Балалардың жұқпалы ауруларындағы карантин мерзімі
1
|
Скарлатина
|
7 күн
|
2
|
Дифтерия
|
7 күн
|
3
|
Эпид паротит
|
21 күн
|
4
|
Менингококкты инфекция
|
10 күн
|
5
|
Көкжөтел
|
14 күн
|
6
|
Жел шешек
|
21 күн
|
7
|
Қызылша
|
21 күн
|
8
|
Қызамық
|
----------
|
9
|
ЖІИ
|
7 күн
|
10
|
Вирусті гепатит
|
35 күн
|
11
|
Полиомиелит
|
20 күн
|
Педиатриядағы шұғыл жағдайларда көмек көрсету алгоритмдері
Балалардың тыныс жолдарының бөгде денелермен асфиксиясы кезінде жедел жәрдем көрсету
№
|
Қадамдары
|
1
|
Пациентті сәйкестендіру
|
2
|
Мақсаты: Тыныс жолдарындағы бөгде затты сыртқа шығару
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру, келісімін алу
|
3
|
Алгоритм:
Баланы тыныштандыру, жөтелуіне жол беру
|
4
|
Геймлих әдісін орындау:
- баланың бетін төмен қаратып көмекші тізесіне жатқызады
- алақаныңыздың төменгі жағымен баланың арқасынан 5 рет қағыңыз
|
5
|
Жағдайын бағалау
|
6
|
Нәтижесіз болса:
-баланы орындыққа тұрғызып, арт жағынан тұрып, денесін құшақтап алыңыз
- бір жұдырығыңызды төстен төмен жерге орналастырыңыз
- екінші қолды оның үстіне қойып, ішті төменнен жоғары қаратып қиғашынан кенет қатты басыңыз
- бұл ем шараны 5 рет қайталаңыз
|
Гипертермиялық синдромда жедел көмек көрсету
№
|
Қадамдары
|
1
|
Пациентті сәйкестендіру
|
2
|
Мақсаты: дене қызуын қалыпқа(нормаға) түсіру
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру келісімін алу
|
3
|
Алгоритм: Баланы төсекке жатқызу
Кеудесін қысып тұрған киімін шешіп босату
|
4
|
Таза ауамен қамтамасыз ету
|
5
|
Дене температурасын өлшеңіз:
а) 37,0-37,5С болса, көп мөлшерде сұйықтық беру:
б) 37,5-38,0С болса, баланы шешіндіріп, физикалық салқындату жүргізу: баланы (су t°14°С-20С) салқын суға малынған шүберекпен денесін ылғалдатып сүрту, мұзды мұйықты басынан 5-6 см биіктікке іліп қою.
в) 38,0-38,5С немесе жоғары болса, дене қызуын түсіретін препараттар беру: парацетамол (суспензия) 10-15 мг/кг, тәуліктік дозасы 60 мг/кг аспауы керек
|
6
|
30 минуттан соң дене қызуын өлшеу
|
7
|
«Ақ» лихорадка жағдайында(терісі бозарған, суық) баланы жылыту (аяқ-қолдарына жылытқыш қою), лихорадканың «қызыл» түріне өткізу
|
8
|
Спазмолитиктер: папаверин 2% ерітіндісін 0,1мл/жасына, немесе Но-шпа ерітіндісін 0,1 мл/бала жасына, супрастин 0,1 мл/жасына бұлшық етке егу
|
9
|
30 минуттан соң бала температурасын бағалау
Нәтижесіз болса 1 сағат ішінде, ауруханаға жеткізу
|
Балалар құрысып-тырысуында жедел көмек көрсету
№
|
Қадамдары
|
1
|
Пациентті сәйкестендіру
|
2
|
Мақсаты: құрысып-тырысуды басу
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру, келісімін алу
Балалық шақ ауруларын бірлестіре жүргізу бағдарламасы бойынша (0-5 жас) диазепамды туберкулиндік шприцпен (инесіз) ректальді енгізу
5 жастан асқан балаларға препаратты б/е немесе к/т енгізеді
|
3
|
Алгоритм:
баланы тегіс жұмсақ жерге жатқызу
|
4
|
қысып тұрған киімдерін шешу
таза ауамен қамтамасыз ету
|
5
|
- басын бір қырына бұру, мойын астына валик қою
|
6
|
- жоғары тыныс жолдарынан шырыштарды санациялау, оттегін беру
|
7
|
Диазепамды ректальды енгізу:
- ампуладан сұйық ерітіндіні туберкулиндік шприцке мөлшерін жинау(0,1 мл/кг)
|
8
|
Инесіз шприцті тік ішекке 4-5 см тереңдікке енгізіп ерітіндіні жіберу
Бірнеше минут жамбасын қысып ұстап тұру
|
9
|
Жағдайын бағалау
|
Бронх демікпесі ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету
№
|
Қадамдары
|
1
|
Пациентті сәйкестендіру
|
2
|
Мақсаты: Бронх обструкциясын және тұншығу ұстамасын басу және тыныс алу қызметін қалыптастыру
Анасына (туыстарына) шараның мақсатын түсіндіру, келісімін алу
|
3
|
Алгоритм:
Баланы жартылай отырғызу
Қысып тұрған киімдерін шешу
Сабырлы жағдай және тыныштық орнату
|
4
|
Таза ауамен қамтамасыз ету
|
5
|
Тез әсер ететін бронхолитиктер:
Сальбутамол ингаляциялық ерітінді ретінде 2,5 мг спейсер арқылы немесе пульмикорт (будесонид) 2,5мг/5мл небулайзер арқылы
|
6
|
Нәтижесін 20 минуттан соң бағалау, ентігу басылып жағдайы жақсарса үйде қалдырады;
жағдайы жақсармаса, преднизолон 30мг көктамырға баяу, 0,9% 10мл физиологиялық ерітіндімен бірге шапшытып (струйно) жіберу
|
7
|
Оттегін беру(цианоз сақталып,сатурация 90% төмендесе)
|
8
|
Тиімділігін бағалау (ентігу басылу, дем алудың жеңілдеуі)
|
9
|
Нәтижесіз жағдайда, бас жағын көтеріңкі етіп, зембілмен ауруханаға жеткізу
|
Жіті стеноздаушы ларинготрахеит кезінде жедел көмек көрсету
№
|
Қадамдары
|
1
|
Пациентті сәйкестендіру
|
2
|
Мақсаты: Ларингоспазмды жою, тыныс алуын жеңілдету
Анасына (туыстарына) шараның мақсатын түсіндіру, келісімін алу
|
3
|
Алгоритм:
Тыныштық жағдай орнату
Баланың бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу
|
4
|
Кеудесін қысатын киімнен босату
|
5
|
Таза ауамен қамтамасыз ету
|
6
|
Жылы сілтілі сұйықтық беру (боржоми немесе сүт)
|
7
|
Баланы анасының тізесіне отырғызу
Баланың аяқ-қолдарын бекіту
Алақанын маңдайына қойып басын ұстау
|
8
|
Небулайзерлік терапия: пульмикорт (будесонидпен) 0,5мг/мл + 2 мл. физиологиялық ерітінді, ингаляцияны толық көлемде жүргізу (небулайзер болмаса спейсер арқылы)
Жағдайын бағалау
|
Жас балалардың жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу
№
|
Қадамдары
|
1
|
Пациентті сәйкестендіру
|
2
|
Мақсаты: бала өмірін сақтау іс шаралары
|
3
|
Науқас бала мен құтқарушы үшін қоршаған ортаның қауіпсіздігіне көз жеткізу
Пульсінің бар жоғын анықтау
Дем алмау немесе тұншығу
Пульсі 10 сек ішінде нақты анықталмау
|
4
|
Жүрек тоқтауы куәгерлер көзінше болса:
Онда 2 мин ішінде ЖӨР жүргізіледі, куәгер жедел көмек шақырады
Куәгер болмаса, онда 2 мин ішінде ЖӨР жүргізіп алғаннан кейін, жедел мед көмек шақыру, қайта келіп ЖӨР жалғастыру
|
5
|
Комрессия-вентиляция қатынасы: 30:2
|
6
|
Минутына 100-120 рет жиілікте кеуде клеткасын компрессиялық қысуды жалғастыру
Әрбір 6 сек (1 мин/10 дем беру) 1 дем беруді жүргізу
|
7
|
Компрессиялық қысу жиілігі минутына 100-120 рет
Тереңдігі 5 см -1 жастан асқан балаларға
Тереңдігі 4 см - емшектегі балалар (жаңа туған балалардан басқалары)
|
8
|
Қолды төс сүйегіне орналастыру орны:
а) 1-12 айлық балаға – 2-3 саусақ ұштарын төске қояды
б) 3-6 жасқа дейінгі балаларға бір алақанның проксимальды бөлігін төс сүйегіне қояды
в) 6-7 жастағы балаларға алақанның проксимальды бөліктерін айқастырып, көбелек тәрізді төс сүйегіне қояды
|
9
|
Төс сүйегін төмен басу арқылы 0,5 сек ұстап тұрыңыз
Әрбір компрессиялық қысудан кейін кеуде клеткасының толық қалпына келуін күту
Кеуде клеткасын компрессиялық қысулар интервалы 10 секундтан артық болмау керек
|
10
|
Жүрекке тікелей емес массаждың нәтижесі бір минут ішінде бағаланады (нәтижесі оң болса, жүрек соғысы қалыпқа келеді, қарашықтары кеңейеді, цианоз жойылады);
|
11
|
Иық астына валик салу, басын артқа шалқайтып, иегін төмен тарту
Басын бір жанына қаратып, ауыз қуысынан шырыштарды, құсық массасынан электросорғышпен, медициналық үргішпен, дәкемен санациялау
|
12
|
Баланың мұрнын қысып, аузына дәке салу
Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузының және мұрнының үстіне (бір жасқа дейінгі балаларға) баланың аузының немесе мұрнының үстіне (ересек жастағы балаларға)
|
13
|
Жеткілікті мөлшердегі ауа көлемі баланың кеудесі ақырын көтерілгенге дейін (2 рет дем береді)
Қайталап дем беруді өздігінен дем алғанға дейін жалғастырады
Жүрекке тікелей емес массажды жасанды деп берумен қатар өткізген жағдайда 30:2 қатынасында жүргізеді
|
Мұрнынан қан кеткенде жедел жәрдем көрсету
№
|
Қадамдары
|
1
|
Пациентті сәйкестендіру
|
2
|
Мақсаты: қан кетуді тоқтату
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру, келісімін алу
|
3
|
Алгоритм:
Тыныштық жағдай орнату
Баланың басын алдына еңкейтіп отырғызу
|
4
|
Кеудесін қысатын киімнен босату
Таза ауамен қамтамасыз ету
|
5
|
Мұрын қанатын қатты басу
Мұрын үстіне салқын, аяғына жылу басады
|
6
|
Сутегі асқын тотығы ерітіндісіне батырылған мақта тығынмен тиісті жақты тығындайды
|
7
|
Нәтижесіз болса, дәрілерді: этамзилат немесе дицинон 0,1 мл/жасына бұлшық етке егу
|
8
|
Мамандарға жіберіп негізгі ауруды анықтау
|
Синкопе жағдайында жедел көмек көрсету
№
|
Қадамдары
|
|
1
|
Пациентті сәйкестендіру
|
|
2
|
Мақсаты: талуда есін жинауға көмектесу
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру, келісімін алу
|
|
3
|
Іс-әрекеттер алгоритмі:
-бас миына қан келуін жақсарту мақсатында, аяқтарын көтеріп (30-45градус бұрыш) баланы горизонтальды жатқызу
|
|
4
|
Қысып тұрған киімдерден босату
|
|
5
|
Таза ауамен қамтамасыз ету
|
|
6
|
Тыныстану орталығын рефлекторлы қоздыру мақсатында, беті мен кеудесіне салқын су бүрку
|
|
7
|
мүсәтір спиртіне батырылған мақтаны 1-2 см қашықтықтан бала мұрнына иіскету
жағдайын бақылау мақсатында, дем алуын, пульсін, АҚ қайта бағалау.
|
|
8
|
Нәтижесіз жағдайда жүрек-өкпе реанимациясына кірісу
|
|
Коллапста жедел жәрдем көрсету
№
|
Қадамдары
|
|
1
|
Пациентті сәйкестендіру
|
|
2
|
Мақсаты: АҚ көтеру, жағдайын қалыптастыру
|
|
3
|
Тегіс жерге баланы арқасымен, аяғын көтеріңкі жатқызу
|
|
4
|
Қысып тұрған киімдерден босату
Қажет жағдайда тыныс жолдарын санациялау
|
|
5
|
Таза ауамен қамтамасыз ету
|
|
6
|
Шеткі көктамырға 20-30 мин ішінде инфузиялық терапияны бастайды: реополиглюкин немесе кристаллоидтармен (0,9% натрий хлор ерітіндісі)
20 мл/кг,
Дексаметазон 0,3-0,6 мг/кг (1мл 0,4% ерітіндіде-4 мг) к/т немесе б/е егеді
|
|
7
|
Жағдайын бақылау мақсатында, дем алуын, пульсін, АҚ қайта бағалау.
|
|
8
|
Нәтижесіз жағдайда жүрек-өкпе реанимациясына кірісу
Реанимация бөліміне тасымалдау
|
|
Асфиксия кезінде жаңа туған нәрестенің реанимациясы
№
|
Қадамдары
|
1
|
Жаңа туылған баланы таза, жылы жөргекпен сүртіп құрғатып, жылы жерге жатқызу
|
2
|
Анықтау:
-жүктілік 34 аптадан жоғары ма?
-мекониі жоқ па?
-бала туылғанда дем алды ма немесе шыңғырды ма?
-бұлшық ет тонусы қалыпты ма?
|
3
|
«ия» жауабы болса, кәдімгі күтім (ана кеудесіне салу)
|
4
|
Егер «жоқ» болса, 30 сек ішінде:
-тыныс жолдарын ашу үшін баланың басына дұрыс қалып беру
-қажет болса тыныс жолдарын тазарту
-жанасымдық ынталандыру жасау (арқасына жатқызып, басын азғана шалқайта отырып)
-қажет болса оттегі беру
|
5
|
Тыныс алып, тері жамылғысы қызғылт болса кәдімгі күтім мен бақылауда болу (ана кеудесіне салу)
|
6
|
Егер бала тыныс алмаса, көгеру байқалса, онда:
Көлемі сәйкес келетін масканы қолданып, тыныс қапшығын 5 рет баяу басу
|
7
|
«Тыныс алуда», онда мұқият бақылауда болады
|
8
|
Егер одан кейін тыныс алу жоқ болса, келесі 30 сек:
-масканың қалпы мен оның дұрыс тиіп тұрғанын тексеру
-қажет болса масканы түзету
-тыныс қапшығы мен масканың көмегімен вентиляция жасау
-егер кеуде қимылдары көңіл толарлықтай болмаса
-тыныс жолдарының ішіндегісін сорып алып тастау
Көмек шақыру
|
9
|
Жүрек соғу жиілігін тексеріңіз (кіндіктің солқылынан немесе тыңдап көру арқылы)
|
10
|
Егер ЖСЖ минутына 60 реттен жоғары болса, онда:
Минутына 40 тыныс алудай жиілікпен тыныс қапшығы арқылы вентиляция жасауды жалғастыру
Кеуденің жеткілікті кеңейіп жатқанына көз жеткізу
Оттегі беру
Тамыр соғу мен тыныс алудың жақсарғандығын тексеріп көру үшін әрбір 1-2 мин сайын үзіліс жасау
ЖСЖ мин 100 реттен жоғары болғанда жүрек массажын тоқтату
Тыныс жиілігі мин 30 реттен жоғары болғанда қосалқы вентиляцияны тоқтату
Оттегіні тері жамылғысы қызғылт тартып, бала белсенді болғанға дейін беру
|
11
|
Егер ЖСЖ мин 60 реттен төмен болса, тікелей емес жүрек массажын жасау
|
12
|
Нәтижесін бағалау
|
Анафилактикалық шок жағдайында шұғыл көмек көрсету
№
|
Қадамдары
|
1
|
Анафилактикалық шок
|
2
|
Алгоритм: Өмірді сақтау.
-аллерген енгізуді тоқтату
|
|
-тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
баланың аяғын көтеріп, арқасымен тегіс қатты жерге жатқызу
|
3
|
АҚ,ЖЖЖ,ЭКГ-мониторингілеу, пульсоксиметрия
|
4
|
Басын бір жанына бұру (тілінің көмейді жауып қалмауы, құсықпен аспирация болмауы алдын алуы үшін)
Оксигенотерапия
|
5
|
Адреналин (эпинефрин) 0,1% ерітіндісі 0,01мл/кг санның алдыңғы-латеральды бөлігіне, бұлшық етке енгізу
|
6
|
Нәтижесіз жағдайда, адреналин (эпинефрин) 0,1% ерітіндісі 0,01мл/кг, физ ерітіндіге 0,9% -10,0 ерітіп, 5-10 минут ішінде, көктамырға, шапшытып(струйно), бөлшектеп енгізу.
|
10
|
Жағдайы тұрақтанғаннан кейін, науқасты аурухананың реанимация бөліміне жатқызу
|
Достарыңызбен бөлісу: |