131
Филологиялық мамандықтағы студенттердің омонимдік бірліктердің
когнитивтік семантикасы бойынша нақты білімдері мен біліктері деңгейлерін
анықтау және жалпы институттағы білім алушылардың білім деңгейлерін
анықтау, бақылау мақсатында сауал-сұрақ жүргізілді. Анықтау эксперименті
барысындағы жұмыс түрлерінің тәртібі бойынша студенттерге арнайы
жасалған анкеталық сауалдар қойылды; алдын ала таратылған сауал-сұрақтар
арқылы студенттердің омонимдік бірліктерге қатысты жинақтаған білімдері
негізінде өздік жұмыстың қажеттілігі анықталды; сауал-сұрақ нәтижелеріне
талдау жасалды; тәжірибелік оқытуға материалдар дайындалды. Атап айтқанда,
экспериментке 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ІҮ
оқу семестріндегі білім алушылар алынды. Сынақталатын білім алушылардың
топтары бақылау және эсперименттік оқу топтары ретінде құрылымдалды.
Экперименттің анықтау кезеңінде бақылаушы және эксперименттік
топтармен жұмыс олардың омонимдік бірліктер және олармен шектесетін
лингвистикалық білімдерін тексеру мақсатындағы жүргізілген сауалнама мен
тест тапсырмаларының нәтижелерін жинаудан басталды. Мұндағы басты
мақсат білім алушылардың экспериментке дейінгі білім деңгейлерін саралау,
қызығушылықтарын анықтау болды. Анықтау кезеңіндегі жұмыс нәтижелері
бақылау және эксперименттік топтағы білім алушылардың зерттеу
тақырыбымен байланысты экспериментке дейінгі білім деңгейлерінің шамалас
екендігін көрсетті. Тест нәтижелері бойынша аталған топтардағы омонимдік
бірліктермен байланысты білім деңгейі төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: