Kaspi Депозит
№ D13867451-003 шарт
Алматы қ.
03 ақпан 2020
«Kaspi Bank» АҚ (бұдан әрі – «Банк») бір тараптан және Булекбаева Айгул Жаксылыковна
(бұдан әрі – «Салымшы») екінші тараптан, «Kaspi Bank» АҚ-тағы банктік салымның жалпы
талаптарының (бұдан әрі – Жалпы талаптар) аясында төмендегі талаптарда Депозит шартын
(бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. Депозиттің талаптары
1.1. Салымшы Депозитті Банкке «Мерзімді салым» талаптарында береді, Банк оның сомасына
Сыйақы төлейді.
1.2. Депозиттің сомасы мен валютасы: 1000 Теңге (Бір мың теңге 00 тиын).
1.3. Депозит бойынша ЖТСМ 9.5%-ды құрайды,бұл ретте Депозит бойынша сыйақы мөлшері –
жылдық 9.1% (бұдан әрі – Сыйақы).
1.4. Депозитті орналастыру мерзімі: 2020 жылдың 03 ақпанынан бастап 2021 жылдың 04 ақпанына
дейін.
1.5. Банк Салымшыға:
№ KZ42722R000190064816 (ЖСК) жинақ шотын (бұдан әрі – Шот);
№ KZ75722R000156442761 (ЖСК) ағымдағы шотты (бұдан әрі – Ағымдағы шот) ашады.
1.6. Банк ЖСК-мен Жеке кабинетке хабарламаны жолдаған және/немесе Шартқа қол қойылған
күннен бастап күнтізбелік 3 күннің ішінде Салымшы Шарттың 1.2.-тармағында көрсетілген
ақша сомасын немесе кемінде 1000 Теңге (Бір мың теңге 00 тиын) болатын өзге соманы
салады. Депозит сомасы Салымшының нақты салған ақша сомасына тең.
1.7. Банк – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (31.10.2008 ж. № 011 куәлік).
Банктің Депозитті қайтару міндеттемелері ҚР заңнамасына сай міндетті кепілдік беру объектісі
болып табылады.
2. Растамалар мен келісімдер
2.1. Шартты жасасу және/немесе Өтінішті беру арқылы Салымшы:
2.1.1. Жалпы талаптармен толық танысқанын, олардың оған анық және түсінікті екенін растайды.
ҚР АК-тің 388 және 389-баптарына сай Жалпы талаптардың Тараптардың арасындағы
қатынастарды реттейтінін түсінетінін және Жалпы талаптар мен Шартты сақтауға
міндеттенетінін;
2.1.2. Шартта аталған ақпарат шындыққа сәйкес келетінін және Банктің оны пайдалана алатынын;
2.1.3. Берілген ақпарат өзгерген барлық жағдайлар туралы тез арада хабарлайтынын;
2.1.4. Банктің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны және кепілдік берілген
өтемді төлеу талаптары туралы хабарлағанын;
2.1.5. Шартта немесе Салымшының тікелей дебеттеуге келісімі қамтылған өзге құжаттарда
көзделген жағдайларда Банктің Шарт бойынша шоттарды тікелей дебеттеуіне келісім
бергенін;
2.1.6. Салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің жоқ екенін;
2.1.7. Алдағы уақытта бөлімшелерге келмей Kaspi.kz-те және басқа сайттарда өнімдерді онлайн
ресімдей алатынымен танысқанын растайды және Банкке:
уәкілетті ұйымнан, мемлекеттік органдардың деректер базасынан, басқа ұйымдардан және
тұлғалардан тікелей және үшінші тұлғалар арқылы зейнетақы жарналары туралы ақпаратты
алуға;
Банкпен шарт жасасқан кредиттік бюроларға ақпарат беруге және кредиттік бюродан
алдағы уақытта түсетін деректерді қосқанда, кредиттік есепті беруге келісім береді.
3. Қорытынды ережелер
3.1. Мыналар арқылы:
ДСЖК (кодын) енгізу;
POS-терминалда ДСН-кодты енгізу;
жеке кабинетте/Сайтта электрондық құжаттармен алмасу;
телефон нөмірі бойынша, өзге тәсілдермен хабарлармен (SMS) және Тараптарды және
олардың ерік-қалауының мазмұнын айқындайтын құжаттармен алмасу
арқылы жасалған мәмілелер, соның ішінде Шартқа (біржақты тәртіппен өзгертілмейтін)
өзгерістер, Салымшының сауалнамалық деректерінің, телефон нөмірінің және өзге
мәліметтерінің өзгерістері Тараптардың келісімімен мәміленің жазбаша нысанда жасалуына
теңестіріледі. Жоғарыда аталған тәсілдермен өзгертілген Салымшы туралы мәліметтер
Банктің қалауы бойынша Тараптардың арасында жасалған кез келген өзге шартқа
қолданылады.
3.2. Электрондық қызметтер, Банк мұндай қазметтерді көрсеткен жағдайда, Салымшыға ЭБТҚ
ережесінде көзделген тәртіппен және талаптарда көрсетіледі.
3.3. Шартта көрсетілген мерзімдерде Депозитті салмағанда немесе Депозитке 1000 Теңгеден аз
сома салған жағдайда, Шарт Банктің талап етуімен бұзылуы мүмкін.
3.4. Шарт Жалпы талаптардың ажырамас бөлігі болып табылады. Шартта көзделмеген
барлығында Тараптар Жалпы талаптарды басшылыққа алады. Шартта пайдаланылатын
терминдер мен анықтамалардың Жалпы талаптарда айқындалған мағынасы бар.
3.5. Шарт Депозиттің сомасы Шотқа түскен күннен бастап, Ағымдағы шот бөлігінде Өтініш берілген
сәттен бастап күшіне енеді. Шартты жасасу Шарт бойынша шоттарды ашуға өтініш беруге
теңестіріледі.
4. Тараптардың деректемелері
Банк:
Салымшы:
«Kaspi Bank» АҚ,
БСН 971240001315
Мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, 050013,
Алматы қ.,
Наурызбай батыр к-сі, 154 «А»
Булекбаева Айгул Жаксылыковна,
Мекенжайы: обл.Туркестанская, р-н
Махтаральский, Инд.160500, г.Ырысты, ул.Казак,
д.15,
№ ҚР жеке куәлігі 016038906 берілген күні
30.07.2004ж.
МВД РК
берген ,
ЖСН 790616401501
Мобильді нөмірі: 8 (747) 159 03 99