1. ОРТА ҒАСЫР ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Орта ғасыр философиясы V-XV ғғ. арасындағы кезеңді қамтыды. Діни көңіл-күйдің өсуі, діни билік институттарының қалыптасуы – орта ғасырдың өзіндік ерекшелігі. Бұл уақытта пұтқа табынушы көп құдайлықтың (политеизм) орнына нақты бір құдайға (монотеизм) табынған дін – христиандық өмірге келді.
Христиан діні ортағасырлық Еуропада құдайдың өз мәнінде әлем орталығы болатынына назар аударған дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырды. Ол екі түрлі негізге: а) христиан философиясының болмыс (онтология) туралы ілімінің негізінде жатқан жарату идеясына; б) осы философияның негізін қалыптастыратын таным туралы ілім – ашылу идеясына сүйенді.
Теоцентристік (грекше theos – құдай деген сөз) – барлық ғаламның бастауы мен себебі Құдайға таңылатын әлем түсінігі. Ол – ғаламның орталығы, оның белсенді, жасампаз негізі. Теоцентризм таным үдерісіне де әсерін тигізді, осыған байланысты ғылымның ең жоғарғы сатысына теология –
Бұл уақыттағы философияның барлық сұрақтары теоцентристік,
креационистік және провиденциалистік бағытта шешімдерін тапты.
Құдай туралы «ғылым» көтерілді; одан төмен теологияға қызметші болатын
философия; одан да төменіректе әр түрлі жеке қолданбалы ғылымдар орналасты.