Карточка №1 Аяқ сәл алшақ, қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 рет) Қолды алға созып, қайшылап қозғалту(3 рет) «Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір. Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір»


«Ертеңгілік жаттығудың бала өміріндегі орны»



бет9/9
Дата19.05.2020
өлшемі20,87 Kb.
#69546
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КАРТОЧКА

«Ертеңгілік жаттығудың бала өміріндегі орны»


Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады. Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрлерге бөлінеді: таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм. Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. 

Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан - жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бірқалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. 



Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі сабаққа даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес, біршама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды белгілі бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі 2 апта бойы қайталанады. Егер комплекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырса онда ол тәрбиешінің қалауына қарай күрделеніңкіруі мүмкін. 

А.Иманов атындағы неігзгі орта мектебі


Бекітемін:

Мектеп директоры: Г.Мұрасқалиева

« »___________________

Ертеңгілік жаттығу

жоспары

2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет