Картотека № 21 Қимылды ойын: «Әртүрлі доптарды лақтыру» Мақсаты:Иық бұлшық етін, зейінін тұрақтылығын дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар:Кішкентай және әртүрлі доптар.
Барысы:Жүргізуші еденге баланың алдына доптарды қояды, кейін оларды қалай лақтыру керектігін көрсетеді: біртүсті кішкене доптарды(мысалы, қызыл)-сол қолмен, ал басқаларын- оң қолмен. Кейін «әртүрлі доптарды лақтырамыз» деген бұйрықпен балалар доптарды лақтыруды бастайды. Жүргізуші алысқа лақтыруды және тапсырманы дұрыс орындауын бағалайды. Балалар доптарды кезек-кезекпен лақтырады.