Әктас – кальциттен, кейде арагониттен тұратын кең таралған шөгінді тау жынысы. Әктастар негізінен саяз теңіздер мен тұщы көлдерде қалыптасады.
CaCO3 - әктас
СаSO4*H2O-ғаныш
Гипстің жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5, меншікті салмағы 2,3 г/см3
«V» білемін
«+» жаңа мәлімет
«-» білмеймін
«?» сұрақ туды
Инсерт әдісі немесе түртіп алу
Ж аңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, әр абзацқа белгі қойып отырады. Оқып болған соң кестені толтырады. Тақырып барысында бұрыннан білетіндерін «V» - қанатша белгісі бар қатарға жазады, ал «+» қосу белгісі бар қатарға бұрыннан біледі, сонда да қазір оқығаннан толықтырған білімін жазады, «-» алу және «?» сұрақ белгісі қойылған қатарға білмейтін мәліметтер мен термин сөздер немесе сұрап білгісі келген мәліметтерді жазады.
Кальцийдің биологиялық маңызы орасан зор. Құрамында кальций толық топырақтың құрылысы жақсы, құнарлы болады.Мал азығында кальций мөлшері жетіспесе, мал рахит ауруына шалдығады, жүрек жұмысы әлсірейді,қанның сапасы кемиді. Кальций бұлщық ет жұмысына қажет фермент қызметі үшін, қан ұю жүйесі үшін қажет.Ол кейбір фермент жұмысын жеделдетеді, адам және мал сүйектері мен тістері құрамына кіреді.
Кальций- сүйектің және жақсы өсіп жетілуіне қажетті элемент. Адам денесінен тер арқылы көптеген кальций бөлініп шығып отырады. Ыстық цехтарда істейтін адамдар көп терлеп кальцииді көп жоғалтады. Кальций азайған ағза аппақ болып азады. Сондықтан да оларға құрамына кальцийі көп тамақтар беріп отыру керек. Немесе кальций препаратын беру қажет.
.
Ересек адамдарға тәулігіне 0.5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций- сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам- ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызы да кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.