Картотека № 12 Қимылды ойын: «Қарлығаш» Ойын мақсаты: балалардың бойындағы зейінділік сезімталдық, ұйымшылдық, ептілік сияқты қабілеттерін дамыту.
Ойын барысы: Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойын жасырынуға болатын жерде далада өтеді. Балалар бір жерді меже етіп белгілейді. екі топтың өзінің кезегін қаламақ айтып анықтайды. Кезегін бірінші алған топ аулағырақ барып жасырынады. Екінші топ оларды іздеп келе жатып, «Қарлығаш орныңнан тұра қаш» деп үздіксіз дауыстайды. Олар жақындап қалғанда жасырынған топтың балалары межеге қарай жүгіреді. Іздеген топ жасырынған топтың ойыншыларының біреуін ұстап алса, онда қашушылар қуушыларды межеге дейін арқалап апаратын болған. Ойыншылар арасында қыз балалар болса, айып орнына өлең айтып, би билейтін болған.