа шығамыз.

-Серуенге дайындалу үшін ауызша санаймыз.

-Тапсырма бойынша қажетті жауапты таңдаңдар.



  1. Қай санда 7 ондық, 2 бірлік бар?

  1. 8 жəне 7 сандарының қосындысы.

  1. 16-дан 8-ді азайт.

  2. 37 санының алдында тұрған санды атаңдар.

  3. 48-ден кейін тұрған санды атаңдар.

  4. 27 жəне 6 сандарының айырмасы.

  5. Егер 5 ондыққа 2 ондықты қосса қанша болады?

  6. 42 санынан 5-уі артық сан қандай?

  7. Қай санның 59-дан 6-уы кем?

-Сандарды кему, өсу ретімен қойыңдар.

-Кему реті деген нені білдіреді?

-Ең үлкен саннан ең кіші санға қарай.

Оқушылар кезекпен тақтаға шығады жəне дұрыс жауабы бар карточканы таңдайды. (Жауаптар жазылған карточкалар алдын ала тақтаға ретсіз жапсырылған жəне қосымша жауаптар да берілген.) –72(Г), 15(Е), 8(О), 36(М), 49(Е), 21(Т), 70(Р), 47(И), 53(Я).

-Қандай сөз шықты? (Геометрия)

-Математиканың бұл бөлімі нені зерттейді? (Фигуралар жəне олардың қасиеттері)



Өзектендіру.

-Серуеннің бағытын нақтырақ құру үшін сызбаны зерттейміз.

(Карточкадағы сурет)

- Мына сызбадан қандай фигураларды көріп тұрсыңдар?

-Үшбұрыштарды табыңдар. Олардың саны қанша?

-Бірдей үшбұрыштар қанша?

-Шаршылар қанша? Олар бірдей (тең) ме?

-Мұнда басқа да фигуралар бар ма? Қандай? Барлығы қанша фигура бар? (Төртбұрыштар, үшбұрыштар.)

Оқушылар тақтаға шығып, фигураларды көрсете отырып санайды.

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Карточкадағы фигураларды қарауды ұсынады.



–Тақтадағы фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады? (Бұрышты жəне бұрышы жоқ фигуралар.) Мұғалім бұрышы жоқ фигураларды алып қояды.

–Қалған фигураларды қандай үш топқа бөлуге болады?

(Үшбұрыштар, төртбұрыштар, бесбұрыштар.)

– Əр топтың фигураларына не ортақ? (Бұрыштары мен қабырғаларының саны.)

– Бұл фигуралардың қанша бұрышы бар?

(Бесбұрыштардың – 5 бұрышы, төртбұрыштардың – 4 бұрышы, үшбұрыштардың – 3 бұрышы бар.)

–Қалай ойлайсыңдар, біздің серуеніміз қандай тақырыпқа арналады?

–Бұрыш дегеніміз не?

(Бұрыш – бұл бір нүктеден шыққан əртүрлі екі сəуледен құралған геометриялық фигура).

Бұрыштың сəулелері қабырға деп аталады. Ал сəулелердің түйісетін нүктесі төбе деп аталады.

Қорытынды жасаймыз: Бұрыш –бұл ...

-Қазір əрқайсысың қағаз парағынан тік бұрыштың моделін жасайсыңдар. №2 практикалық жұмыс. Бұрышты қалай жасайтынын оқулықтан қарауға болады. (Орындай алмаған оқушыларға көмек көрсетіледі.)

-Өздерің жасаған тік бұрыштың моделін көрсетіңдер.

-Суреттегідей парақты жазыңдар.

-Бұрыштардың қабырғасын жəне төбесін көрсетіңдер.

-Өз парталарыңнан тік бұрыштың моделін көрсетіңдер.

–Қандай бұрыш екенін қалай анықтауға болады?



(Мұны қалай жасайтынын тақтада жəне сызбада көрсетеді.)

Сызбадағы үшбұрышты қарастырыңдар. Оның бір бұрышының тік екеніне көздерің жетті. Бұрыш моделінің көмегімен осы үшбұрыштың басқа бұрыштары да тік болатын, болмайтынын анықтаңдар.

-Сендер бүктеген қағаздан неше бұрыш шықты?

Үшбұрыштың сызбасына қараңдар

-Тік бұрыштан кіші бұрыш қалай аталады?

-Тік бұрыштан үлкен бұрыш қалай аталады?



Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Жұптық жұмыс

Оқулықтағы 1-тапсырма талқыланғаннан кейін, суретке қарау ұсынылады.





(Ұқсас сызба алдын ала тақтада орындалады.)

-Фигуралардың əр бұрышының түрін анықтап, сүйір, тік, доғал бұрыштарды өз бетімен табыңдар.



Өзіндік жұмыс. (№1)

Бағалау критерийі

-«Бұрыш түрлерін білемін» - бұрыштар тік, сүйір жəне доғал болады.

-«Бұрыш түрлерін анықтай аламын» - үшбұрышты сызғыштың көмегімен бұрыштың түрін анықтауға болады.

-«Барлық бұрышы тік көпбұрыштардың атауын білемін» - бұл тіктөртбұрыш жəне шаршы, тік бұрышы бар үшбұрыштар.

Бұдан кейін оқушылар өзің-өзі бағалаумен өз бетімен жұмыс жасайды.

Жаңаны қолдану.

Дəптердегі 2-тапсырма – тексере отырып орындалатын өзіндік жұмыс.

№3. Есепті шығару

Үй жұмысы (5 бет №3)



Өрнектер жазылған карточкалар.

Тақтадағы фигуралары бар карточкалар.


Оқулық 6-7 бет

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия.

-Сабақтың басында өзіміздің алдымызға қандай мақсаттар қойдық?



  • Бұл мақсаттарға жете алдық па?

  • Қиындықтар болды ма?

  • Оларды еңсере алдыңдар ма?

  • Бүгінгі сабақ несімен қызық болды?

Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады.

Жетістіктер жолағы

Дифференциация оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап

отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар геометриялық материалмен жұмыс жасайды

«Жетістіктер жолағы» стратегиясы

Дене шынықтыру

Оқушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет