Картография


 Тақырыптық карталардың негізгі түрлері



Pdf көрінісі
бет44/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Kartografiya каз

6.4.2 Тақырыптық карталардың негізгі түрлері 
Табиғат карталары
. Геологиялық карталар аумақтың геологиялық 
құрылымының жан-жақты сипаттамасын біріктірілуін береді. Геологиялық 
карталарда жас принципі бойынша біріктірілетін тау жыныстарының 
кешені берілген. Тау жыныстары стандартты түсте сапалы фон әдісімен 
кӛрсетілген. Рельефке арналған карталар арасында, гипсометриялық және 
геоморфологиялық кӛптеп таралған. Гипсометриялық карталарда рельеф-
тің түрлері мен формалары кӛрсетілген, биіктікті нақты анықтау 
қамтамасыздандырылған. Рельеф формаларының пайда болу ерекшелік-
терін геоморфологиялық карталар кӛрсетеді. 
Климаттық карталар
берілген аумақтың климаттық ерекшеліктері 
туралы ақпараттан тұрады. Карталардың жеке тобы – климаттық аудандау 
карталары. Топырақтық карталарда әртүрлі топырақтар сапалы фон 
әдісімен белгіленген, онда индекс жазылған, кейде топырақтың штрихтық 
механикалық құрамы кӛрсетіледі. 
Әлеуметтік-географиялық және тұрғын карталары
жалпы тұрғындар 
сипаттамасынан, тұрғындар санынан, олардың орналастыру ерекшеліктері-
нен, ұлттығынан, жастық құрамынан тұрады. Бейнелеу әдістері әртүрлі, 
әдетте бұл нүктелік әдіс, ареалдар әдісі. Халықтың тығыздығы 
картограмма әдісімен, орналастыру – белгілер әдісімен беріледі. 
Саяси және саяси – әкімшілік карталар
сапалы фон әдісімен құралған 
және аумақтың мемлекеттік қатысын, әлемнің саяси құрылысын, жеке 
региондарды кӛрсетеді. 
Экономикалық карталар
шаруашылықтың ерекшеліктері мен 
жағдайын бейнелейді. Сапалы фон әдісімен құбылысты бейнелеу кезінде 
стандартты түстерді қолдану туралы ұмытпау керек. 


99 
Қорытынды 
Картографиялық ақпараттарды біз күнделікті телевизор экранында ауа-
райын болжамдау картасынан бастап аламыз. Карта – географияның 
арнайы графикалық тілі және ондағы картографияның феномені ежелгі 
ғылым қай уақытта болмасын жас кӛрінеді. Оның жастығын былай 
түсіндіруге болады, әрбір ғасырдағы адамдар карта мен географо-
картографиялық білімге құштар, оларды тұрақты түрде жетілдіріп отырған, 
яғни техника мен технологияның дамуы оған қол ұшын тигізген.
Картографиялық шығармалардың кейбіреуі маңызды және ӛнер 
шығармаларының негізгісі болып табылады. Микеланджело, Дюрер 
есімдері картаны құру мен кӛркемдеумен байланысты. Кӛптеген 
картографтар суретшілер екендігі белгілі. 
Карта бұл адамдардың бір-бірімен сӛйлесу құжаты, ол жазбадан бұрын 
пайда болған. Картографияның тарихын білу Жер туралы білімді білу 
аспектісін, яғни табиғатты кеңістіктік негізінде мәдениет пен ғылым 
ретінде кӛрсетеді. 
Картаның тілін білу, графикалық модель түрінде геобейнелермен 
жұмыс жасай білу картографиялық танымдылық шарттарында жүзеге 
асырылады. Мұндай білімдердің қолданбалы мағынасы бар, ӛйткені карта 
кеңістіктік ұйымдастырылған ақпараттар жинақтағышы және оқу құралы 
болып табылады. 
Пәнді зерттеу мен картографиялық мәдениетті меңгеру отандық және 
шетелдік жалпыгеографиялық, тақырыптық карталарды, кешендік 
атластарды, сонымен қатар, компьютерлік картографиялық бағдарламалар, 
зертханалық және ӛзіндік жұмыстар барысында қосымша ғылыми 
әдебиеттермен танысуды жан-жақты қолдануды қарастырады. 


100 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет