Картотека № 30 Қимылды ойын: «Шар жарылды» Мақсаты: Мұрын арқылы тыныс алуын жақсарту, демнің дұрыс шығуын қадағалау. Еріннің дұрыс ырғақты беттесуін дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер
Барысы: Балалар жарты шеңберге отырады.Жүргізуші шарды үрлеуді ұсынады.Балалар шарды үрлеуі тиіс: қолдарын екі жаққа жайып және мұрын арқылы терең тыныстау, Демді ауыз арқылы шарға «ффф...» деп жібереді, шар астындағы алақандарын беттестіру. Кейін жүргізушінің шапалақ ұру бойынша шар жарылады-балалар алақандарын соғады.Шардан дыбыс шығады:балалар «шшш...»деп дыбыстайды, еріндерін алшақтатып және қолдарын тізеге қояды. Шарды 2-5 рет үрлейді.Кім ең жақсы үрледі, соған суреттер сыйға тартады.Жүргізуші демнің терең болуын, ал ойын кезінде балада ешқандай төтенше кері әсер болмауын бақылайды.