Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттық қатынастарды көрсетеді. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдағы, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – шаруашылық операцияларының әсерінен өзара байланысқа ұшырайтын шоттар.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, брокерлер, жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оңашаланған белгілеулері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін шетелдік валютаға сататын субъектілер үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашылады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; акцепті форма бойынша; почталық және телеграфтық аударымдар болып табылады.
Тиісті заңдарға сәйкес барлық ұйымдар өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелеріндегі есеп айырысу шоттарында ақша қаражаттарын сақтауға міңдетті. Есеп айырысу шоттары мына төмендегі құжаттар негізінде ашылады:
- шотты ашуға берілетін өтініш;
- қойылатын қолдар мен мөртаңбалары үлгілерімен карточкалары;
- субъектінің салық есебіне қою дерегін растайтын салық қызметі органының анықтамасы
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
- жарғы көшірмесі;
- құрылтай шартының көшірмесі /құрылтайшылар саны біреуден асқан ретте/.
Ұйымдар ағымдағы банктік шоттарды бірнеше банктерден ашуына құқылы, бірақ шоттарды ашқаны туралы салық органдарына хабарлауы керек.
Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар қолданылып жүрген заңдармен реттеледі және әдетте, ақша қаражаттары еркін қалдығының шегінде шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде жүргізіледі. Шот иесінің /акцептік/ келісуі бойынша жеткізушілер мен мердігерлердің төлем талап-тапсырмалары бойынша ақша қаражаттарын есептеп шығару жүзеге асырылады. Ағымдағы банктік шоттар бойынша операцияларды рәсімдеуге мынадай құжаттар қолданылады: төлем тапсырмасы, талап- тапсырма, чектер, нақты ақша жарнасына берілетін хабарлама және т.б. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамдардың (басшы мен бас бухгалтердің) қолдары болуы керек.
1.3 Валюталық операциялар есебі
2.1. Валюталық шотты ашудың, жүргізудің және жабудың тәртіптері Өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы шетел валютасын сатып алу-сатуды екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылар теңгені валюталарға айырбастау құнын дербес белгілеуге құқылы. Заңды тұлғалар — резиденттер шетел валютасын ішкі валюта рыногында сатып және шетел валютасымен несиелерді алып, резиденттер еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және шетел валютасында алынған банк несиелері жөніндегі мәмілелерін орындау үшін ғана ала алады. Шетел валютасындағы несиелер нақты ақшасыз төлеу тәртібінде беріледі. Ішкі валюта рыногында шетел валютасын сатып алу меншікті қаражаттар есебінен де, сондай-ақ заем қаражаттары есебінен де теңге есебімен жүргізіледі. Заем қаражаттары есебінен шетел валютасын сатып алған кезде шетел валютасын мақсатты пайдалану көрсетіледі. Қазақстан Республикасына резиденттер мен резидент еместердің валюта құндылықтарын әкелу кеден заңдары талаптарын сақтай отырып шектеусіз жүзеге асырылады. Заңды тұлғалар — резиденттер өкілетті банкте валюта шотын ашу үшін мына төмендегі құжаттарды ұсынады: нотариалдық жолмен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесін; валюта шотын ашу туралы өтінішін; өкілетті адамдардың қойылатын қолдары мен мөр таңбасының үлгілері; салық органының салық төлеушісі ретінде есепке қою туралы анықтамасын; Қазақстан Республикасының өкілетті органында тіркелу туралы куәлігін ұсынады. 1.4 ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІ
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады.
Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
алынуға тиісті шоттар;
алынған вексельдер;
басқалар.
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
№7 Журнал-ордер – 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;
№9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;
№10 Журнал-ордер – 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв», 1620«Алдағы кезең шығындлары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;
№11 Журнал-ордер – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы». 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер». 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы». 1280 «Басқадай дебиторлық борыштар». 1620 «Алдағы кезең шығындары». 1630 «Берілген аванстар».