Тез айдау мен баяу айдаудан тұрады. Айшық қақпақшалардың ашылу мезгілінен басталады.
Қарынша диастоласы
0.47 с
Ол төрт кезңнен тұрады:
Протодиастоласы
0,04 с
Жүрек еттерінің бәрі бірдей бір мезгілде босай алмайды. Топ тобымен бомайды. Қарыншаларда қан қысымы әлі де болса жоғары болады, ол біртіндеп төмендеп айшық қақпақшалар ашылған күйінде қалады.
Изометриялық босаңсу
0,08 с
Айшық қақпақшалары жабылп ал жақтаулы қақпақшалар жабық күйінде қалуы. Ет талшықтарының тұтас бір мезгілде босаңсуына байланысты реттеуі.
Қанға толу
0,25 с
Диастола кезінде қанға толуы. Жүрекше қарынша кезінде систоласы кезенінен бастап қзақуақыттұрып қанға толады.
Пресистола
0,1 с
Жүрек циклінің жаңа кезеңі бойынша жұмыс істейді. Жүрекшелер жиырылып ұарыншаға қосымша қан құйылады.
№ 3тапсырма. Электрокардиограммадағы тісшілердің пайда болу механизмдері. ЭКГ- жүрек етінің биопотенциалдарын тіркеу әдісі. Біз потенциалды жазып алу барысында оны қолға, аяққа, кеудеге қойылған электродтар арқылы электрокардиограф аспабымен жазып алуға болады. Электрокардиографпен жазып алынған қисық сызық латын алфавитінің соңғы әріптерімен белгіленген бес тістен тұрады. Олар P,Q,R,S,T болады, олардың ушеуі электр осінен жоғары, екеуі төмен қарай бағытталған болады. Негізінде жүрек етінде туған қозу, деполяризацияға тән заряд миокардтың бір жерінен екінші жеріне көшіп біртіндеп барлық ет талшықтарын қамтитын болады. Электрокардиограмма тістері миоциттер деполяризациясы мен реполяризациясына сәйкес келеді. Р тісі екі жүрекше қозған кезде туған ток жиынтығын көрсетеді. Оң және сол жүрекшеде туған токтар қосылып, жинақталмаса ЭКГ да қос Р тісі пайда болады. Q тісі екі қарыншаны бөліп тұрған перденің сол жақтағы орта бөлігінің деполяризацияланған кезінде пайда болады. R тісі қарынша пердесінің төменгі жағына және қарыншалардың ішкі бетінен сыртына қарай сол зарядтың таралуын көрсетеді. S тісі қарыншалардың түп жағындағы ет талшықтарының сол зарядталуынан пайда болады. Сонымен қатар S тісі пайда болған кезде қозу қарыншаны тұтас қамтитын болады. Т тісі қарыншалардың реполяризациясын көрсететін тісі. Q, R, S, T тістері қозудың қарныша еттеріне таралуын, одан әрі оның сөнуін көрсетеді. № 1 тапсырма. Кестені толтыру«Жүрек жұмысына ВЖЖ әсері»