оң веналық пульс – кері кеткен қан толқынынан мойылдырық венасының соғуы айқын білінеді - 3-жармалы қақпақша жетіспеушілігінде - - жүрек систоласымен және ұйқы артериясының соғуына сәйкес келеді;
аорта ақауында - барлық артерияларының пульсация беруі – “қан тамырлалары соғып тұрған адам”
тырнақтар – “сағат беті” тәріздес тегістеліп домбығады – оттегі жетіспеушілігіне байланысты дамиды
1. Жүрек пальпациясы – сипап тексеру
Мақсаты : Негізгі - жүрек ұшы түрткісін анықтау, яғни оның қасиеттерін сипаттау: орналасқан орны (5қ/а бұғана ортаңғы сызығынан ішке қарай 1-1,5см; ығысады солға және төмен 6-7 қ/а – сол қарынша кеңеюінде (гипертрофиясында);көлемі – қалыптыда 1-2см; -ұлғаяды – таралған - 2см > - гипертрофиясында; -кішірееді – шектелген – сол қарынша көлемі тарылғанда. биіктігі - биік, аласа – соғу күшіне байланысты; күші -күшейген, әлсіреген; соңғы екі қасиеті жүрек жиырылу күшіне байланысты және көлемінің үлкеюімен қатар жүреді;Қосымша мақсаты –дерттік жағдайда – жүрек аймағы дірілін немесе “мысық пырылы” белгісін анықтау – бұл ақаулар белгісі : диастолалық - митральды қақпақшаның тарылуы; систолалық - аорта қақпақшасының тарылуы; Себебі : тар саңлаудан қанның иіріммен өтуі.
2.Жүрек перкуссиясы – соғып тексеру Мақсаты: а) шекараларын - 3 шекара - оң, сол, жоғарғы - салыстырмалы және айқын тұйықтықта анықтау; б) қан тамырлар шоғыры енін (аорта, өкпе бағанасының кеңеюлері) анықтау. в) жүректің көлденең ені (жүрек гипертрофиясы мен кеңеюінде); г) жүрек пішінін анықтау (митральды, аортальды). Диагностикалық маңыздылығы: шекараларының өзгерулері- ығысуы – гипертрофиясында, кеңеюінде (ақауларда, қан қысымының жоғарлауында, т.б. дерттерде). Жасау әдісі тәжірибе сабағында көрсетіледі.
3. ЖҮРЕК АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ
Жүрек аускультациясының ережелері:
-шусыз, тыныштық жағдайда
-науқас жатқанда, тік тұрғанда, қажеттілігіне байланысты – жүктемеден кейін;
-дерт түріне байланысты а) сол жанында (митральды қақпақша); б) еңкейтіп (аорта қақпақша).
Жүрек аускультациясы жасаудағы іс-әрекеттерінің реттілігі
Жүрек аускультациясы. Аускультация 5 тыңдау нүктесінде жүргізіледі:
Митральды қақпақшаны тыңдау:
-жүрек ұшы түрткісін пальпация арқылы анықтау;
-сол жерді тыңдау (қалыптыда 2 тонда тыңдалады, 1 -ші тон жақсы естіледі);
Аорта қақпақшасын тыңдау
-төстің оң маңы ІІ қабырға аралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);
Өкпе бағанасы қақпақшасын тыңдау
-төстің сол маңы ІІ қабырғаралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);
3-жармалы қақпақшасын тыңдау:
-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізін табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 1-ші тон жақсы естіледі);
Аорта қақпақшасын қайта тыңдау:
-төстің сол қырына 3-4 қабырғалардың жанасқан жерін табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2 тон жақсы естіледі);
Жүректің І және ІІ тонын ажырату
І тон жүрек ұшында және 3-жармалы қақпақша нүктесінде жақсы есітіледі; ІІ тон жүрек негізінде жақсы есітіледі;
І тон төмен, ұзақ және үлкен үзілістен кейін тыңдалады;
ІІ тон биік, қысқа және кіші үзілістен кейін тыңдалады;
І тон ырғағы жүрек ұшы түрткісі мен ұйқы артериясының соғуына сәйкес келеді, ал ІІ тон ырғағы сәйкес келмейді;
І тон –систолалық, І тон – диастолалық;
І тонның 4 құрастырушысы бар, ал ІІ тонда- 2 құрастырушы дыбыс.