Картотека № 18 Қимылды ойын: «Жіп айналады» Мақсаты: балаларды бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Ойын барысы: Балаларға тәрбиеші жіпті көрсетіп, оның қалай оралатынын көрсетеді. Балаларға осыны бейнелеуді ұсынады. Барлығы қолдарынан ұстап, бірінші тұрған бала жіптің рөлін атқарады.Ол бөлменің ортасында тұрып екінші баланың қолынан ұстайды, ал ол үшіншісін ұстайды. Содан жіп пайда болады.
Тәрбиеші соңғы баланың қолынан ұстап , бірінші балаға қарай жіпке ұқсап айналады.Балалар «Жіп-жіп-жіп айналады!»- дейді.Сонан кейін жіп тарқатылғандай болып, балалар қолдарын жібермей кейін жүреді. Ойын 3-4 рет қайталанады.