64
психофизиологиялық ерекшелігімен тығыз бірлікте қарастыруды қажет етеді.
«Сөз психологиясын, сөз тудыру механизмдерін зерттеп білу, адам психо-
физиологиясы
функциясының
дамуы
(П.П.Блонский,
Б.Г.Ананьев,
С.Л.Рубинштейн, Н.И.Жинкин, және т.б.) аталған ұғымдардың әдістеме
ғылымының дамуына тиімді
әсерін тигізіп қана қоймай, «әдістемені»
психологияның меншігіне жүктеді (В.А.Артемов, Г.В.Репкин, Б.А.Бенедиктов,
Г.В.Карпов)» [106, 14 б.]. Психология ғылымы адамның түрлі әрекеттері
мотивациясын, рухани ерекшеліктерін, ойлауы мен сөйлесім қызметтеріндегі
психологиялық ерекшеліктерін және зейін мен ес, түйсік пен қабылдау,
психофизиологиясындағы темпераменттік
ерекшеліктерін және тағы да
басқаларды қарастырады.
Әдістеме ғылымында жалпы тілді және жекелеген тілдік бірліктерді
оқытудағы психологияның мәні мен маңызына өткен ғасырдан бастап назар
аударыла бастады. Басқаша айтсақ, тілдерді оқытуды психологиялық тұрғыдан
негіздеуге ХХ ғасырдың басында назар аударылып, психология ғылымында
педагогика психологиясы деп аталатын сала қалыптасты.
Ғылым салалары ретіндегі тіл мен психология өз зерттеу нысандарының
ортақтығымен ерекшеленеді. Лингвистика үшін қажетті нысан – тіл – адамның
(тіл иесінің)
анатомиялық, физиологиялық, психикалық тұрғыдан жетілуін
керек етсе, психология өз нысандарының зерттелімдік белгі-сипаттарын сөйлеу
тілі сияқты екіншілік белгілер (психолингвистикалық белгілер) арқылы таниды.
Баланың психофизиологиялық даму деңгейі тіл арқылы көрінеді, әрі тіл арқылы
дамиды. Осылайша тіл «ішкі сырды шығаратын құралға» айналады [107, 38 б.].
Өз тұжырымдарын тілдік бірліктер мен құрылымдар арқылы танытып
отыратын психология ғылымы мен оның салаларында тұлғаның әрекеті мен
әрекетке дейінгі психологиялық сипаты, даму сипаты тіл арқылы талданады.
«Психология мен тіл білімдерінің тікелей байланыстары бар.
Бұл байланыс
сөйлеудің қалыптасуы, оның ойлаумен өзара қатынасы, мәдениетті игеруде
тілдің рөлі сияқты көптеген мәселелерді қарастырумен анықталады» [108, 22
б.].
Тілдік бірліктерді психологиялық жағынан игеру барысында тіл арқылы
ойды жеткізу, қабылдау, айту және жазу құбылыстары – өзара үйлесімді қажет
ететін категориялар. Психология ғылымы бүгінгі күні әлемдік және отандық
ғылымда
жан-жақты зерттеліп, дамыған ғылым салаларының бірі деп білеміз.
Оқытудың
психологиялық
мәселелері
Л.С.Выготский,
А.Н.Леонтьев,
Н.А.Жинкин, И.А.Зимняя, Б.Б.Беляев, П.Я.Галперин, А.С.Лурия, Л.И.Божович,
С.А.Рубинштейн, Н.И.Жанкин, Д.Б.Эльконин, А.А.Варбицкий, В.А.Крутецкий,
А.А.Люблинская, Қ.Б.Жарықбаев, К.Оразбекова, М.Мұқанов, Ә.Алдамұратов,
және т.б. ғалымдар зерттеулерінде де әрекет пен ойлау үдерісі күнделікті
қажеттіліктен яғни мотивациядан немесе жаңа затты, нәрсені, құбылысты тану,
түсіну керектігінен басталатыны дәйектелген. Тұлғаның, әсіресе, жоғары оқу
орнында білім алушы тұлғаның әрекет аясына түрткі болатын қажеттіліктердің
екі түрін атап өтуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: