Каз Мектеп-10-2015. indd


  Үйренуші  –  арнайы  оқу  орнында  алған  білімін  мектеп  партасында     пайдаланушы. 2



Pdf көрінісі
бет9/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

1.  Үйренуші  –  арнайы  оқу  орнында  алған  білімін  мектеп  партасында    

пайдаланушы.



2. Ізденуші – өзінің және өзгелердің іс-тәжірибесін талдап, ой елегінен 

өткізіп сараптаушы.



3. Шығармашыл – оқу-тәрбие үрдісінде белгілі бір бағыт бойынша сынақ  

өткізуші.



4. Жаңашыл – білім берудің жаңа жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдерін,  

құралдарын ойлап табушы.



5.  Шебер  –  педагогикалық  қызметте  оңтайлы  әдістемелік  жүйе 

құрастырған озат тәжірибе иесі.



6. Инноватор – педагогикада, білім беруде қазіргі талаптарға сай жаңа 

бағыт жасаушы.




5

www


.kazmektep.kz

Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым 

жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы 

өзгелердің  тәжірибесін  толық  көшірмей,  жаңа  ортаға  икемдеп,  өзіндік  іс-

әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуі керек.

Мұғалімнің  озат  тәжірибесін  зерттеудің  кезеңдері  төмендегілерден 

тұрады:

–   педагогикалық озат тәжірибені мектептегі әдістемелік жұмыстың 

тиімділігін  арттырудың  қажетті  шарты  ретінде  іс-шара  жоспарын 

жасақтау;

–  әдістемелік  шеберлігі  мен  кәсіби  біліктілігі  жоғары  деңгейдегі 

мұғалімдерді анықтау;

–   анықталған  мұғалімдердің  шығармашылық-проблемалық  тақырып-

тарын жинақтау;

– тақырып пен жұмысты кезеңдерге бөлу;

–  өзекті мәселелерді шешудегі жетістіктерін айқындау;

– озат тәжірибе туралы нақты мәліметтер мен деректер жинау; 

– тікелей (құжаттарын талдау, жинау);

– жанама (қосымша әдістемелік тапсырмалар, сұрақ, сауалнама);

– озат тәжірибені талдау, қорытынды жасау, жұмыс жүйесін сипат-

тау.

Шығармашылық-проблемалық тақырып анықталып болған соң жұмысты 

мынадай кезеңдерге бөлеміз:

–  ғылыми-теориялық дайындық жасау;

–  жүргізілетін жұмысты терең анықтау, болжау;

–  мектепті, сыныпты, пәнді, оқушыны жан-жақты дайындау;

–  кіші эксперимент кезеңдері;

–  салыстырмалы нәтижелері;

–  өзіндік  әдістемелік  бірлестіктің,  мектеп  басшыларының,  әдіскер-

мұғалімнің талдаулары;

– жүйелі, тұрақты түрде нәтиже көрсету, басқа сыныпта, мектепте 

байқаудан өткізу;

– қорытынды, сараптау, талдау жасау;

– әдістемелік кеңесте, бірлестік отырысында, мектептің педагогикалық 

кеңесінде, аудандық, облыстық, республикалық кеңестерде қорғау;

– ғылыми тақырып ретінде ғылыми жұмыспен айналысу.

Озат тәжірибені тарату әдіс-тәсілдері мен түрлері мыналар:



– анықтама түрінде мектеп, аудан;

– бұйрық түрінде анықтама қоса тіркеледі;

– альбом;

– реферат түрінде;

– бүклет түрінде;

– баспасөз құралдары (газет, журнал арқылы);

– бейнеқор түрінде;

– плакат түрінде;

– кітапша;

– бюллетень.

Әрине,  істің  көзін  тапқан  адамға  озат  тәжірибенің  тарату  жолын 

табудың қиындығы жоқ. Жинақталған  озат  тәжірибені  тарату жолдарына 

төмендегілер кіреді:



– ғылыми-практикалық конференция арқылы;

– ашық сабақ арқылы;

– семинар-практикум арқылы;

– үлгілі тәрбие мектебі арқылы;

– әдістемелік брлестік арқылы;

– педагогикалық оқу арқылы;


6

www


.kazmektep.kz

– тамыз, қаңтар педагогикалық кеңестері, секция жұмыстары арқылы;

–  «Жас мамандар мектебіндегі» оқу-практикум арқылы;

– теледидар, бейнефильмдер арқылы;

– баспасөз, ақпарат құралдары арқылы;

– жарты жылдық,  жылдық  салыстырмалы  бақылау,  байқау жұмыс-

тарының нәтижелігінен; 

– оқушылардың пәндік олимпиадаларда жақсы нәтиже беруі арқылы;

–  ғылыми  жобаға  қатысушылар  саны  және  нәтижелігінің  артуы 

арқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет