110 группа
КАНЛИБАЙ АЛТЫНАЙ
Кейс тапсырма 1
Жағдаят бойынша CASE – тегі алғашқы Қазақ тіл біліміндегі салғастырмалы типологиялық лингвистиканың теориялық негіздерін меңгере отырып керекті материалдарды жинаңыз, Қазақ тіл біліміндегі салғастырмалы типологиялық лингвистиканың негізгі бағыттарын анықтаңыз, тіл типологиясының негізгі бағыттарына сараптама жасаңыз, оны топтаңыз, Қазақ тіл біліміндегі салғастырмалы типологиялық лингвистиканың теориялық негіздерін меңгере отырып, әдебиеттермен танысыңыз.
ЖАУАПТАРЫ
Салыстырмалы тіл білімі тілдерді салыстыру арқылы тілдерді зерттейді. Салыстырмалы тіл білімінде қолданылатын «салыстыру» термині салғастырмалы лингвистикада
қолданылатын «салғастыру» терминмен синонимдес болып
келеді. Салыстыру үшін алынатын материалдар, фактілер тарихи жағынан салыстырып отырған тілдерге ортақ, о баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге ұшырап, бөлектенген болуы керек.Мысалы, қазақ тілінде:тас, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жақсы, жат деген сөздердің ойрот тілінде: таш, түс,баа, болот, малта, мұұс, таман, дат болып айтылуын немесе қазақ тілінде қосымша д,т дыбыстарынан басталып қосылатын: біздер, тілектестік, мендік, атты дегендердің қарақалпақ тілінде: біздер, тілектестік, менлік, атлы болып, л дыбысымен ауысатындығын айтуға болады. Салыстыру арқылы бұл фактілердің бастапқы түрін де, қай тілде қалай және неліктен өзгеріске ұшырағандығын да табуға болады. Қазіргі кезде тілдерді типологиялық жағынан зерттегенде мынадай негізгі ұғымдармен байланысты зерттеу қажеттігі туындап отыр. Ол ұғымдар, атап айтсақ, типологиялық жіктемелердің негіздері, тіл типі, тілдегі тип, типологиядағы метатіл, тілдердің көпөлшемді классификациясы, тіл құрылымындағы типологиялық басымдылық (доминанта), детерминант, «белгілер кеңістігі» т.б. Құрылымы әртүрлі екі тілді салғастырғанда ол тілдердің грамматикалық өзіндік ерекшелігін, типологиялық табиғатын көрсететін басты көрсеткіш - тілдік жүйедегі типологиялық басымдылық (доминанттар). Әрбір тілдің жүйесі негізінен бір немесе бірнеше басым белгілер бойынша анықталады.Мұндай салғастыруда тілдің жеке (атомарлық) элементтері емес, тіпті тілдің жеке деңгейлері де емес, тіл тұтас, бүтін жүйе бойынша салғастырылады. Тіл аралық қатынастардың дамуына байланысты қазіргі тіл білімінде салыстырмалы типологиялық әдісті қолдану – генетикалық жағынан алыс тілдерді бір-бірімен салғастырғанда аса маңызға ие болады. Бұл әдіспен зерттеу нәтижесінде жеке тілдерге тән ерекшеліктер мен тіларалық сәйкестіктерді жанжақты зерттеуге мүмкіндік туады. Лингвистер тіларалық сәйкестіктер мен олардың типологиялық сәйкестіктерінің спецификалық құбылыстарына байланысты әртүрлі теориялық еңбектер жазды. Тілдерді салғастыру тәсілдерінің негізгі ұстанымдары ресей және басқа елдердің тілші-ғалымдарының еңбектерінде молынан кездеседі. Салғастырмалы типология жалпы тіл білімінің қомақты да маңызды салаларының бірі. Қазақ тілінің құрылымдық жүйесі басқа тілдермен салғастырылып, олардың тұлғалық жағынан ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсететін, салғастырмалы-типологиялық бағытта орындалған көптеген ғылыми зерттеулер бар.
Салғастырмалы лингвистикада
Достарыңызбен бөлісу: |