Картотека № 1 Қимылды ойын: «Шарларды жина» Ойын мақсаты :балалардың шарлардың түсін, формасын айыра білуге үйрету.
Ойын барысы:Тәрбиеші жерге әртүрлі түсті шарлар мен доптарды шашып тастап, балаларға оларды жинап, қорапшаға салуды ұсынады. Ойынды қиындату үшін шашылып жатқан шарлардың алдына бірнеше бөген( мысалы, отырғыш, скамейка) қою керек, балалар олардан өтіп шарларды жинау керек. Балаларға тек қана қызыл немесе жасыл шарларды жинаттыруға болады.Керекті құралдар: әртүрлі түсті шарлар.