Сабақтың тақырыбы: Достық өлкесінің заңы



Дата28.06.2017
өлшемі30,81 Kb.
#20493
түріСабақ
Ана тілі

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.

Сабақтың мақсаты: а) Өлеңді дауыс интонациясы арқылы оқып, автордың ойын білуге, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білуге, оқығанды түсініп кейіпкердің көңіл – күйін сезініп оқи білуге үйрету, білімдерін жетілдіру.

ә) Оқушылардың өмірге деген көзқарасын шынайы достыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу.

б) Оқушылардың танымдық қызығушылығын, ой – өрісін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайдтар

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын жаңа технология: дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Амандасу рәсімі

2. Үй тапсырмасын тексеру.

- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?.

Нағыз адам мәтіннің мазмұнын сұрау



«Уақыт шеңберіне» тұрайық.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақты қорқыту.



3. Қызығушылықты ояту.

- Балалар, жаңа сабаққа кіріспес бұрын «Жұмбақ кітапшаның» сырын ашайық.


3×9 4×8
7×8 6×3


6×5 2×9


27-Д 56-О 30-С

32-Т 18-Ы 18-Қ

-Қандай сөз шықты?

-Балалар, сендер «дос», «достық» дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауабы тыңдалады) Бүгінгі сабағымыз да достыққа байланысты болады.



4. Мағыналы таныту.

«Ғаламат ақын» айдары.

Мұхтар Шаханов өз талантын алыс – жақынға түгел танытқан беделді де белді ақын, белсенді қоғам қайраткері, халық депутаты және Қазақстанның Қырғызстандағы өкілетті елшісі. Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2-шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында туған. Мектеп бітірген соң облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер болды. «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды.



Тек мына аман тұрсын, нұрлы Отаным,

Туламас көңіліңді тулатамын.

Әніммен, ала құйын жырыммен

Мен әлі құлағыңды шулатамын, - деп өзі айтқандай ақын ағамыздың өлеңдері өте көп.

Қазір ақынның «Достық өлкесінің заңы» атты өлеңімен танысамыз.



Оқулықпен жұмыс.

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.Оқушыларға оқыту.

3.Талдау.

Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы

Сауал, дүлей, тарықтық, лезде сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Туыстық атауларды сұрап кету, жаздыру.

«Жалғасын тап» ойыны.

1.Досы көпті жау алмайды,...

2.Дос жылатып айтады,...

3.100 сомың болғанша,...



«Сұрақтар» қорапшасы.

1 – Достықты қалай түсінесің?

2 – Достықтың қандай түрлері болады?

3 – Досыңның қандай болғанын тілейсің?



Топтық тапсырмалар беру.

1-топ «Достық» сөзін топтастыру.

2-топ «5 жол өлең» құрастыру

3-топ «Достық» туралы эссе жазу

Қорытындылау.

-Сонымен бүгінгі сабақта не туралы айттық?

-Досы не істеді?

-Неге айта алмады?

-Досының мінезі қандай екен?

-Бала неге мен істемедім деп өтірік айтты деп ойлайсындар?

-Әжесі неге жазалаусыз қалдырды? -Артынан неге ашуланды?

-Қалай ойлайсындар, баланың өтірік айтқаны дұрыс па?



- «Идеялар қоры»

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?



-Негізгі ой қандай болды?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет