Kaspi Депозит
№ D11494435-003 шарт
Алматы қ.
04 сәуір 2020
«Kaspi Bank» АҚ (бұдан әрі – «Банк») бір тараптан және Қостанбай Инабат Болатбекқызы
(бұдан әрі – «Салымшы») екінші тараптан, «Kaspi Bank» АҚ-тағы банктік салымның жалпы
талаптарының (бұдан әрі – Жалпы талаптар) аясында төмендегі талаптарда Депозит шартын
(бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. Депозиттің талаптары
1.1. Салымшы Депозитті Банкке «Мерзімді салым» талаптарында береді, Банк оның сомасына
Сыйақы төлейді.
1.2. Депозиттің сомасы мен валютасы: 1000 Теңге (Бір мың теңге 00 тиын).
1.3. Депозит бойынша ЖТСМ 12%-ды құрайды,бұл ретте Депозит бойынша сыйақы мөлшері –
жылдық 11.38% (бұдан әрі – Сыйақы).
1.4. Депозитті орналастыру мерзімі: 2020 жылдың 04 сәуірінен бастап 2021 жылдың 06 сәуіріне
дейін.
1.5. Банк Салымшыға:
№ KZ26722R000194496840 (ЖСК) жинақ шотын (бұдан әрі – Шот);
№ KZ32722R000142261456 (ЖСК) ағымдағы шотты (бұдан әрі – Ағымдағы шот) ашады.
1.6. Банк ЖСК-мен Жеке кабинетке хабарламаны жолдаған және/немесе Шартқа қол қойылған
күннен бастап күнтізбелік 3 күннің ішінде Салымшы Шарттың 1.2.-тармағында көрсетілген
ақша сомасын немесе кемінде 1000 Теңге (Бір мың теңге 00 тиын) болатын өзге соманы
салады. Депозит сомасы Салымшының нақты салған ақша сомасына тең.
1.7. Банк – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (31.10.2008 ж. № 011 куәлік).
Банктің Депозитті қайтару міндеттемелері ҚР заңнамасына сай міндетті кепілдік беру объектісі
болып табылады.