Казахская головная архитектурно-строительная академия


АВГУСТИН АВРЕЛИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ



бет4/9
Дата01.10.2023
өлшемі1,48 Mb.
#183203
түріЛекции
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. АВГУСТИН АВРЕЛИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

  • Уақыт шынайылық есебінде әлемнің жаратылу үдерісінде көрініс тапты және ол Құдай жаратқан өткінші заттардың өлшемі болатын шамасынан өзге еш нәрсе емес. Уақыт әлем жаратылғанға дейін өмір сүрген жоқ, ол тек осы күнді ғана білдіреді. Осыдан өткеннің бәрі – адам есінің қасиеті болады, ал болашақ – тек қана үміт. Құдай тек уақыттан тыс болып қоймады, сонымен қатар ол адамдар мен материалдық әлемдерге тән өзгерістерден де тыс.
  • «Енді әбден түсінікті, – дейді Августин, – ешқандай болашақ та, ешқандай өткен уақыт та жоқ және үш уақыттың: өткен күн, осы күн, болашақтың өмір сүретіні туралы айту да дұрыс емес. Мүмкін уақытты өткеннің осы күні, осының осы күні және болашақтың осы күні деп бөлген дұрысырақ болатын шығар. Біздің жанымызда өмір сүретін осы белгісіз үш уақытты мен басқа еш жерде көрмеймін: өткеннің осы күні – бұл ес; осының осы күні – оның тікелей пайымдалуы, болашақтың осы күні – оның күтімі» (Аврелий А. «Тәубе »).
  • Таным теориясында Августин гносеологиясының негізін құдай жаратқан әлем адам ақылы жетпейтін ғажайыптарға толы дегенге саятын иррационализм (ақыл жетпейтін) құрайды. Августин сенімді ақыл-парасаттан өлшеусіз жоғары қояды, ал Құдайлық Ашылуды адам білімінің негізгі бастауы деп есептейді.
  • Августиннің таным теориясы «Түсіну үшін сен» деп қысқа тұжырымдалады.

АВГУСТИН АВРЕЛИЙ

4. НОМИНАЛИСТЕР МЕН РЕАЛИСТЕР КҮРЕСІ

  • Бұл философиялық бағыттың аты «реализм» сөзінің қазіргі заманғы түсінігіне сәйкес келмейді. Ансельм Кентерберийский (1033-1109 жж.) осы бағыттың беделді мүшесі болды. Платон көзқарастарын дамытып, «әлемді ұйымдастырушы мәңгі идеялар, яғни нақты заттар әлемінен бөлектенген жалпы ұғымдар айрықша идеалдық әлемді құрайды» дегенді ұстанады. Пантеистік (грекше pan – бәрі, theos – құдай, демек бәрінде де құдай бар) көзқарастары үшін реалистерді шіркеу қолдамады.
  • Құдай дара тұлға есебінде өзі жасаған табиғат, материалдық және материалдық емес заттардан жоғары тұрады. Мұндай жағдайда жалпы түсініктер құдаймен бір сатыда тұрады, теңестіріледі деген пікірді желеу қылған шіркеу реалистерге қарсы шығады.
  • Орта ғасырдың танымал философы Фома Аквинский шіркеу қолдаған реалистік бағыт өкілі болды. Ол Аристотельдің жеке мен жалпының арасындағы тығыз байланысты, жалпыны жекенің түрі деп түсінген идеяларын басшылыққа алды. Реалистер жалпы түсініктердің шынайы өмір сүретінін мойындай отырып, ол нақты (жеке) заттарда көрінісін табады деп пайымдайды.
  • Орта ғасырдың өзіндік ерекшелігі номиналистер мен реалистер арасында болған,
  • «жалпы және нақты түсініктер өмір сүре ме?» деген сұрақтың түсіндірмесі
  • төңірегінде жүздеген жылдарға созылған өткір күреспен байланысты.
  • Реалистер: «Ақиқат шындық болатын жеке заттар емес, санадан тысқары өмір
  • сүретін, одан және материалдық әлемнен тәуелсіз жалпы түсініктер», – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет