E) қысаң
1090_
Жуан, әрі еріндік дауысты дыбыс қатысқан сөз
A) ұлан
B) ыстық
C) алаң
D) үкім
E) өкіл
1091_
Бірыңғай ашық дауыстыдан тұрған сөз
A) кейіпкер
B) әдепті
C) қасиет
D) өнерпаз
E) ізденіс
1092_
Еріндік пен езулік араласып келген сөз
A) құлын
B) бұлбұл
C) дүлдүл
D) төрт
E) ор
1093_
Әрі ашық, әрі жіңішке, әрі еріндік дауысты дыбыс
A) ә
B) ө
C) е
D) ү
E) і
1094_
Қосымшаның дұрыс жалғануы
A) лагері
B) педагогтың
C) ансамбльдан
D) лагерге
E) полюста
1095_
Тіл дыбыстарын зерттейтін сала
A) лексика
B) морфология
C) стилистика
D) синтаксис
E) фонетика
1096_
Дауыссыз дыбыстың түрі
A) жуан
B) ашық
C) қатаң
D) қысаң
E) еріндік
1097_
Үнді мен қатаң дауыссыздың қатар келуі арқылы жасалған сөз
A) жауын
B) бастық
C) ойшыл
D) жол
E) көнеру
1098_
Үнді дыбыстан басталған сөз
A) талас
B) бала
C) мектеп
D) жолдас
E) қала
1099_
Ұяң дауыссыз дыбысты қатар
A)нөсер,ел
B) ауа, Отан
C) шана, көбелек
D) ою, тегіс
E) біз, доға
1100_
Бірыңғай үнді дыбыстан тұрған қатар
A) г, ж, д, в
B) у, й, н, р
C) қ, ш, т, в
D) м, ң, ғ, з
E) и, к, л, м
1101_
Дауыссыз дыбыстың үш түрі де кездесетін қатар
A) сенім
B) жақсы
C) жұма
D) кемел
E) қоғам
1102_
Қосымшасы қатаң дауыссыз дыбыстан басталған сөз
A) білімді, Мақпалға
B) қонақтар, айтқыз
C) шынардай, ізде
D) тауыпты, балалар
E) өнерлі, білгіш
1103_
Жұп п-б дауыссыздар қойылатын қатар
A)...абыс, ...алап
B) ...үл, кө...ер
C) ба...ыр, ...асыр
D) ...айдасыз, қа...ылда
E) ба...тыр, ...апырақ
1104_
Сөзге қате жалғанған қосымша
A) банктан
B) рөлі
C) факспен
D) кисоскіге
E) парктен
1105_
Үнді мен қатаң дыбыстан кұралған сөз.
A) биыл
B) мекен
C) еліміз
D) ілім
E) ырым
1106_
Қазақтың төл сөздерінде ғана қолданылатын дауыссыз дыбыс
A) ч
B) щ
C) ц
D) қ
E) в
1107_
Ашық буынды сөздер қатары
A) сарт, таса
B) тауық, бақ
C) буын, жорға
D) әке, жаңа
E) сауық, аспаз
1108_
Тек бітеу буыннан тұратын сөз
A) гүлдесте
B) түймедақ
C) лалагүл
D) қауашық
E) қызғалдақ
1109_
«Балық» сөзіндегі буын түрі
A) тұйық, ашық
B) ашық, тұйық
C) бітеу, ашық
D) ашық, бітеу
E) бітеу, тұйық
1110_
Буынға бөлінбейтін сөздер
A) қала, әже
B) бұлт, ант
C) ана, батыр
D) оқушы, көрме
E) топ, дала
1111_
Буынға дұрыс бөлінген сөз
A) құм-ырс-қа
B) о-йын-шық
C) бал-а-лық
D) соғ-ыс
E) тау-ық
1112_
Тұйық буынның ережесі
A) дауыстыдан басталып дауыссызға бітеді
B) дауыстыдан басталып дауыстыға бітеді
C) дауыссыздан басталып дауыстыға бітеді
D) бірыңғай дауыстыдан жасалады
E) дауыссыздан басталып дауыссызға аяқталады
1113_
Орыс тілінен енген клуб, парад сөздеріне қосылатын қосымша
A) -бен, -ге
B) -дар, -ға
C) -ке, -тен
D) -ден, -пен
E) -тан, -қа
1114_
Кейінді ықпал жасайтын жалғау түрі
A) тәуелдік жалғауы
B) көптік жалғау
C) барыс септік жалғауы
D) септік жалғау
E) жіктік жалғау
1115_
Ілгерінді ықпал
A) кітабы
B) теуіп
C) жанбады
D) ұшқышсың
E) тас жол
1116_
Ілгерінді ықпалды сөз
A) тарағы
B) ұшсын
C) шауып
D) табу
E) шелегі
1117_
Кейінді ықпалды сөз
A) кек алу
B) жаз келді
C) көп бала
D) көрікбай
E) ала кел
1118_
Кейінді ықпал кездесетін қатар
A) Ұйқы жастық сұрамайды.
B) Сыпайының сыры мол.
C) Балалық шағы–патшаның тағы.
D) Асыл тастан шығар.
E) Білгенің бір тоғыз
1119_
Тоғыспалы ықпал кездесетін қатар
A) Қосжан, тас жол
B) адамдар, күрегі
C) бейбітшілік, ашса
D) көрік, бөлме
E) балық, қармақ
1120_
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөз
A) балалық
B) байқағыш
C) мысығым
D) басшылық
E) арбакеш
1121_
«Өнер» сөзіне буын үндестігі сақталмай жалғанатын қосымша
A) -ден
B) -паз
C) -ден
D) -лі
E) -і
1122_
Буын үндестігіне бағынбайтын жалғау
A) көптік жалғауы
B) жатыс септік жалғауы
C) көмектес септік жалғауы
D) ілік септік жалғауы
E) барыс септік жалғауы
1123_
Буын үндестігіне бағынбайтын зат есім
A) өсімтал
B) әсемпаз
C) сәнқой
D) өнерпаз
E) саудагер
1124_
Сөздің соңғы дыбысы қатаң болғанда, оған жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысы
A) үнді
B) ұяң
C) дауысты
D) қатаң
E) жуан
1125_
Ары қарай бөлшектеуге келмейтін, толық мағыналы сөздің бөлігі
A) туынды сөз
B) түбірлес сөз
C)дара сөз
D) түбір сөз
E) күрделі сөз
1126_
Негізгі түбір сөз
A) қанағат
B) денелі
C) тазала
D) түне
E) ұйқысыз
1127_
Негізгі түбірлі сөз
A) тарақ
B) жаса
C) балалық
D) ойна
E) бала
1128_
Туынды түбір сөз
A) тасымал
B) терезе
C) мұғалім
D) мұнай
E) ыдыс
1129_
Заттық ұғымды білдіретін түбір сөз
A) күресте
B) адал
C) дос
D) оқы
E) үйрен
1130_
Негізгі түбір
A) Көкшетау
B) куәгер
C) оқулық
D) балықшы
E) қария
1131_
Туынды түбір
A) бақ
B) бәйге
C) өнегелі
D) ыдыс
E) дана
1132_
Тек негізді түбірден тұратын сөйлем
A) Өтірікшінің шын сөзі зая кетер.
B) Сөз атасы -құлақ
C) Жастық- мастық.
D) Семіздікті қой ғана көтереді.
E) Ерлік - елдік сыны.
1133_
Түбір сөздерден тұрған қатар
A) тасымал, даналық
B) ауылдық, әсемпаз
C) жидек, қалам
D) басқар, кенші
E) өркениет, баспалдақ
1134_
Туынды түбір
A) әнге
B) әнім
C) әнші
D) әннен
E) әнмен
1135_
Тәуелдік жалғау арқылы жасалған негізгі түбір
A) үйлер
B) жұмыста
C) баламын
D) оқушымын
E) ағам
1136_
Түбірлес сөздер
A) жар, жарнама
B) бал, бала
C) төр, төркін
D) сөз, сөзшең
E) қол, қола
1137_
Жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз
A) биші
B) жұмысқа
C) үйлер
D) қобызды
E) кітапты
1138_
Жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз
A) туынды сөз
B) қос сөз
C) біріккен сөз
D) түбір сөз
E) дара сөз
1139_
Туынды етістіктер қатары
A) оқы, тасы
B) ескір, көр
C) көгер, байы
D) жаз, күл
E) қыста, біл
1140_
Түбірлес сөздерді белгілеңіз
A) тұрақ, тұрғын
B) қолдау, байқау
C) жеткізу, жеті
D) білдіру, білезік
E) қонақ, қосақ
1141_
Туынды түбір
A) балақай
B) баласын
C) баламен
D) балалық
E) баламын
1142_
Сингармонизм заңына бағынбай тұрған жұрнақ
A) жігер
B) басқыш
C) балгер
D) ұшқыш
E) орындық
1143_
Зат есімнен болған түбірлес сөздер
A) ұт, ұтқыр
B) адам, адами
C) жас, жастық
D) бала, балаша
E) сөз, сөздік
1144_
Сөзшең, сөзсіз, сөздік туынды сөздеріне қатысты атау
A) негізгі түбір
B) жалғаулы сөз
C) күрделі сөз
D) түбірлес сөз
E) біріккен сөз
1145_
Сөз түрлендіруші жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер
A) ұйқышыл, кітапша
B) өнерпаз, тігінші
C) бөлме, оқушы
D) жауын, асхана
E) берекелі, білім
1146_
Тәуелдік жалғаулы сөз
A) дәрігермін, қызметкер
B) қонағым, шығармасы
C) тағамдар, кеседі
D) редактормын, даяшылар
E) ыдысы, айранды
1147_
Көптік жалғаулы сөз
A) әдебиет, қиял
B) емтихан, рухани
C) дастархан, үйірме
D) кемелер, жастар
E) балдыр, шаш
1148_
Жуан нұсқасы жоқ септік жалғауы
A) барыс
B) табыс
C) ілік
D) көмектес
E) шығыс
1149_
Тәуелдік жалғаулы сөз қатысқан сөйлем
A) Болат – оқушы.
B) Менің досым – суретші.
C) Қала көркейіп келеді.
D) Мен сабаққа барамын.
E) Арман үйге қайтты.
1150_
Тілдегі заттар мен ұғымдарды жалпылай білдіретін зат есім
A) жалпы есім
B) көмекші есім
C) күрделі есім
D) қосарлы есім
E) жалқы есім
1151_
Тілдегі заттар мен ұғымдарды даралай білдіретін зат есім
A) тіркесті сөз
B) біріккен сөз
C) жалқы есім
D) жалпы есім
E) күрделі есім
1152_
Күрделі сөз болып тұрған жалқы есім
A) Астана
B) Атырау
C) Амангелді
D) Балқаш
E) Бағлан
1153_
Географиялық атауға жатпайтын жалқы есім
A) Қарағанды
B) Бурабай
C) Балжан
D) Арал
E) Жетісу
1154_
Жер-су атауына қатысты жалқы есім
A) Байзақ, Алпамыс
B) Біржан сал, «Қалдырған»
C) «Балқадиша»
D) Ертіс, Есіл
E) Айнагүл, Бурабай
1155_
Қосарлану жолымен жасалған жалпы есім
A) Кемпірқосақ
B) Екібастұз
C) Кітап
D) Балдырған
E) Ата-ана
1156_
Географиялық атауға байланысты жалқы есім
A) Құлагер
B) Балнұр
C) Ақтөс
D) Марқакөл
E) Тайбурыл
1157_
Ұйым атауын білдіретін жалқы есім
A) Ұлан сабаққа дайындықпен келді
B) Хамит бандының соңына түсті
C) Баладар «Айналайын» сүтін сүйіп ішеді
D) «Ұлан» ұлттық гвардиясы - ұлт мақтанышы
E) Бақытты елдің ұланымыз
1158_
Жалпы есім
A) «Көкшетау» поэмасы
B) «Балдырған» журналы
C) әке-шеше
D) Қазақстан Республикасы
E) Алматы қаласы
1159_
Қысқарған сөзден жасалған жалпы есім
A) аурухана
B) Баян сұлу
C) Екібастұз
D) педколледж
E) Жезқазған
1160_
Жалқысөзінің беретін мағынасы
A) жан-жақты
B) біреу ғана
C) бірнеше
D) жалпы
E) жаңа
1161_
«Абай жолы» атауына тіркесіп қолданылатын жалпы есім
A) поэзиясы
B) өлеңі
C) повесі
D) романы
E) поэмасы
1162_
Туынды зат есімі бар сөйлем
A) Сабыр түбі – сары алтын.
B) Отан оттан да ыстық.
C) Көз - қорқақ, қол – батыр.
D) Өтірікші алдымен өзін алдар.
E) Еңбек түбі – береке.
1163_
Зат есім жасайтын жұрнақты қатар
A) нанның, оның
B) ойшыл, жершіл
C) балалық, ерлік
D) қалада, күнде
E) менімен, көзбен
1164_
Есім сөзден жасалған зат есім
A) боран, тарақ
B) саудагер, адалдық
C) сүзгіш, сүзбе
D) қуаныш, жамау
E) сабау, көсеу
1165_
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағы арқылы жасалған туынды зат есім
A) айтпа
B) барма
C) көрме
D) келме
E) берме
1166_
Берілген сөйлемдегі туынды зат есім түбіріне қатысты нұсқа. Домбырамен ойнаған күйшіні жұрт ұзақ тыңдады
A) сын есім
B) зат есім
C) етістік
D) үстеу
E) еліктеу
1167_
Туынды зат есім қатыспай тұрған қатар
A) балалық, шайхана
B) кітап, дос
C) қойшы, күрек
D) көрме, бұрғы
E) айтыс, өкініш
1168_
Тіркесу жолымен жасалған туынды зат есім
A) қызықты айтыс
B) мәдениет сарайы
C) ақылды бала
D) қара торы
E) он сегіз
1169_
Етістіктен жасалған зат есім қатары
A) емхана, қалалық
B) өкініш, қызықты
C) тарихи, үлкендеу
D) жұмысшы, кітаби
E) білім, өкініш
1170_
Сын есімнен жасалған туынды зат есім
A) азаматтық
B) жазғы
C) сыршыл
D) сұлулық
E) балалық
1171_
Есім түбірден жасалған зат есім
A) көрермен
B) төбешік
C) бастырма
D) оқырман
E) күрек
1172_
Етістіктен жасалған зат есім
A) сандықша, атай
B) құлыншақ, төбешік
C) балалық, адалдық
D) саудагер, інішек
E) сезім, айтыс
1173_
Туынды зат есімді сөйлем
A) Арада біраз уақыт өтті.
B) Шындықтың шырағы сөнбейді.
C) Қайың туралы ән мен жыр көп.
D) Жел арғы беттен еді.
E) Өмір-теңіз, еңбек-егіз.
1174_
Сын есімге тән категория
A) етіс категориясы
B) жақ категориясы
C) рай категориясы
D) шырай категориясы
E) шақ категориясы
1175_
Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар
A) –лау;-леу
B) –ы;-и
C) –ғақ;-гек
D) –шыл;-шіл
E) –ғы;-гі
1176_
Салыстырмалы шырайдағы сөз
A) тарихи
B) ақшыл
C) әдепті
D) кең
E) түссіз
1177_
Күшейтпелі шырай жасайтын сөздер қатары
A) ары, бері
B) жоғары, тым
C) еркін, тез
D) ең, аса
E) бекер, босқа
1178_
Күшейтпелі буын арқылы жасалған шырай
A) ақшыл
B) көкпеңбек
C) тым ауыр
D) ең әдемі
E) сарғыш
1179_
Салыстырмалы шырай қатыспаған қатар
A) кішірек, жұқарақ
B) ең биік, аппақ
C) кішілеу, суықтау
D) тарғыл, көкшіл
E) қызғыш, көгілдір
1180_
Салыстырмалы шырай жұрнақтары
A) -рақ, -лау, -ғыл
B) -шіл, мен, -ды
C) -дай, -дей, -тай
D) -қой, -ғой, -паз
E) -ғыш, -гіш, -қыш
1181_
Күшейтпелі шырай қатысқан сөйлем
A) Алманың дәмі тәтті.
B) Ертең ауа райы жып-жылы.
C) Біз жаңа мектепте оқимыз.
D) Оның сынып жетекшісі жастау апай.
E) Жаңа келген оқушы көзі жасыл екен.
1182_
Берілген сөздерге жалғанатын салыстырмалы шырай жұрнақтарын сәйкестендір боз... , қоңыр... , ұзын...
A) -дау, -шыл, -ше
B) -тау, -ірек, -шыл
C) -аң, -қай, -ша
D) -ша, -ше, -аң
E) -аң, -ғыл, -шіл
1183_
Сын есімнің тұлғалық түрлері
A) сапалық, қатыстық
B) дара, күрделі
C) қатыстық, негізгі
D) негізгі, туынды
E) сапалық, туынды
1184_
Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалатын сын есім
A) дара
B) күрделі
C) туынды
D) негізгі
E) сапалық
1185_
Есім сөзден жасалған сын есімдер
A) ұрысқақ, тебеген
B) қызба, білгіш
C) жазғы, ұйқышыл
D) ашық, көргіш
E) өткір, тарихи
1186_
Етістіктен жасалған сын есімдер
A) жазғы, жалдық
B) мақтаншақ, бөлек
C) жершіл, сөзшең
D) үйдей, бәлеқор
E) әдеби, әуесқой
1187_
Есім сөзден сын есім тудырушы жұрнақтар
A) -лы, -лық, -қор
B) -ғақ, -қақ, -ық
C) -ғыш, -гіш, -гір
D) -шақ, -шек, -ақ
E) -улы, -улі, -ма
1188_
Етістіктен сын есім тудырушы жұрнақ
A) -дық, -дік, -тық
B) -шыл, -шіл, -шаң
C) -дай, -дей, -тай
D) -улі, -улы, -ғыр
E) -гер, -кер, -паз
1189_
Мақал-мәтелдегі туынды сын есімдердің жасалуы.Алаған қолым-береген.
A) зат есім, етістік
B) етістік, сын есім
C) сын есім, еліктеу
D) етістік, етістік
E) есімдік, үстеу
1190_
Туынды сын есімнің тиістісін қой.Мәуелі ағаш - ...
A) әдемі
B) көріксіз
C) ұнамды
D) тоғайлы
E) майысқақ
1191_
Туынды дара сын есім
A) кішіпейілді
B) қара сақалды
C) еңбекқор
D) қызыл шырайлы
E) жылы жүзді
1192_
Мақал-мәтелдегі туынды сын есім саны
Әлсіз ат сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
1193_
Сөйлемдегі сын есімдердің түбірінің сөз табы
Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
A) зат есім
B) етістік
C) үстеу
D) сын есім
E) еліктеу
1194_
Цифрмен берілген реттік сан есім жұрнағының орнына қойылатын тыныс белгі
A) сызықша
B) нүкте
C) қос нүкте
D) жақша
E) дефис
1195_
Баяндауыш қызметіндегі есептік сан есім
A) Білмегенің бір тоғыз.
B) Жігітке жеті өнер де аз.
C) Алтау ала болса, ауыздағы кетер.
D) Білекті бірді жығар.
E) Сексен көл Көкшетаудың аясында.
1196_
Дара реттік сан есім
A) он бірінші
B) жүз елуінші
C) мыңыншы
D) жетпіс тоғызыншы
E) бір мың алпыс алты
1197_
Жинақтық сан есім жасайтын жұрнақтар
A) -ыншы, -інші
B) -дан, -ден
C) -тан, -тен
D) -ау, -еу
E) -лап, -леп
1198_
Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрі. Ойынға қатысушылар үш-үштен бөлінді.
A) есептік
B) реттік
C) жинақтық
D) топтау
E) болжалдық
1199_
Дұрыс жазылған реттік сан есім
A) 11 сыныпта оқимын.
B) 5-қатарға отырдық.
C) ХХІ – ғасыр
D) шығарманың ІІ-томы
E) 1991-жыл
1200_
Болжалдық сан есім
A) мыңдап, жүздеген
B) бесінші, екі
C) тоғыз, бестен
D) алтау, үшінші
E) жетпістей, жетеу
1201_
Негізгі түбір сан есімдерге шамалы, таман, тарта, жуық көмекші сөздерінің тіркесуі арқылы жасалатын сан есімнің түрі
A) топтау
B) бөлшектік
C) жинақтық
D) болжалдық
E) есептік
1202_
Бөлшектік сан есім
A) 20 бала
B) 20-ға таяу
C) 20-лап
D) 20-20-дан
E) 20-ның бірі
1203_
-ау, -еу жұрнағы жалғанатын сан есім
A) бір, он
B) тоғыз, үш
C) сегіз, екі
D) алты, жеті
E) он,сегіз
1204_
Сан есімді тіркес
A) баланың жүзі
B) жүз қой
C) суға жүз
D) жүзіне қара
E) жүзі жылы
1205_
Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрлері. Камбаланың 7 тұқымдасқа бірігетін 500-ге жуық түрі мұхиттарда кездеседі.
A) есептік, топтау
B) бөлшектік, жинақтық
C) реттік, болжалдық
D) жинақтық, бөлшектік
E) есептік, болжалдық
1206_
Дәл сол сәтте орындалғанқимылды көрсететін етістіктің шағы
A)ойнап жүрмін
B) сағынып барамын
C) алыстан келген
D) қысқартып айтқанмын
E) ертесіне келген
1207_
Нақ осы шақты етістік
A) су ағады
B)адам сөйлейді
C)бала жазады
D) сен оқи тұр
E) бүлдіршін күледі
1208_
Сөйлемді осы шақ етістігімен толықтыр
Істелген жұмыс жайлы есеп ...
A) қаржыландырылып отыр
B) жүргізіліп жатыр
C) беріліп жатыр
D) нығайтылып жатыр
E)жүзеге асырылып жатыр
1209_
Етістіктің түбіріне -ды, -ді,-ты, -ті жұрнағы мен жіктік жалғауы арқылы жасалатын шақтың түрі
A) осы шақ
B) жедел өткен шақ
C) бұрынғы өткен шақ
D) келер шақ
E) нақ осы шақ
1210_
Келер шақтың түрлері
A) жедел, бұрынғы, ауыспалы
B) болжалды, мақсатты, ауыспалы
C) нақ, бұрынғы, ауыспалы
D) бұрынғы, мақсатты, ауыспалы
E) ауыспалы, бұрынғы, мақсатты
1211_
Ауыспалы өткен шақ етістігі
A) тұрдым, отырғанмын
B) қайталадым,оқығанбыз
C) күлмедіңдер, жаздым
D) тұратынбыз, апаратынсыз
E)сөйлестім, келді
1212_
Етістіктің шартты райы
A) Мен кеше келдім.
B) Олар түсте асханада тамақтанды.
C) Әнді жақсы орындасам, арманыма жетемін.
D) Ғарышкер болғым келетінін айттым.
E) Астрономиядан ғылыми табыстарға қол жеткіздім.
1213_
Шартты райлы сөйлем
A) Мен көркем шығармаларды көп оқыдым.
B)Сабақты жақсы оқысаң, үздік оқушы атанасың.
C) Оқушы мектеп ережесін орындауы керек.
D) Домбырада ойнауды үйренгім келеді.
E) Таза киіну - әдепті баланың ісі.
1214_
Қалау рай мағынасын білдіретін етістік қатары
A)бара салайық
B)барса игі еді
C) бара жатырмын
D) барасыздар
E) барсам айтармын
1215_
Септеулік шылаулар
A) не болмаса, яки
B) үшін, сайын
C) және, әйтпесе
D) біресе, әлде
E) өйткені, сондықтан
1216_
Барыс септігіндегі сөздермен тіркесетін септеуліктер
A) табиғат туралы, кездескен сайын
B) қырыққа жуық, тауға қарай
C)футболдан кейін, тамақтан бұрын
D) қызметімен қатар, түске таман
E) жеткен сайын, ұқсайтын сияқты
1217_
Сөйлемдегі шылаудың мағыналық түрі. Жылы сөзі мен жақсы лебізін сездіріп оған хат жазды.
A) ыңғайластық
B) қарсылықты
C) талғаулы
D) себеп-салдар
E)сұраулық
1218_
Демеулік шылау қатыспай тұрған сөйлем
A) Алдында толған мақсат пен таңдау.
B) Қазір-ақ жүрсек етті.
C) Отырғандар азғантай ғана болып көрінді.
D) Сенің бригадаң ше?
E) Достықтың тамыры тереңнен-ақ басталыпты.
1219_
Кезектес мәндегі жалғаулықты сөйлем
A) Тентек жел де, толқын да бұған көңілсіз қарағандай.
B) Бірақ қалың қайғыны серпуге көмегі тиді.
C) Ауа әрі тұнық, әрі тәтті.
D) Теңіз біресе ауыр күрсінгендей, біресе ауыр есінегендей болды.
E) Сондықтан шексіз қошемет көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |