Каталиторлық конвертер



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#122155
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Химия пәні PISA тапсырмалары
9 сынып алгебра, улгерімі төмен оқушылар, Дарынды балалармен жұмыс, циклограмма акпан

Каталиторлық конвертер
Айрықша замандас көлік маркалары пайдаланылған газды адам мен қоршаған орта үшін зияны аз болуы үшін каталиторлық конвертерлермен жабдықталған.. 90%-ға жуық зиянды пайдаланылған газдар одан әлдеқайда зияны кем газға айналады. Төменде конвертерге түсетін және одан шығатын бірнеше газдың түрлері келтірілген.

Сұрақ : КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР Берілген суреттегі ақпаратты қолданып, конвертердегі пайдаланылған газдың зиянын қалай азайтатынына мысал келтіріңіз. ............................................................................................................................. ............................................................................................................................. .................................................................................................................
Көміртегі моноксидінің немесе азот оксидінің басқа қосындыларға айналуы аталған. Көміртегі моноксиді көміртегі диоксидіне айналған. Азот оксиді азотқа айналады. Ол зиянда газдарды зиянсызға айналдырады, мысалы, CO-ны CO2 –ға (90%). Көміртегі диоксиді мен азот - көміртегі моноксиді мен азот оксиді сияқты зиян емес.

Сұрақ : КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР Газдар каталиторлық конвертердің ішінде өзгерістерге ұшырайды. «Атомдар» ЖӘНЕ «молекулалар» сөздерін қолданып, болып жатқан үдерістерді түсіндіріңіз. ............................................................................................................................. ............................................................................................................................. ....................................................................................................................


Атомдардың қайта топтасып, басқа молекулалар құратыны жайлы негізгі ой айтылып жатыр; жауапта екі сөз де қолданылған – атомдар да, молекулалар да. Молекулалар ажырап, атомдар басқа молекулалар құру үшін бірігеді.. Атомдар басқа молекулалар құру үшін қайта бөлінеді.

Сұрақ : КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР Каталиторлық конвертерден бөлінетін газдарды талдаңыз. Каталиторлық конвертермен жұмыс жасайтын инженерлер мен ғалымдар зиянсыз пайдаланылған газдарды алу үшін кандай мәселенің шешімін табу керек? ...........................................................................................................


Қабылдарлық жауап зиянды газдардың жойуының жақсаруымен байланысты (моноксид көміртегісі мен азот оксиді) НЕМЕСЕ атмосыераға шығарылатын газдардан диоксид көміртегісін жойу. Барлық моноксид көміртегісі диоксид көміртегісіне айналмайды. Азот оксидінің азотқа жеткіліксіз өзгеруі. Моноксид көміртегісінің диоксид көміртегісіне және оксидтің азотқа айналған пайыздық қатынасын жақсарту. Конвертердің жұмыс барысында пайда болатын азот диоксиді атмосфераға шығарылуының орнына ұсталу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет