Карагандинская государственная медицинская академия



бет1/4
Дата05.09.2022
өлшемі1,43 Mb.
#148740
  1   2   3   4
Байланысты:
Адам эмбриологиясы
20121214113226klinich

Тақырыбы: «Адам эмбриологиясы»


Мақсаты: Эмбриологияны студенттерге пән ретінде таныстыру, адам ұрығының даму сатылары туралы қазіргі замандағы көзқарастар туралы түсінік беру.


Дәріс жоспары:

  1. Ғылымның анықтамасы және міндеттері.

  2. Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері.

  3. Жыныс жасушаларының морфофункциональдық сипаттамасы

  4. Эмбриональдық дамудың бастапқы кезеңі:

    1. ұрықтану

    2. бөлшектену

  5. Адамның эмбрионалдық дамуының ұрықтық кезеңі

    1. ерте гаструляция

    2. кеш гаструляция



Ғылымның анықтамасы және міндеттері.
Эмбриология – организмнің эмбрионалдық дамуы туралы ғылым. «Эмбриология» термині грек тілінен “em brio - қабықшаларда” дегеннен шығады. Медициналық эмбриология адамның эмбрионалдық дамуының заңдылықтарын, оның зақымдануының себептерін, эмбриогенезге сыртқы ортаның факторларының әсерін және эмбриогенезді реттеу механизмдерін зерттейді. Кейінгі кездерде медициналық эмбриология экстракорпоральдық ұрықтану мен ұрықтың даму мүмкіндіктерін зерттеуде.
Медициналық эмбриология морфогенезді ғана қарастырып қоймай, организм қызметтерінің дамуын, даму процесінің биохимизмін және т.б. зерттейді. Сондықтан ол бірқатар ғылыми бағыттарды қамтиды:

  1. Сипаттау эмбриологиясы бақылау және сипаттау арқылы ұрықтың қалыпты дамуы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

  2. Эволюциялық эмбриология организмдердің дамуының динамикасын зерттейді.

  3. Тәжірибелік эмбриология әртүрлі тәжірибелік әдістерді адам эмбриогенезін түсіну үшін қолданады.

  4. Биохимиялық эмбриология – ұрық дамуының биохимиялық аспектілерін, эмбриогенезді реттеудің химиялық факторларын және т.б. зерттейді.

  5. Гистологиялық эмбриология - ұрық дамуының морфологиялық аспектілерін тіндік, жасушалық, субжасушалық деңгейлерде зерттеу.

  6. Патологиялық эмбриология – адам ұрығы дамуының ауытқуларының этиологиясын, патогенезін және алдын алуын зерттейді. Эмбриологияның бұл тарауы тератологиямен тығыз байланысты. Тератология – дамудың ауытқуларын зерттейтін ғылым.

Адам эмбриологиясының міндеттері адам ұрығының дамуының заңдылықтарын қарастырудан тұрады, ол жүкілік пен туудың қалыпты өтуін, туа біткен ауытқуларды анықтау мен емдеу үшін қажет. Эмбриологияның акушерлік істе маңызы өте зор.
Эмбрионалдық кезең аналық жыныс жасушасының сперматозоидпен ұрықтануынан бастап туғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Эмбриогенез 3 кезеңнен тұрады: бастапқы (дамудың 1-ші аптасы), ұрықтық (2-8-ші паталар) және іштегі нәрестелік кезең құрсақішілік дамудың 9-шы аптасынан туғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл эмбриогенезді акушерлік іс бойынша кезеңдерге бөлу.
Сонымен қатар эмбриологиялық кезеңдерге бөлу бар:

  1. Ұрықтану сатысы, оның нәтижесінде біржасушалық организм зигота пайда болады.

  2. Бөлшектену сатысы кезінде көпжасушалы ұрық – бластула (бластоциста) пайда болады.

  3. Гаструляция сатысы кезінде ұрық жапырақшалары пайда болады, ұрық гаструла деп аталады.

  4. Нотогенез сатысы немесе ұрық жапырақшаларынан біліктік мүшелердің дамуы.

  5. Гистогенез, органогенез және системогенез сатысы. Бұл сатыда тіндер, мүшелер

дамып, организмнің жүйелері қалыптасады.
Бірінші және екінші сатылар эмбриогенездің бастапқы кезеңіне жатады. Ұрықтық кезең гаструляцияны, нотогенезді, гистогенезді және органогенезді қамтиды. Іштегі нәрестелік кезеңде гистогенез органогенез және системогенез процестері жалғасады. Көптеген эмбриологтар эмбриогенезге жыныс жасушаларының пайда болуын – прогенезді де жатқызады.
Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері
Сүтқоректілер мен адамның эмбриональдық дамуында басқадай омыртқалылардың дамуына тән көптеген ортақ сипат бар, бірақ олардың дамуының тек сүтқоректілер мен адамға ғана тән ерекшеліктері болады. Адам эмбриогенезінің ерекшеліктеріне көңіл аударайық.
1. Адамның дамуының басты ерекшелігі ол құрсақ ішінде және ана мен бала арасында тығыз байланыс жағдайында өтуі.
2. Эмбрионалдық кезеңнің ұзақтығы. Адамда ол 280 күнге (9 ай, 10 акушерлік ай, немесе 40 апта) созылады.
3. Әйел организімінде жыныс жасушаларының дамуы эмбрионалдық кезеңде басталып, туғаннан кейін жалғасады. Адамның жұмыртқажасушасы ұрықтың құрсақішінде дамуына байланысты қоректік заттары аз болып, екінші реттік олигоизолецитальды болады, оның құрамындағы аздаған сарыуыз бүкіл цитоплазмаға біркелкі жайылған. Толық пісіп жетілген аналық жыныс жасушасы аналық жыныс безінен менструальды циклдің ортасында айына бір рет бөлініп шығады. Аталық жыныс жасушалары аталық жыныс безінде үзіліссіз түзеледі.
4. Ұрықтандыру организмнің ішінде полиспермді жолмен өтеді. Ұрықтану моноспермді: жұмыртқажасушаға өзінің геномын тек 1 ғана сперматозоид жеткізеді. Ұрықтану жатыр түтікшесінде өтіп бірнеше сағатқа созылады.
5. Зиготаның бөлшектенуі толық, біркелкі емес, асинхронды.
6. Эмбриогенездің ерте сатысынан бастап-ақ ұрық пен ана арасында өте тығыз байланыс пайда болады. Байланыстың қалыптасуы имплантация (ұрықтың жатырдың шырышты қабықшасына енуі) және плацентация (ана мен баланы байланыстыратын мүше ретінде плацентаның түзелуі) кезінде жүреді. Адамда өтетін имплантация басқа сүтқоректілерден айырмашылығы терең жүріп интерстициалды болып табылады (ұрық эндометрийге тереңдей кіріп қан тамырларын бұзады). Осының нәтижесінде ұрықтың ерте даму сатыларында қоректену әдісі екі рет өзгеріске ұшырайды: басында ол аутотрофты болып зиготаның өзінің қоректік заттарының есебінен жүрсе, кешірек ол гистотрофты жол арқылы (жатыр түтікшесінің, жатыр бездерінің және бұзылған тіндердің өнімдерін қолдану) гематотрофты әдіске (тікелей қан арқылы) көшеді.
7. Гаструляция деламинация, иммиграция және жасушалардың жартылай инвагинациясы әдістерімен екі саты түрінде өтеді.
8. Гистогенез и органогенез 17—20-шы тәуліктерде жүріп, пресомиттік, сомиттік және дефинитивті гистоорганогенез сатыларынан тұрады.
9. Сүтқоректілердің эмбриогенезі басқа омыртқалыларға тән ұрық қабықшаларының дамуының ерте жүруімен және жаңа провизорлы мүшелердің (хорион, плацента, кіндік бау) құралуымен сипатталады. Адам плацентасы дискоидальды гемохориальды болады.
10. Адамның бүкіл эмбриогенезін өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын бастапқы, ұрықтық және нәрестелік кезеңдерге бөледі.
11. Адамның дамуында гистогенез және органогенез кезеңдері ұзақ жүріп эмбриогенездің көп мерзімін алады, бірақ нәрестенің тууымен толық аяқталмайды. Осыған байланысты жаңа туған бала басқа сүтқоректілердің төлімен салыстырғанда дамуы кешеуілдеген, дәрменсіздеу болады.
12. Адамның эмбриогенезіне бас миының қарқынды дамуы тән, бұл цефализацияның индексінің (бас миының салмағы мен бала денесінің салмағының арақатынасы).
Жыныс жасушаларының морфофункциональдық сипаттамасы
Жыныс жасушаларына аталық жыныс жасушасы сперматозоид және аналық жыныс жасушасы – жұмыртқажасуша (овоцит) жатады. Жыныс жасушалары гаплоидты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет