«Галактика сақшылары» көркем фильміндегі сленгтердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері. Жұмысымыздың мақсаты:«Галактика сақшылары»



Дата28.01.2018
өлшемі119,02 Kb.
#35118
Балабекова Ж.Е., Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, шетел тілдер факультеті, КАФ-41, студент.

(Ғылыми жетекші - оқытушы, Ашимханова С.З.)
«Галактика сақшылары» көркем фильміндегі сленгтердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері.
Жұмысымыздың мақсаты:«Галактика сақшылары» көркем фильміндегі сленгтерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктерін анықтау.

Жұмысымыздың өзектілігі – ағылшын тіліндегі көркем фильмдердегі сленгтерді бірден түп нұсқадан қазақ тіліне аудару сапасының төмендігінен қазақша дубляждалған фильмдерге деген қызығушылықтың жоқтығы немесе төмендігі мәселесінің қозғалуы.

Жұмысымыздың жаңашылдығы – «Галактика сақшылары» көркем фильміндегі сленгтерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктерінің осы күнге дейін әлі мүлдем зерттелмегендігі.

Жұмысымыздың нысаны – тіл біліміндегі сленг сөздер.

Ғасырлар бойы зерттеушілердің әдеби емес сөздікқорға, әсіресе ерекше болып табылатын сленгтерге деген қызығушылықтары арта түсті. Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады: сленг әрқашан өзінің метафорлық сипатымен, айқындылығымен, бейдәстүрлі атауымен ерекше. Жазушылар сленгті өз шығармаларында стилистикалық мақсаттарын (кейіпкерлер сөзіне бір жаңашылдық мән беру үшін, сөйлеу мәнерінің ерекшелігі үшін, белгілі бір адам көңіл-күйін дәлме-дәл оқырманға жеткізу үшін, нақтылық, экпрессивтілік, қысқа да нүсқа түрде ойды жеткізу үшін) іске асыру үшін жиі қолданады. Сленг сөздікқордағы даяр сөз орамы мен клишеден де арылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сленг дамып келе жатқан табиғи тілдің ажырамас бір бөлігі болып, тілдің тек әдеби түріне тән кодтау (сөздерді құпиялау) тәсілінің нәтижесінде пайда болады. Сленгттерді қолдана отырып, сөз саптай алу қабілетіне ерекше көңіл бөлінеді, себебі күнделікті өмірде біз күнде бір жаңа сөзді сөздікқорымызға енгіземіз. Қазіргі таңда, ғаламтор әдеби емес сөздікқордың дамуында маңызды рөл атқарады, атап айтқанда, сленгтердің кең қолдану аясы – әлеуметтік желілер.

Сленгтерді әртүрлі мәтін стилінде қолдану жайында ғылымда айтылған нақты шешім жоқ. Осы себептен сленгтерді бірнеше тіл материалы бойынша зерттеу қажеттілігі туады десе болады. Біздің жағдайымызда, сленгтерді ағылшын және қазақ тілдерінде салыстыра-сабақтасыра зерттеу. Сленгтерді меңгерудің осы түрі тілдерді оқушы адамдардың құзыреттілігін арттыруға, тіл мәдениетін қөркейтуге, тілдікқарым-қатынастың әр түрлі аясында тілдік құралдарды дұрыс пайдалануға, аударма ісінің тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Жалпы берілген жобада жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын уландырып баратын кезде, өзге елден сөздер алып, сөздікқорымызды байытсақ та, өз тілімізді шұбарлатуға жол бермейтін аудару тәсілдерін қарастырдық. Сонымен қатар қазақ жастары қазақ фильмдеріне аса қызығушылық танытпайды, көбіне шетел фильмдерін ағылшын немесе орыс тілінде тамашалайды. Оның басты себебі - аударма кезінде көптеген сленгтер дұрыс жолмен аударылмаған. Сленгтер өзінің басты ерекшелігін және өзіне ғана тән бояуын жоғалтқан, сондықтан жұмыс барысында барлық бүге-шүгелерге мән беруге, себебі қазақ және ағылшын тілін қатарластырсақ, онда тек тілді емес, тіл өмір сүретін ортаның ерекшеліктерін, рухани байлықтарын, мәдени арақатынасты бәрін ескеруге тырыстық.

Сленгтермен жұмыс жасауды бастамай жатып, «Cленг деген не ?» деген сұраққа жауап беріп алу керек.«Америка сленг сөздігінің» авторларының бірі Стюарт Б. Флекснер мынандай мәліметтер келтіреді. Оның айтуынша, әрбір американдықтың сөздік қорында шамамен 10000-20000 сөз бар. Оның 2000 сөзі сленг қатарына жатады. Яғни сленг жалпы лексика қорының 10-20 пайызын құрайды.Бірақ Стюарт Б. Флекснердің пайымдауынша, бұл лексика қоры әрбір американдыққа толығымен белгілі болса да, күнделікті сөйлеу тәжірибесінде толығымен қолданылмайды. Ғалымдардың есептеуінше АҚШ-та ағылшын тілінің сөздік қорында 10000 сленг сөзі бар, ал оның басқа бір түрлеріне 35000 сөз жатады: олар – кәсіби сленг, жаргонизмдер, арго, қанатты сөздер [1,5].

Сленг табиғаты оның үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Көптеген сленг сөздері салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүрмейді және егер олар тілде тұрақталса, яғни сленг қатарынан жалпы ауызекі тіл лексикасына өтіп кетсе, қолданыстан түсіп қалады. Сленг сөздері 16-шы ғасырдан бастап өмір сүреді деген қорытынды шығарамыз.

Сленг – өмір белгісі, тілдің жаңаруы мен дамуының айқын көрінісі. Американдық лингвист С.И.Хаякава сленгті күнделікті өмірдің поэзиясына теңеген. Ф.Дж.Уилстэк сленгтен тілдің концентрленген өмірлік күшін байқаған. Сленгтердің тез жойылу мүмкіндігінің себебі тілдің субстандартты қалпы тілдің стандартты қалпына қарағанда динамикалық болып табылатындығында. Әдеби тілде ұқсас үрдістер: сөздікқор жаңаруы, жарты сөздер пассивті лексика құрамына өтеді, келесі жартысы белсенді сөздікқорға еніп, жаңа сөздер, сәнді, заман талабына сай сөздер пайда болып, бір-бірін әрқашан алмастырып отырады Кей кезде сленг хабарсыздарға беймәлім нәрсе ететін құрал ретінде қаралса, енді бір кезде бір адамды белгілі бір қоғам тобына жатқызуға мүмкіндік беретін көрсеткіш ретінде саналады. Қазіргі заманғы шетел тіл білімінде сленг деп сынамалауға ұшырамаған, белгілі бір класс адамдарына тән тілдік нормамен бекітілген ауызекі сөйлеу тілін түсінеді, бұл тіл еш ортақ мойындауға ұшырамаған, дұрыс емес, дөрекі, әрі тілді тірі, жарқын қылдыратын нормасы жоқ ауызекі сөйлеу тіл ретінде түсіндіріледі. Кейбір лингвисттер сленгті тілтанудағы психологиялық бағыт деп таниды. О.Есперсен болса, «Сленг өзінің шығу тегімен қоғамдағы орнатылған сөйлеу мәнерінен ерекшеленуге бағытталып қолданылатын сөйлеудің формасы», - деген тұжырым жасаған [4,59]. Сонымен, жоғарыда айтылғанның бәрін сараптай отырып, «Сленг» ұғымына мынадай анықтамалар беруге болады:

1) Сленг - ерекше тарихи түрде қалыптасқан және жоғары не төмен деңгейдегі сөйлеушілердің барлық сатысына ортақ тілдік норманың нұсқасы болып табылады;

2) Сленг - бұл лексикалық құбылыс;

3) Сленг - бұл әдеби емес лексика, яғни қазіргі әдеби норманың талаптарына сай әдеби ағылшын тіліне жатпайды;

4) Сленг - бұл ең алдымен ауызекі тілде пайда болатын және қолданылатын лексика;

5) Сленг - эмоционалды бояуға ие лексика;

6) Сленг - басым көпшілік сөз бен сөз тіркестерінің біршама айқын көрсетілген дөрекі мәнерімен сипатталатын сөздер тобы.
Кейбір зерттеушілер жаргонды сленгпен байланыстыра қарайды.Алайда сленг ерекше лексика, қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым-қатынастарынан туындайтын сөздер деп көрсетеді. Сленгті қолдану себептерін келесідей ұсынуға болады:

-әсер қалдыру үшін;

-өзіне сенімділік сезімін беру;

-жаңа, өзгеше болу;

-басқа біреу түсінбеу үшін;

-әзіл ретінде;

-белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін;

-тілдік қорды байыту үшін.



Сленгтер өз алдына жеке лексикалық құбылыс болғандықтан, ол өз ішінде бірнеше түрге ажыратылады [5,80].Сленгтер түрлерін келесі кестелерде ұсынамыз:
Ізденіс нәтижесінде арнайы сленгтер өз ішінде бірнеше түрлерге бөлінетіндігін анықтадық.

1. Компьютерлік сленгтер. Сленгтің осы түрі компьютермен жұмыс істеуші мамандардың арасында және компьютерді қолданушы өзге де 8 жастан 25 жас аралығындағы адамдардың қолданатын сөздікқорының құраушы элементі. Мысалы: винчестер – винт, пернетақта – перне, оперативті жад – оперка, оперативка. Қазақ тілінде компьютерлік сленгтерді аударуда біраз қиындық туғандықтан, көп сөздерді англицизм ретінде қалдырса керек.

2. Футбол ойнаушылардың сленгі – қазіргі кезде әлі зерттеліп келе жатқан сленг түрі болып табылады. Футболды сүйіп ойнаушылардың сөздікқорын футбол ойнамайтын жай адамдарға түсіну немесе дұрыс түсіну қиындық туғызары анық. Футболшылардың сөздікқорында барлық сөздер футбол ойыны үрдісіндегі қолданылатын сөздер болып келеді. Футбол ойнаушыларының сленгінің пайда болғандағы мақсаты – жанкүйер- қозғалыстарды өзге әлемнен ерекшелеп, «өзіміздікілер» мен «бөтендер» деп қоғамды ажырату. Футбол ойнаушылардың сөздікқорындағы сөздердің көбі дала тілі деп аталатын, жаргонды көп қолдануымен ерекшеленетін сөйлеу түрінен алынған. Мысалы: тренька – жаттығу, тұздау – доппен қатты тебу, фас – допқа жабылу немесе қағып алу, фан – жанкүйер.

3. Есірткі құмар адамдардың сленгі. Бұл сленгтер қатарына, жастар аясында қолнанылып жүрген «шегіп алу немесе қатып алу», «кайф», «баш» және т.б. жатады. Есірткі құмар адамдардың сленгінің шығуының басты себебі – есірткі қолданушылардың санының көбейіп, өздерінше бір субмәдениет құруына қажеттіліктің туындауы. Ең өкініштісі – осы сленгті дамытушылар болып есірткімен санасы уланған, ағзасы есірткіге тәуелді болып қалған жастар қауымы екенінде. Кейіннен бұл сленгтер музыка, кино әлемінде де қолданыс тапты [6].



4. Жастар сленгі. Жастар арасындағы сленг-ресми жүйеге қарсы және үлкендер қауымынан жасырыну мақсатында қолданылатын 12 жаспен 22 жас аралығындағы социолект. Жастар арасындағы слентер дөрекі-тұрпайы сипатымен ерекшеленеді, мысалы: сорлы, нақұрыс, милау, сілімтік т.б. Мысалы: базар жоқ – сөз жоқ, базар бар ма? – әңгіме бар ма?, сындыру – көндіру т.б. Өзге сленг түрлерінен басты айырмашылығы – өзгеріске тез ұшырауға бейімділігінде. Бұл өзгеріс келер буын мен ұрпақ ауысуына және заман өзгерісіне тәуелді десе де болады [7,256].

«Галактика сақшылары» – «Көліктер-2 (2011ж.)», «Қара киімділер-3 (2012ж.)», «Жаңа Өрмекші адам (2012ж.)», «МонстрларУниверситеті (2013ж.)», «Жалғыз рейнджер (2013ж.)», «Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат (2014ж).», «Малефисента (2014ж.)» фильмдерінен кейінгі қазақ тілінде дубляждалған 8-ші шытырман оқиға мен комедия жанрына жататын фильм, бұл фильм «Болашақ» қауымдастық бірлестігімен дубляждалған фильм. Фильмді қазақ тіліне дубляждау үрдісіне 20 актер ат салысқан. Қазақ тіліндегі дубляждалған нұсқаның режиссері болып Тимур Балымбетов саналады. Тимур Балымбетов: «Біз бұл фильмді ағылшын тілінен бірден қазақ тіліне аудардық. Бұл өте ауыр жұмыс болды деп айта алмаймын. Бірақ бұл өзіндік ерекшелікке ие, яки ол жастар комедиясы. Фильмде көбінесе сленгтер қолданылған, ал олардың қазақша баламасын табу оңайға түспеді. Бірақ біз беріспей, көп жұмыс жасадық, көбіне сленгтерге көңіл бөлдік. Сленгтерді әзіл-қалжың түрінде де ұсындық, жалпы көрерменнің көңілінен шығуға тырыстық», - деген ойын білдірді [8].

«Галактика сақшылары» фильмінде, біздің есебімізше, 104 сленг қолданылған. Бұл басқа дубляжданған фильмдерге қарағанда 2-3 есе көп. Өкінішке орай, фильмнің қазақша дубляжданған нұсқасына аса көп сұраныс жоқ. Егер өзге тілдегі дубляждармен салыстырсақ, орыс тіліндегі осы фильмнің дубляжы кино әлеміндегі сыншылардың 91% -ның. оң көзқарасына ие болды. Ал қазақ тілінде дубляжданған «Галактика сақшылары» фильмін бары 8008 адам тамашалап, соның ішінде 3 адам ғана өз пікірін білдірген. Жан ауыртатын жайт – осы жазылған пікірлердің теріс екендігінде, көбінің айтуы бойынша фильм қызықсыз аударылған және эмоциялары дұрыс берілмеген. «Галактика сақшылары» фильмі 80 % сленгтерден құралғандықтан, аударма табысы тікелей сленгтердің аудармасының сәттілігіне байланысты болды. Демек,сленгтердің қазақ тіліне дәлме-дәл немесе баламалап аудару – көп уақытты, тәжірибені қажет ететін іс болғанымен тіліміздің сөздікқорын байыту және қазақ кино әлемін дамыту үшін қажет нәрсе.Біз берілген көркем фильмді ағылшын тілінде де және қазақ тілінде де тамашалап, сленгтердің бірнеше мысалын келтірдік:

«Hey, we had a deal bro!

«Bro» сленгініңаудармасы берілмеген. Ұсынылатын аударма –«Достым!».Мультитран сөздігіне жүгінсе, «брателло», «братуха», «братан», «брательничек» деген аудармалары ұсынылған. Достар арасында,туыстық қатынасы жоқ адамдар арасында «Достым» деген нұсқасының қолданылуы жөн келеді

«Some machine headed freak, working for dude named Ronan.»

«Some machine headed freak»сленгі «Үстіне темір жабыстырып алған біреу» деп тура аударылса керек.«Freak» сөзі бейресми деген мағына береді, ал сленг ретіндегі мағынасы - «Қортық, жаман, бейшара, жетесіз», сондықтан оны тек қана «Біреу» деп аудара салуға болмайды. Сленгтік тіркестің негізгі берер мағынасы – автоматпен басқарылатын қортық. Ұсынылатын аударма – «Робот тәріздес қортық».

«I have a plan. Not helping.»

«Not helping» сленгі дубляжда «Көмектеспеңдер» деп аударылған.Дубляждағы нұсқа мен түпнұсқа екеуі мүлде екі бөлек нәрсе. «Қыстырылмаңдар» деген аударма орынды болар, себебі дубляж аудармасының дұрыс еместігін сюжетіндегі субтитр ретінен де байқауға болады.

«Yeah, I will have to agree with the walking thesaurus»

«Walking thesaurus»сленгі дубляждағы аудармасы –«Ақылгөй». Ағылшын анықтамалық сөздігіне сүйенсек,«thesaurus» дегеніміз кез келген тілдегі сөздіктер немесе энциклопедия және де анықтамалық кітапшалар. «Ақылгөй». аудармасы тым сыпайы және әдеби түрде берілген. Ұсынылатын аударма – «Білгішбай».

«What the hell ?»


Мультитран сөздігіне және сленгтер сөздігіне сай «Нell» сөзі:1) табу сөз ретінде түрме; 2) ауызекі сөйлеуде қолданып жүретін кездегі балағаттаушылық; 3) жаргон ретінде «Сайтан алғыр» немесе «Сайтан» деп аударылған.Бірақ фильм сюжетіне сай дубляждағы нұсқа ең орынды болып табылады.сленгіне «Мынау не нәрсе?» деген аударма берілген. Ұсынылатын аударма – «Бұл не пәле?»

«Okay humie how bad does someone wanna find you?».

«Humie» сленгі мүлде аударылмаған. «Humie» сөзі ер адамдарға қатысты қолданылатын қаратпа сөз болып табылады. Сөйлесіп тұрған адам атын білмегенде жай ғана «Humie» деп айтуға болады. Ұсынылып отырған аударма – «Жігітім».

Қорытындыласақ, біріншіден, көптеген сленг сөздері мен сөйлемшелерінің дөрекі эмоционалдық бояуы бір-бірінен өзгеше реңктермен ерекшеленеді (әзілқой, келекелі, мысқылды, менсінбеген, кеміткен, елемеген, дөрекі және тіпті өрескел). Екіншіден, кезкелген тілдің лексикасы әдеби және бейәдеби болып екіге бөлінетінін атап өттік және осы бейәдеби тілге жастардың жаргондары мен сленгтері жатады. Сленг – белгілі бір ортада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздер деп қарай алар едім. Сленгтерді қазақ тіліне аудару – қазақ тілінің дамуына тікелей үлес қосатын, бірақ сонымен қатар үлкен жауапкершілікті және зор еңбекті талап ететін үрдіс екені анық. Ресми сөздікқордағы сөздерді аударғанннан гөрі бейресми сөздер қатарын аудару қиындық туғызады. Ағылшын сленгтерін аудару кезінде көп нәрсеге мән беру керек екені мәлім. Мысалға, көп сленгтер тым дөрекі әрі ерсіз болып берілуі көп жағдайда кездесті десе болады.Сондай жағдайларда дубляждағы аудармамен келіспей, өз аудармамызды ұсындық. Онлайн сленгтер сөздігі және мультитран сөздігіне сүйене отырып, өз нұсқаларымызды да тексердік. Жұмыс барысында көбіне лингвинсттердің теориялық еңбектеріне сүйене отырып, аударма түрін ұсындық. Сонымен қатар, «Сленг» терминінің шығу тегін, даму кезеңдерін көрсетіп, қазіргі заманғы ағылшын сленгтерінің басты сипаттарын ажыраттық. Сленгтерді қазақ тіліне аудару – аса күрделі де, қызықты жұмыс десе болады. Сленгтерді қазақ тілімізге аудару – қазақ тілінің дамуының белгісі. «Галактика сақшылары» секілді көркем фильмдерді түп нұсқадан бірден қазақ тіліне аудару - қазақ кинемотографиясының өркендеуінің белгісі. Демек, сленгтерді сапалы аудару мәселесіне көбірек назар аударған жөн. Өз тарапымыздан болашақта сленгтерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезіндегі болуы мүмкін қиындықтарды шешудің екі шешімін ұсынып отырмыз: 1) ағылшын – қазақ тілінде сленгтер сөздігін құрастыру (кітапша және де электрондық нұсқасында); 2) тілге қатысты кітаптарда сленгтерге арналған тарау көлемін ұлғайтып, барынша сленг жайлы көп ақпаратпен қамтамасыз ету.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Стюарт Б. Флекснер. «Словарь американского сленга» - 5 б.

2.Корней Чуковский.“Живой как жизнь”.5 тарау - 329 б.

3. «Ask a Linguist» журнал - 6-8 с.

4.Jespersen O., «Mankind, nation and individual from a linguistic point of view», Bloomington,1964 – 59 с.

5. Арнольд И.В., Стилистика. Современный английский язык. ... Под выдвижением И.В. язык Учебник. 4-е изд., испр. и доп. М. Флинта, Наука, 2002 - – 80

6.Ломтев, А. Г., Корпоративный жаргон лиц, потребляющих наркотики. teneta.ru. Проверено

22 марта 2008.Архивировано из первоисточника 22 августа,2011.



7.Никитина Т. Г., Толковый словарь молодёжного сленга. — АСТ, Астрель, Хранитель, 2007. — 256 с. —10 000 экз. — ISBN 5-17-022262-9, ISBN 5-271-08297-0, ISBN 5-9762-2082-7.

8.http://tengrinews.kz/cinema/dublyaj-filma-straji-galaktiki-kazahskiy-yazyik-oboshelsya-259532/
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет