Тәрбиелік: Өз білімін бағалап тексеруге баулу және зейінін, өзіндік пікірін қалыптастыру, ұқыптылыққа,белсенділікке, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Тәрбиелік: Өз білімін бағалап тексеруге баулу және зейінін, өзіндік пікірін қалыптастыру, ұқыптылыққа,белсенділікке, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- Кальцийдің периодтық жүйедегі орны, қасиеттерін пайдаланып есептер шығара алады;
-Кальцийдің маңызды қосылыстарын күнделікті өмірде қолдана біледі;
- Қойылған сұраққа нақты жауап беру, өз беттерімен қорытынды жасай білу дағдылары дамиды;
- Оқушылардың салыстыра білу, сараптай білу дағдылары дамиды;
Сабақтың әдісі: Шығармашылықпен жұмыс жасау, сыни ойлау, зерттеу, сөздік- көрнекілік, акпаратты –комплексті,топтық;
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,Менделеевтің периодтық жүйесі , слайд, стикерлер,постер т.б.
Қосылыстары
Кальцийдің қосылыстары
Кальций оксиді — ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000 C0 шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:
СаС03 =t= СаО + СО2↑- 180кДж
Кальций оксиді — нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілік жер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді: СаО + Н20 = Са(ОН)2 + 70 кДж