2. Растамалар мен келісімдер
2.1. Шартты жасасу және/немесе Өтінішті беру арқылы Салымшы:
2.1.1. Жалпы талаптармен толық танысқанын, олардың оған анық және түсінікті екенін растайды.
ҚР АК-тің 388 және 389-баптарына сай Жалпы талаптардың Тараптардың арасындағы
қатынастарды реттейтінін түсінетінін және Жалпы талаптар мен Шартты сақтауға
міндеттенетінін;
2.1.2. Шартта аталған ақпарат шындыққа сәйкес келетінін және Банктің оны пайдалана алатынын;
2.1.3. Берілген ақпарат өзгерген барлық жағдайлар туралы тез арада хабарлайтынын;
2.1.4. Банктің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны және кепілдік берілген
өтемді төлеу талаптары туралы хабарлағанын;
2.1.5. Шартта немесе Салымшының тікелей дебеттеуге келісімі қамтылған өзге құжаттарда
көзделген жағдайларда Банктің Шарт бойынша шоттарды тікелей дебеттеуіне келісім
бергенін;
2.1.6. Салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің жоқ екенін;
2.1.7. Алдағы уақытта бөлімшелерге келмей Kaspi.kz-те және басқа сайттарда өнімдерді онлайн
ресімдей алатынымен танысқанын растайды және Банкке:
уәкілетті ұйымнан, мемлекеттік органдардың деректер базасынан, басқа ұйымдардан және
тұлғалардан тікелей және үшінші тұлғалар арқылы зейнетақы жарналары туралы ақпаратты
алуға;
Банкпен шарт жасасқан кредиттік бюроларға ақпарат беруге және кредиттік бюродан
алдағы уақытта түсетін деректерді қосқанда, кредиттік есепті беруге келісім береді.
|