Карбозова булбул давлетханкызы


Жеке тұлғаға талап пен сыйластықтың бірлігі, ізгілік пен сенім



Pdf көрінісі
бет61/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Жеке тұлғаға талап пен сыйластықтың бірлігі, ізгілік пен сенім 
ұстанымы. 
Тілді оқыту барысында тұлғааралық қарым-қатынастың теңдігі 
студенттің білім алудағы өзіне деген сенімін, ішкі мотивациясын көтереді. 
Педагогтің бойындағы кәсіби деструкцияның педагогикалық агрессия, 
өктемдік, қыр көрсетушілік, дидактикалық, педагогикалық догматизм 
(ойлаудың таптаурындығы), педагогикалық консерватизм сияқты түрлерінен 
өзін аулақ ұстауы студенттің тұлғалық болмыс еркіндігіне әсер етеді.
5.
Танымдық, көркемдік-эстетикалық талғам ұстанымы.
Студенттің 
оқу-тұрмыстық аясында және сабақ мазмұны арқылы танымдық, көркемдік-
эстетикалық 
құндылықтарды 
қалыптастыруды 
көздейді. 
Омонимдік 
құбылыстарды оқытуда омонимдік бірліктердің тілдік қолданысы мен 
мағыналық өрісінен білім алушының күнделікті өмірдегі сұранысына қажетті 
мәнмәтінді пайдалануы арқылы әлем болмысын тануға мүмкіндік тудырады. 
Бұл ұстаным бойынша білім алушының өміріндегі белсенділігі мен таным 
әрекеттерінің жүзеге асуына қолайлы жағдай туғызу қажет. Омонимдік 
құбылыстарды оқытуда ақиқат әлеммен, әлеуметтік орта мен тұрмыстық өмірді 


84 
сабақтастықта қарастыру арқылы білім алушының шынайы өмірге деген 
қызығушылығын арттырып, пәнге деген ықыласы күшейеді. Білім 
алушылардың омонимдік құбылыстар арқылы таным-қабілетін арттырып, 
өзіндік көзқарасын, ойлау мәнерін, сөйлеу әдебін, шығармашылық әлеуетін 
күшейтудің нәтижесінде, адамгершілік, имандылық, тазалық, төзімділік секілді 
құндылықтардың қалыптасуына жол ашады.
6. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет