- «Ақ Берел». 10 күнге дейін созылатын бұл сапар (маршрут) кезінде ұлттық парктің ең көріністі сапарларының (маршруттарының) бірі. «Мұзтаудың» баурайынан өтетін маршрут Язевый сарқырамасын, Язевое көлін, Қарақұс көлін, Көккөл сарқырамасын, Көккөл кенішін басып өтіп, көптеген тарихи деректермен таныстырады.
Табиғи, мәдини және тарихи мәні бар ескерткіштер
Мұзтау – жер ананың кіндігі
Мұзтау (Шығыс шыңы) – Алтай тауларының солтүстік-шығысында жатыр, Алтай мен Сібірдің ең биік нүктесі (4506 м.). Ақ Берел өзені бастауында орналасқан. Мұзтау - қос өркешті. Алыстан қарасаң-аттың еріне ұқсайды... Алтайдың жон арқасына аппақ күміс ерді жарқыратып ерттей салған секілді. Мұзтаудың жан-жағы көз көрім көкжиекке дейін ала шұбар шың - жартастар. Қара орманды, қапсал шатқалды таулардың ажарында Мұзтау ғана қақ күмісше жарқырап жатады. Жер шарының энергетикалық өрісі осы Мұзтауда тоғысқан деген сенім бар. Ол энергетикалық өріс ғарышпен байланысты, сол арқылы бұл маңайға келген адамдарға Мұзтау күш – қуат беріп, жан сарайын тазартады, денсаулығын түзейді. Мұзтау туралы алғашқы ғылыми деректер 18 ғасырда пайда бола бастаған. Оны - қар мен мұздың, дүркіреген көшкілердің және жарқыраған сарқырамалардың патшасы дейді. Екі шыңының да беткейлері мәңгі қарлар және мұздықтар шамамен 70 шаршы км. жуық ауданды жауып жатыр. Ресей жағындағы Мұзтау сілемдері Дүниежүзі Табиғи Мұра Тізіміне енгізілген.
Коронная тауы
Катонқарағай ауданы, Берел ауылынан шығысқа қарай 32 км Калмачиха өзені сол жақ өңірінде орналасқан. Калмачиха өзені жарынан 1500 м жоғарлаған Коронная тауы (3021 м) өз атауын ақтайды. Пішіні бойынша бұл беткей бұрыштары 60-80 градусты дұрыс үш қырлы шың. Калмачиха өзені шалғайынан өтетін сапар (маршрут) кезінде Коронная тауы Альпідағы Монблан тауына өте ұқсайды.
Рахман көздері
Рахман көздері. Катонқарағай ауданындағы шипалы жылы су. Катонқарағай ауданы, Рахман Қайнары ауылының солтүстік-шығыс шетіндегі Рахман көлі қазаншұңқырында төрт мемлекеттің Қазақстан, Россия, Монғолия, Қытай елдерінің шекарасының қиылысқан жерінде орналасқан. Термальді көздер алаңның солтүстік жағынан граниттермен тақта тастардың түйіскен жарығынан шығыстан батыс бағытқа бір сызық бойымен жалпы ұзақтығы 80 метрге ағып шығады. Термальді көздердің емдік қасиеті бар, олар әлсіз минеральді (0,19 г/л) гидрокарбонатты- кальцийлі және құрамы 0,03 г/л дейін еркін көмірқышқылынан, 45-80 мг/л кремний қышқылынан, 10-35 эман радонынан тұрады.
Көккөл сарқырамасы
Көккөл сарқырамасы Катонқарағай ауданы, Рахман Қайнары ауылынан 23 км солтүстік шығыстағы Үлкен Көккөл өзенінің (Ақ Берелдің сол саласы) сағасында орналасқан. Көккөл сарқырамасы – Қазақстан және Алтай тауларындағы ең ірі сарқырама, табиғаттың ғажайып, тылсым сұлулық жаратылысы. 10 метрден астам тентек тау бүктетіле арқырап, биіктігі 80 метр биік жартастан өкіре құлап жатқан сарқырама. Облыстың солтүстік-шығыс шетіндегі танымдық туризм үшін ең бір тартымды нысандардың бірі. Көккөл сарқырамасы-табиғаттың теңдесі жоқ құбылысы, сонымен қатар бүкіл Алтайдың ең үлкен сарқырамаларының бірі.Облысымыздың ең шеткі солтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан туризмнің ең танымдық объектілерінің бірі болып табылады.
Арасан сарқырамасы
Арасан сарқырамасы Катонқарағай ауданы, Рахман Қайнары ауылынан 6 км төмен Арасан өзені аңғарында орналасқан. Арасан өзеніндегі қуатты және өте әдемі каскад типтес сарқырама. Каскадтың әсіресе жоғарғы бөлігі өзінің биіктігімен және ұзақтығымен көзге түседі. Сарқыраманың осы бөлігінде су ағыны жартастан атылып шығып, 5 м биіктен қатты ағынмен құлап, ақ көбік пен ұсақ шашырандыға айналады.Сарқыраманың құлама биіктігі мен ағынының ені 6 метр. Арасан сарқырамасы - Қазақстанның шығысындағы ең ірі сарқырамалардың бірі. Танымдық туризмнің нысаны болып табылады.
Язовая сарқырамасы
Катонқарағай ауданы, Қараайрық ауылынан 10 км солтүстік батыстағы бір аттас көлден 2 км төмендегі ағып шыққан Язовая өзенінде орналасқан. Су ағысының көп ғасырлық жұмысының нәтижесінде тілімденген арна өңделмеген пішінді. Онда сарқырама түзетін, табалдырық және құламалық құйылулардан кішігірім кемерлер бірінен кейін бірі жалғасқан. Сарқырамада онға жуық бірін-бірі ауыстыратын каскад орналасқан, олардың аралары 200 м жуық жерде кездеседі. Сарқыраманың құлама биіктігі 10-12 м жетеді.Сарқырама атауына еиленіп отырған бөлігінің жалпы биіктігі 5 м.
Рахман сарқырамасы
Рахман сарқырамасы Катонқарағай ауданы, Рахман қайнарлары ауылының оңтүстік-шығысынан 1,8 км қашықтықта атауы жоқ жылғадан басталып, Арасан өзені аңғарының оң өңірінде Рахман көліне қосылады. Бұл бұлақ биік таулы мареналық көлден (теңіз деңгейінен 2265 м ) бастау алып, Рахман көліне құяды.Рахман сарқырамасы каскад типтес сарқырамалардың қатарына енгізілген.
Қара Берел өзеніндегі сарқырамалар тізбегі
Қара Берел өзеніндегі сарқырамалар тізбегі Қара Берел өзенінің оң саласы Арасан өзенінің қосылуынан 15 км жоғарыда орналасқан. Кей жерлерде жар тастар каньон тәрізді «құбыр» аралықтарды құрап, өзен 5-8 метрге дейін тарылып, гүрілмен төмен ұмтылады. Тізбекте 15 кішігірім сарқырамалар мен құламалар бар. Кішкентай төмпешіктер жыралармен кезектесіп отырады, бұл жерлерді таңдамалы хариус балығы мекендейді.Каскадтан жоғары хариус балығы кездеспейді.
Бұқтырма көлі
Бұқтырма көлі - Катонқарағай ауданы, оңтүстік-батыс Алтайдан 38 км. солтүстікте Шындығатай өзені мен Бұқтырма өзенінің қиылысында орналасқан. Бұқтырма көлі балықшыларға өзінің хаирус балығымен, айналасындағы табиғат көрінісінің әсемдігімен танымал.
Көккөл кеніші
Көккөл кеніші - тау кен өндірісінің тарихи ескерткіші. Катонқарағай ауданы, Көккөл шатқалы,Үлкен Көккөл өзені (Ақ Берелдің сол саласы) аңғарында орналасқан. 1936 жылы аймақтық геологиялық маршрут жүргізгенде геолог А. Николов Көккөл кен орнын ашқан. Негізінен бұл жерде 1938 жылдан бастап вольфрам мен молибден қолмен алынып, жұмысшы және тұрғын ауыл салына бастаған. Тасқорымды асудың үстінде, қысы – жазы боран борап тұратын желдің өтінде, 3000 метр биіктікте біздің бабаларымыз бен әкелеріміз қолмен кен қазған. Кеніш 1954 жылға дейін жұмыс істеп келді. Салқын климаттың арқасында кеніштің құрылысы қазір де жақсы сақталған. Ашық аспан астындағы мұражай десе де болады
Берел қорымдары
Берел қорымдары – Катонқарағай ауданының Берел аулының маңындағы Бұқтырма жазығында орналасқан, әлемдік деңгейдегі ескерткіш. Бұқтырма аңғары бойында теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте, шамамен біздің дәуірімізге дейін төртінші ғасырдағы сақ княздерінің мүрделері мен табыттары, алтындалған әшекейлі заттары табылды. Мәңгі мұз тоңның әсерімен ескерткіштер бұзылмай, сол қалпында жақсы сақталған. Көпшілігі әлі зерттелмеген, отыздан астам обасы бар бұл қорымды ғалымдар «патшалар алқабы» деп атап кетті. 1998 ж. Ә. Х. Марғұлан атындағы археологиялық институтының Халықаралық Қазақ - Француз - Итальян археологиялық экспидициясы Берел қорғанында Сақ бекзадасының қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Қорғанның астындағы "мәңгілік тоңның" әсерімен ағаштан, киізден, теріден жасалған бұйымдар да жақсы сақталған. Археологиялық қазба барысында табылған құнды ескерткіштің бірі - осыдан 2500 жыл бұрын жерленген сақ көсемі мен оның әйелінің мәйігі. Берел қорымынан табылған заттар әлемдік ғылымдағы ең теңдесі жоқ дүниелер.
Австриялық жол
Австриялық жол – ресми тіркелмеген атау. 1914 - 1916 жылдары Бірінші Дүниежүзілік (Империалистік) соғыста австриялық (чехиялық) әскери тұтқындармен салынған жолды «адамның еңбек батырлығының ескерткіші» деуге болады. 2000 метр биіктіктегі 150 км. жуық қашықтықты алатын трассаны қайла мен күрекпен салуды елестету қиын. Мұнда мыңдаған адамдар опат болды деседі: біреуі биіктен құласа, енді біреуі тас басып қалған, енді біреулері мұндай ауыртпалыққа шыдамаған. Жолдың айналасы табиғаттың сан алуан таңғажайып көріністеріне бай.
Мұражайлар
Жолыңыз түсіп Шыңғыстай ауылына бара қалсаңыз Оралхан Бөкейдің мұражай үйіне міндетті түрде барып шығыңыз. О. Бөкейдің шығармашылық жолы 1970 жылдан басталады. О. Бөкеев әдебиетімізге өз өрнегімен келген жазушы. Ол алғашқы әңгіме повестерінен-ақ оқушысын бірден баурап әкетіп еді. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде өршілдікке тарта беретін. Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын Оралхан Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол - табиғаттың асқақ жыршысына айналған табиғи тума талант. Көптеген шығармалары ТМД және шетел халықтары тілдеріне аударылды. «Кісі киік», «Сайтан көпір» бойынша көркем фильмдер түсіріліп, «Кербұғы әңгімесі бойынша балет – спектакль қойылды. 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.
Марал шаруашылығы
Марал шаруашылығы Алтайда 18 ғасырда Ресейден келген христиандардан туындаған. Бұл өте сирек кздесетін шаруашылық Алтайдан басқа Жаңа Зеландия мен Канадада танымал. Марал шаруашылығының басты өнімі панты – пантокрин заттарынан құралған дақты бұғының, маралдың, изюбрдің жас мүйіздер. Шығыс медицинасында көптеген жылдар бойы панталарды емдік мақсаттарда кең қолданып келеді. Бүгінгі таңда пантамен емдеу – жүйке жүйесін қалыпқа келтіру, күш-жігерді сезіп, айқын ойлаудың көзі. Пантымен емдеу мезгілінің ашылуы: 5 маусым; аяқталуы: 15 шілде. Катонқарағай ауданында 10 пантамен емдеу, сауықтыру кешендері мен шипажайлар жұмыс істеуде.
Пантамен емдеу кешендері мен шипажайлар
Достарыңызбен бөлісу: |