Картотека № 5 Қимылды ойын: «Күн мен түн» Ойын мақсаты: балаларды әртүрлі қимыл-қозғалысын үйрету. Ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Ойын барысы: ұзындығы 40-60 метрлік алаңның ортасында арасы 2м параллель екі сызық сызылады. Балалар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы екі сызықтың бойына тұрады. Топтың біріне «түн», екіншісіне «күн» деп ат қояды. Тәрбиеші «күн» десе күн тобындағылар, түн тобындағыларды алаң шетіне қуып барады. Ұстап алғандарды өз тобына қосып алады. Және керісінше болып ойын жалғаса береді.
Картотека № 6 Қимылды ойын: «Қаздар мен аққулар» Ойын мақсаты: топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.
Ойын барысы: ойыншылардың ішінен қасқыр, бақташы таңдап алынады. Басқа балалар қаздар болады. Ортадан бір сызық сызылады. Ол қаздардың тұратын жері. Қсына шығыршық қойылады. Ол қасқырдың үйі болады. Бақташы қаздарды жайып шығады. Олар далада жайылып жүреді.
Бақташы: Қаздар-қаздар.
Қаздар: Га,га,га
Бақташы: Тамақ жейсіндерме?
Қаздар: Иа,иа,иа
Бақташы. Ендеше ұшыңдар!
Қаздар: Жоқ,аш қасқыр бар
Жібермейді ол жолда.
Бақташы: Тез, ұшыңдар қалайда.
Осы кезде қанаттарын қағып ұшып, бақташыға қарай жүгіреді. Қасқыр ұстағандарын шығыршықтың ішіне кіргізіп қояды. 2 рет ойнағандар ауысып, басқа балаларға кезек береді.