134
Дәрістерде диалогтік сөйлесім қағидасына сәйкес, белгілі бір әдістемелік
тәсілдер оқытушы мен білім алушы арасындағы диалогтық қарым-қатынастың
белсенді орын алуына жағдай туғызды. Дәріс сабақтарындағы проблемалық
дәріс қағидасының мәні – оқытушының оқу материалын баяндау барысында
проблемалық жағдаят туғызып, оны шешуге студенттерді атсалыстыруында.
Мәселеде айқындалған қарама-қайшылықтарды, ақпараттарды талдау арқылы
білім алушылар дәстүрлі жүйеде оқытушы тарапынан айтылатын түйінді өздері
айтады, қорытындыны өздері шығарады. Эсперименттік сабақтар барысында
жоғарыда баяндалған дәстүрлі емес дәріс сабақтарының қағидаттарын
басшылыққа ала отырып, омонимдік бірліктердің когнитивтік семантикасын
меңгертуде олардың жасалым жолдарымен байланысты өрбіген дәрісте
студенттермен шығармашылық, диалогтік қарым-қатынас орнатылып,
төмендегідей проблемалық сұрақтар айқындалды:
1.
Көпмағыналы сөздердің семантикалық дамуы мен омонимге айналу
дәрежесі;
2.
Омонимдік бірліктердің жасалымындағы грамматикалық формалардың
орны мен маңызы;
3.
Омонимдердің жасалуындағы сөз мағынасы мен формасы;
4.
Омонимдер және аймақтық лексика.
Осы мазмұндағы мәселелер бойынша студенттерге жетекші сұрақтар бере
отырып, олардың шешім, қорытынды шығаруына жол ашылды.
Эксперименттік сабақтар барысының ауқымды бөлігі семинарларда
жүргізілді. Семинар сабақтар жоғарыдағы тарауларда айтылып өткен
нәтижелерге бағытталды, яғни пән мазмұнын игертумен байланысты семинар
сабақтарындағы мақсаттар төмендегідей болып белгіленді:
1.
Студенттің білім алудағы «жақын арадағы даму аймағын»
қалыптастыру;
2.
Студенттердің сыни-аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру;
3.
АКТ құралдарының көмегімен қажетті ақпаратты табу, саралау
дағдыларын, білім көздерін тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
4.
Студенттердің бойында сөйлеу мәдениеті мен ұжымдық қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру;
5.
Топтық, жұптық жұмыстарда студенттің тұлғалық мәдениеті мен
білімдарлығын, көшбасшылығын қалыптастыру.
Омонимдік бірліктердің когнитивтік семантикасын меңгерту барысында
семинар сабақтарының жоғарыдағы мақсаттарын орындау үшін тапсырмалар
ұсынылды. Эксперимент барысында пайдаланылған және бақылау нәтижесінің
тиімділігіне бағытталған тапсырмалардың топтамасын жинақтап төмендегідей
көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: