Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет53/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Үшіншісі
, психологиялық мәні жатады. Бұл дегеніміз – білім 
алушының өзін қоршаған әлеуметтік ортаға қатынасы мен ондағы социумға 
(адамдарға) деген эмоционалдық-еріктік қарым-қатынасты бақылай алу 
мүмкіндігі жатады.
Лингвистикалық мазмұндағы білімді беру мен меңгерту, оны қатысымдық 
аяда тиімді пайдалануға дағдыландыру жұмыстары педагогиканың негізгі 
қағидалары аясында іске асырылады. Педагогиканың кағидалары өз кезегінде 
философиялық білім мазмұнына тікелей тәуелді.


58 
Лингвистикалық мазмұндағы білім мен логикалық-философиялық 
процестердің арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік-
семантикалық жүйесіне сүйенеді. Ал, ғылымдағы «когнитивтік деген сөз 
«білім» деген ағылшын сөзінен алынған. Психикалық процестердің өтуін 
басқаратын білімдер жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым делінеді. Тіл 
мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының өмірінде 
құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен танымның 
арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі. Аталған 
құрылымды жіктеп, бөлшектеп ұсыну өте қиын мәселе болып табылады [99]. 
Бүгінгі таңдағы когнитивтік лингвистиканың семантикалық теориясының 
маңызды ерекшелігіне – білім қайнарының логикалық-философиялық 
мазмұнын игеруге, тіл мен ойдың, тіл мен танымның тұтастығын кешенді түрде 
тануға мүмкіндік береді. Яғни, біртұтас когнитивтік-семантикалық тілдік кешен 
бүгінгі таңдағы әдіснама ғылымында тілді түсіну аумағын кеңейтуге жол 
ашады. 
Когнитивті лингвистика ғылымындағы басым мәселелердің қатарына тіл 
мен адам санасы, тіл мен таным тұтастығы деген мәселелер жататындықтан, 
омонимдік құбылыстарды логикалық-философиялық аспектіде қарастыру 
мәселесінің заңдылығын байқауға болады. Омонимдік құбылыстар арқылы
айнала қоршаған ортаның адам санасындағы лингвистикалық заңдылықтар 
арқылы бейнеленіп, тілде көрініс табады. Ал бұл мәселелер жалпы 
философиялық идеялардың дедуктивтік таралуы және білім беру жүйесінен 
мызғымас орын алуына ықпал етеді. Мұндағы индуктивтік логика болса, білім 
беру философиясының қалыптасуына толықтай ықпал етіп қана қоймайды. 
Сонымен қатар, лингвистикалық білім берудің аясын практикада ашып 
көрсетуге, тың стратегиялардың пайда болуына алып келеді. Яғни, омонимдік 
құбылыстарды оқытудағы логикалық-философиялық аспектілердің даму 
барысына жоғарыдағыдай теориялық және методологиялық тұжырымдамалар 
арқылы талдау жасау қажетті тетік болып табылады. 
Омонимдердің 
тілдік 
табиғатының 
өзі 
логикалық-философиялық 
категориялар шеңберімен сабақтасып жатыр. Тілдегі омонимия құбылысын 
оқытуда омонимдердің ішкі ұғыммен байланысты табиғатын ашуда, тұлға 
қалыптастыруда «сын тұрғысынан ойлау», «дамыта оқыту», «деңгейлеп 
оқыту», «проблемалық оқыту», «оқытудағы сатылай кешенді әдіс», 
«интербелсенді әдістер» сияқты технологиялар мен оқытудағы топтық және 
жұптық жұмыс түрлері басшылыққа алынады. Мәселен, омонимдерді оқытуда, 
оның анықтамасын тұжырымдауда ғылыми айналымдағы пікірлерді өзара 
салыстыру және тілдің қазіргі даму сатысындағы, қазіргі қолданыс 
тәжірибесіндегі тілдік бірліктер негізінде омоним теориясының проблемалық 
жақтарын анықтау мақсатындағы әрекеттер жоғары мектепте білім алушы 
тұлғаны тек теориялық біліммен қаруландырып қоймайды, сонымен қатар, 
қоғамның толыққанды мүшесі ретіндегі тұлғаның бойындағы құзіретіліктерін 
қалыптастыруға, дамытуға жол ашады. Тұлға қалыптастырудағы мұндай 


59 
педагогикалық әрекеттер философиялық тұрғыдағы «білім» және «тәжірибе»
ұғымдарына негізделеді.
Омонимдік құбылыстарды оқытудың логикалық-философиялық тұрғыдан 
негізделуі ғылыми білімнің толықтай дербес дамып отыратындығын көрсетеді. 
Яғни тілдік құбылыстардың астарында қаншалықты жалпы философиялық 
мәнділіктердің жатқандығында емес, оның бар болмысынан білім беру аясының 
өзектілігіне 
объективтік 
зандылықтардың 
орнығуына 
логикалық-
философияның ықпал ететіндігін көруге болады. Демек, ғылым ретінде білім 
берудің логика-философиялық мәнділігіне: білім берудің даму үдерісі, 
пәнаралық теориялар сабақтастығы, пәндік білім берудегі нормативтер мен 
стандарттары, білім алудың ортасы, білім берудегі қағидаттар мен постулаттар,
әдіс-тәсілдер мен гипотезаларды т.б. жатқызуға болады. 
Лингвистикалық мәселелерді оқытуда логика-философиялық, танымдық 
әрекет пен қатысымдық үдерістерсіз нәтижеге жету мүмкін емес екендігі мәлім. 
Осы мәселеге қатысты Р.Рахметова: «Білімнің танымдық құрылымы көп 
жағдайда сөзді жүйелеу үдерісі үшін қажетті қатысымдық бірліктердің 
мазмұндық және формальдық жақтарына бағынышты болып келеді. Құрылған 
сөйлеу жағдаяты, бір жағынан, ойлаудың тууын ынталандырады, ал екінші 
жағынан, аталмыш ойдың жөнелтілген нүктелік қалыптасуы болып табылады. 
Мұның бәрі бізге тілдік таным тікелей қатысымдылықпен байланысты және 
керісінше, қатысымдылық қалыптасқан тілдік танымды болжайды деген шешім 
шығаруға мүмкіндік береді» – деп түсіндіре келе [100, 31 б.], тілдік қатынастың 
мақсаты мен коммуникативтік акт нәтижесіндегі әрекеттестікті былайша 
саралайды: «Тілдік қатынастың негізгі мақсаты – ақпарат алмасу. Осыған 
байланысты білім алушы қатысымға түсе отырып, төмендегідей әрекеттерді 
орындайды:
- Ақпаратты тиімді қабылдап алу; 
- Ақпаратты тиімді жіберу; 
- Әңгімелесушіні сендіріп, оны әрекет етуге қозғау салу арқылы қойылған 
мақсатқа жету; - әңгімелесуші туралы қосымша ақпарат алу; - оң көзқараста 
өзін-өзі таныстыру. 
Білім алушы осы әрекеттерді орындау арқылы танымын кеңейтеді. 
Ақпаратты тиімді қабылдап алу ауызша және жазбаша түрде келіп, оқу мен 
тыңдау дағдыларын меңгеруге жетелейді» – дейді [100, 27 б.].
Білім алушының тұлғалық болмысының қалыптасуы мен дамуының басты 
тетіктерінің бірі – лингвистикалық білім көзінің маңызы ерекше болып 
табылады. Сондықтан білім алушыны интеллектуалдық, зейінділік, 
қатысымдық жағынан өзін қоршаған ортамен (табиғатпен, әлеуметтік топпен, 
өзімен-өзі, т.б.) белсенді түрде қатынасқа түсуге дайындау арқылы тілдік 
құзыреттілігі мен ақыл-ойының дамуына қол жеткізу логика-философияның 
басты қағидасы болып табылады. Бұл дегеніміз оқытудың негіздері таным 
теориясы 
мен 
логика-философиялық 
диалектика 
заңдылықтарында 
жатқандығын көрсетеді.


60 
Білім алушы тілдік құбылыстарды тұтыну мен жүзеге асыру барысындағы 
ойлау әрекеті логиканың категориясына жатса, сол туралы пайымдауы мен ой 
жүгіртуі философиялық категорияға жатады. Ал бұлардың бірлестігі таным 
теориясына негізделеді. Яғни мұндағы білімді игерудің немесе дүниені танудың 
екі жолы бар екендігі байқалады. Оның бірі – затты жалпылау яки 
абстракциялау арқылы ойлау болса, екіншісі – ұқсату, елестету, сезім арқылы 
ойлау болып табылады. Дамыта оқыту технологиясында бұл екеуін өзара 
тұтастықта қарай отырып, білім алушылардың теориялық біліктілігі мен ойлау 
мәнерін жетілдіру арқылы ақиқат әлемді танудың философиялық және 
логикалық әдістерімен қаруландыруды көздейді. Омонимдерді тануда да осы 
аталған жалпылау, ұқсату әдістерінің өзіндік рөлі бар. Жоғары оқу орнында 
омонимдік тілдік бірліктердің когнитивтік семантикасын меңгерту барысында 
жоғарыда айтылған ойлау түрлерінің тілдік құрылым түзудегі маңызына 
ерекше мән беріледі. Мәселен, 
жал, 
лексикалық бірлігінің омонимдік қатарын 
түзуде абстаркциядағы ойлаудың ерекшеліктері өзектеледі. Осы типте жасалған 
омонимдерді оқыту барысында лингвитикалық мазмұнға сәйкес оқыту 
технологиясы таңдалады. Мәселен омонимдердің жасалуын жолдарын 
меңгертуде сын тұрғысынан ойлау сынды технологиялардың жұмыс 
принциптері ерекше тиімді. Сабақтар барысында білім алушының ойлау, 
ассоциация сынды ерекшеліктеріне негізделген тапсырмалар жүйесі тиімді 
болмақ. Жоғарыдағы жал лексемасының жасалу жолын айқындауда екі үғым 
арасындағы ассоциациялық байланыс арқылы білім алушы осы құбылысты 
еркін түсіндіре алады.
Білім берудің қандай да бір механизмі яки технологиясы болмасын білім 
алушының өздігінен ойлауға, ой түйе білуге бағытталуы тиіс. Мұндағы 
ойлаудың формасы қарапайым білімді игеруден бастап, сатылай даму 
нәтижесінде логика-философиялық деңгейге көтеріле білуі қажет. Ал, мұндағы 
«философиялық ойлау дегеніміз – объективті өмірді бейнелеудің жоғарғы 
формасы. Сондай-ақ, ойлау – сананың ең жоғарғы көрінісі, биік шыңы. Ол 
субъектінің шығармашылық әрекеті барысында пайда болып, заттар мен 
құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды табу, тану 
кезінде жүзеге асатын танымдық әрекет» [101, 391 б.] болып табылады. Яғни, 
философиялық ойлау мәнерінің жетілген, өзіндік позициясы қалыптанған түрі 
ретінде тануға болады. Ал оқушы ойындағы мәліметтер қаншалықты аз болса, 
логикалық пайымдауы соншалықты кем болады. Мұндағы ақпараттың 
әдеттегіден тыс ойлау жағдайында бір сатыдан, екінші сатыға көтеріліп, тың 
идеяны, тосын пікірді тудырса ойлау жүйесінің логика-философиялық деңгейге 
көтерілгендігі ретінде бағалауға болады. Бұл ойымыздың дәлелі ретінде 
профессор Б.Ө.Смановтың: «Оқушыларды ойлау операцияларына жетелеу,
нәтижеге бағытталған іс-әрекеттер жасау тікелей талдаумен байланысты. 
Осыдан талдаудың әдістемелік жүйесін бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным 
талаптарына сәйкес жетілдіру қажет екені туындайды. Сол себепті, мәселені 
тиімді шешу, талдаудың ұтымды да оңтайлы жаңа жолдарын табу – міндет. 
Сонда мұғалім шәкірттерін шығарма әлеміне енгізуде, талдауға ізденушілік 


61 
бағыт, бағдар бере отырып пән мақсатына жетуге мүмкіндік алады» - деген 
пікірінен білім алушылардың игеруге тиісті материалды тек қарапайым үлгідегі 
ақпарат ретінде қабылдап қана қоймай, сол турасында ой түйе білуі мен 
пайымдауы нәтижелі мақсатқа жетудің бір тетігі ретінде тануға болады» [102, 
17-18 бб.]. 
Тілдегі омонимдік құбылыстарды оқытудағы логика-философиялық 
аспектілердің негізінде оқушы тілдік бірліктерді ойлау үдерісімен үнемі 
бірлікте ұстауға мүмкіндік алады. Соның нәтижесінде оқушының философия, 
психология, 
әлеуметтану, 
кибернетика, 
жоғары 
жүйке 
қызметінің 
физиологиясы және басқа ғылымдар туралы да базалық білімі қалыптасады. 
Жалпы ғылымдағы «логика – философиялық нормативтік саласы; Логика соңғы 
нәтижемен емес тек пайымдау үдерісімен ғана айналысады» [103] – деген 
анықтама беріледі. Әдістеме ғылымында логика мен философияны бірлестікте 
қарастыру мәселесі бұрыннан жолға қойылғандығы белгілі. Мұнда философия 
ғылымы тұтастай ойлау мазмұнына басшылық жасау арқылы, оқушылардың 
ақиқат әлем мен тілдік бірліктерге қатысты көзқарасын, олардың танымдық 
әрекеттері мен әлеуетін зерттейді. Демек, омонимдік бірліктерді оқытудағы 
логика ғылымын ойлаудың құрылымы мен қызметтерін, омонимдердің 
құрамдас элементтері яғни түрлі формалары туралы философиялық ғылым деп 
бағалауға болады. Омонимдік құбылыстарды оқытудағы логика мен 
философияны тілмен байланысты категория ретінде бағалап, білім берудегі тіл 
мен ойлаудың байланысын жүзеге асыратын тетік деп санау қажет. Ғылымдағы 
логика да, философияда да ойлауды зерттеу нысанынына алып, тілмен 
сабақтастықта қарастыруын заңдылық деп тануға болады. Логикадағы ойлау 
формасы деп, ой құрылымы мен ойлау элементтерінің қатынасын атауға 
болады. Білім алушылар омонимдік құбылыстарды меңгеру барысында бір 
формада әрі бірегей түрде ойлайды. Мұндағы ойлаудың негізгі формаларына 
ұғым, пайымдау, саралау, түйсіну, тұжырымдау секілді категорияларды 
жатқызуға болады.
Омонимдік құбылыстарды оқытудағы логика-философиялық негізіне: жаңа 
білім философиясы; тіл мен қоғамдық орта туралы түсініктер (білім 
психологиясы, әлеуметтану, т.б.), тілдік тәжірибе теориясы жатады. Яғни, 
логика-философиялық категориялар: ұғым, пайым, тұжырым, танымдық 
әрекеттер бeлгiлi бip тілдік жүйеде көрініс табады. Тiл мен танымдық 
семантиканың нәтижeлepiн күнделікті тұрмыста тұтыну арқылы, алған білімді 
өндірісте іске асыруды қамтамасыз eтeдi.
Тілдегі омоним құбылысын оқытудағы логика-философиялық аспектідегі 
негіздеудің үлгісін төмендегі сурет арқылы көрсетуге болады (Сурет 1). 


62 
Сурет 1 – Омоним құбылысын оқытудағы логика-философиялық аспект 
Сонымен, ғалымдардың еңбектері мен келтірілген тұжырымдарды саралай 
келе, омонимдік құбылыстарды оқытудағы логикалық-философиялық 
мәнділіктердің негізінде оқушы: лингвистикалық білім қорын жетілдіріп, 
айырым белгілерді анықтай алады. Омонимдік категорияларды оқыту 
барысында білім алушының логикалық пайымдауы ұшталып, философиялық 
тұжырымдауы толысады. 
Жоғарыдағы мәселелерге сүйене отырып, жұмысымыздың мақсаты мен 
өзіндік ерекшелігіне байланысты омонимдік құбылыстарды оқытудың 
логикалық-философиялық заңдылықтарын көрсету үшін мынадай принциптерді 
ұсынамыз:
1. Омонимдік бірліктердің семантикалық табиғатын түсіндіруде 
лингвистикалық заңдылықтарды сұрыптау; 
2. Омонимдік құбылыстардың ой тудыру мен ассоциациялаудағы 
әрекеттестігін ескеру;
3. Омонимдік категориялардың логика-философиялық мүмкіндігін назарда 
ұстау; 
4. Омонимдердің мәнмәтіндегі қолданысы мен семантикалық мазмұнын 
білу; 
5. Омонимия құбылысының танымдық әрекет үдерісіне тәуелді 
тілтанымдық құбылыс екендігін көрсету [104, 63 б.]. 
Қорыта келгенде, жалпы білім беру жүйесінде, лексикалық бірліктердің 
бірі – омонимдік құбылыстарды оқыту барысында логикалық және 
философиялық 
категорияларға 
сүйену 
білім 
алушыға 
омонимдік 
БІЛІМ 
Логикалық 
білім 
Философия
лық білім 
Лингвистик
алық білім 
Ой құзіреті 
Пайымдау 
құзіреті 
Тілдік 
құзірет 
Омонимия 
құбылысы 


63 
құбылыстарды, омонимдердің когнитивті-семантикалық құрылымын терең 
меңгертудің бірден-бір жолы, әдісі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет