3.Тәрбиелік:Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға,тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп,жеке тұлға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы:
Шындық-правда
Аян-известный,явный,ясный
Ақиқат-реальность
Атсалысу-участвовать
Жақындату-приблизить
мұқият-тщательно
отаншыл-патриот
Тәуелсіздігімізді қастерлейік
Біздің халқымыздың жағдайы бүгінгі заман шындығынада тек өзінің тәуелсіз мемлекеті бар болса ғана жақсара алатыны- әркімге аян ақиқат.
Ендеше халқына шындап жаны ашитын адам алдымен өз мемлекеттігін,Конституциясын қадірлейік.Әйтпесе,өз мемлекетіне жаны ашымайтын,сол жолда нақты іс атқармайтын адамның халықшыл болып,отаншыл болып қарық қылмайтыны белгілі . Мұны,әсіресе,ақпарат құралдары есте ұстауға тиісті. Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді қастерлеуге, барша халықты тәрбиелеуге мұқият мән беруге міндетті.
Қазір қолға алынып жатқан шаруаның барлығы- біздің болашаққа сенімділігіміздің белгісі,өз күшімізге сеніміміздің белгісі. ( Нұрсұлтан Назарбаев)
Деңгейлік тапсырмалар:
III деңгей
1.Мәтінді түсініп оқып,сұрақтарға жауап беріңіз.
А)Біздің халқымыздың жағдайы қалай жақсарады?
Ә)Халқына жаны ашитын адам қандай болу керек?
Б)Ақпарат құралдарының міндеті қандай?
II деңгей
1) Мәтінде қарамен жазылған тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын фразеологиялық сөздік арқылы түсіндір.Сол тұрақты сөз тіркестерінің синонимін тап. 2 сөйлем құрап,жазыңыз.