49
Болашақ кемел тұлғаны қалыптастырудағы білім мазмұны мен оны
меңгертудегі педагогикалық әдістер логикалық және философиялық тұрғыда
қарастырылады. Қазіргі таңдағы білім беру саласына қатысты зерттеулер
философия ғылымындағы болмысты тану мен түсіну бастаулары мен
салаларына соқпай кетпейді. Бүгінгі педагогика мен оқыту саласының ғылыми
зерттеулері өз теориялық тұжырымдарында, зерттеу
әдістері мен әдіснамасы
және жалпы концепцияларында философияның көптеген бағыт-бағдарларын,
теориялық көзқарастарын басшылыққа алады. Солардың ішінен бүгінгі білім
беруде өз орнын тапқан философиялық білімдердің келесі салаларын жекелей
атап өтуге болады: экзистенциализм, прагматизм, неотомизм, неопозитивизм,
диалектикалық материализм және тағы басқалар.
Көрнекті философтар – Н.А.Бердяев, Л.И.Шестов (Ресей), М.Хайдеттер,
Г.Ясперс (Германия), Ж.Сатр, А.Камю (Франция), Э.Брейзах, П.Тиллих (АҚШ)
және басқалар негізін қалаған экзистенциализм
негізінде адамның тіршілік,
болмыс толғаныстары жатыр. Экзистенциализмнің негізгі ұстанымы – тіршілік
– өз «меніне» негізделген жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер
түсінігінде шынайы дүниенің мәні оның субъектті сипатта болуына тәуелді.
Олар тікелей объективті білімдер мен объективті шындықты мойындамайды.
Сырттай дүние әр адамның ішкі «мені» тарапынан қалай қабылданса, солай
танылуы тиіс. Экзистенциалистер қазіргі қоғамның жеке адамның күйзелуіне
соқтыратын, оның өзіндік ерекшелігін жойып, әлеуметтік ортадан шеттетілуіне
және т.б. себепші келеңсіздіктерін алға тартады. Олар мұндай қиыншылықтан
құтылудың
жолын
әр
адамның
өзін-өзі
кемелдендіру
әрекетімен
байланыстырады. Осы бағыттың философиялық ерекшелігі педагогикалық
үдерісте білім алушыларды өзін-өзі қалыптастыруға үйретіп, өз «менін»
жасауға қажетті тәрбие, білім беруден көрінді. Экзистенциалистік бағыт
философиясына негізделген білім құндылығы әр тұлға үшін өзіндік маңызға ие
болып,
мұғалімнің міндеті оқу, тәрбие материалын игеруде оқушыға толық
еркіндік беріп, оның ынта-ықыласы мен қызығушылығына жол ашады.
Дүниедегі заттар мен құбылыстардың мәнін ұғыну оқушы еркінде. Ал ұғу
процесі санаға тікелей негізделмей, бала сезімдері, арманы мен сенімі арқылы
іске асырылады. Экзистенциализм философиясы жекелеп оқытудың
философиялық негіздемесі ретінде танылып отыр. Қазіргі қазақстандық білім
кеңістігіндегі
тұлғаның
даралық
қасиеттеріне
бағытталған
білім
технологияларынан
экзистенциализм
бағытындағы
философиялық
концепцияларға негізделген элементтерді кездестіруге болады. Тілдегі
омонимдік құбылыстарды меңгертуде оқу үдерісін осы бағыт аясындағы
концепцияларды басшылыққа ала отырып құруға болады. Мәселен, жоғары оқу
орнында тілдің лексикалық жүйесі аясында омонимдерді меңгертудегі біршама
технологиялар білім алушының даралық қасиеттеріне негізделеді. Омонимдерді
когнитивтік семантика тұрғысынан меңгертуде білім алушының жеке тұлғалық
ерекшеліктері басшылыққа алынады. Тіл біліміндегі когнитивтік зерттеулер
экзистенциализм философиясынан алшақ кетпейді.
Себебі тіл мен таным
сабақтастығына құрылған когнитивтік лингвистика саласының басты
50
принципті қазіргі жаңа ғылыми парадигмадағы адамтанымдық (антропоөзектік)
бағытқа негізделген. Ал жалпы адамзаттық таным қоғамдағы жеке тұлғалардың
танымдық санасынан құралғанын ескерсек, экзистенциализм философиясы мен
тіл ғылымындағы антропоөзектікті сабақтас ұғымдар екендігін көреміз.
Омонимдік қатар құрайтын концепт деңгейіндегі бірліктердің концептілік
өрісіндегі білімдер жүйесі сол халықтың және де сол ұлт өкілінің ақиқат
дүниені қабылдау ерекшеліктеріне байланысты. Тілдік білімді, концепт
сөздердің, оның ішінде концептілік өрісі бар омоним сөздердің когнитивті-
семантикалық құрылымын танымдық бағытта оқыту білім алушылардың
дүниетанымдық түсініктерін кеңейтеді. Әрбір
тілдік бірліктің астарында
жатқан мәдени семантикаларды жете меңгерулеріне түрткі болады. Сөйтіп,
тілдің ғылыми теориясы мен терминологиясын игеріп қана қоймай, рухани
аялық білімін де жетілдіре түседі. Рухани санасы жоғары жеке тұлғаға
айналады.
Омонимдерді оқыту үдерісінің логика-философиялық негіздерін сөз етуде
пәннің тақырыптық мазмұны мен нысанындағы омонимдердің лексика-
семантикалық мағынасы арқылы репрезентацияланатын, ұлтқа тән ұғымдардың
философиялық мазмұнын айтпай кетуге болмайды. Мәселен тілдік жүйедегі
жекелеген оонимдік қолданыстардың бір немесе бірнеше қатарында кездесіп,
ұлттық
философиялық
дүниетанымға
бағдар
сілтейтін
концептік
қолданыстардың мәні логика-философиялық мәнерде айқын ашылады.
Мәселен,
тағы
тілдік бірлігі лингвистикалық жүйеде омоним құрайды:
1. зат. е. – табиғат аясындағы жабайы аң, жануар.
2. сын. е. – жабайылық (варвар) мәнінде қолданылады.
3. үст. – қайталанатын әрекет мәнінде қолданылатын тілдік бірлік.
Осы лексикалық бірліктің логика-философиялық мәні – халық тіршілігі
мен танымындағы ұғымдық орны төмендегі
поэтикалық мәтінде айқын
көрінеді:
Достарыңызбен бөлісу: