ӘОЖ 7Бр30
КБЖ796(07)
Қ33
Қамысбаева Д. Қ.
«Дене шынықтыру» пәнінен іс-жүзінде жүргізілетін сабақтың әдістемелік
нұсқауы.
–
Тараз: Тараз университеті, 2017. - 54 б.
Пікір жазғандар:
Мінәрбеков І.Қ
–
Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі, доцент;
Шилібаев Б.А
–
«Дене шынықтыру және спорт» маманы, Аймақтық
менеджмент академиясының профессоры.
Әдістемелік нұсқауды «Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақ жүргізетін
жоғары оқу орны оқытушылары және сабаққа өз беттерінше дайындалатын
студенттер пайдаланып, қолдануларына болады.
КБЖ796(07)
Әдістемелік нұсқау мұнай газ және механика факультетінің ғылыми-
әдістемелік жиналысында қаралып шығаруға ұсынылсын (хаттама №_4_
«_26_»____04___ 2017ж.).
© Қамысбаева Д.Қ., 2017
©М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, 2017
3
КІРІСПЕ
Әдістемелік ұсыныстар тәжірибелік жұмыстарды орындауға "Дене
шынықтыру" пәні бойынша сабақтарды оқытуға арналған жұмысты
ұйымдастыру бойынша жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлау жүйесінде
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады
Қалыптастырылатын
іс-жүзіндегі
дене
шынықтыру
сабақтары
іскерліктерді пайдалануға мүмкіндік береді, дене шынықтыру-сауықтыру
қызметі денсаулықты нығайту үшін, өмірлік және кәсіби табыстарға жету үшін
жүргізіледі.
Іс-жүзінде жүргізілетін дене шынықтыру сабақтары спорт залда немесе
таза ауада, аптасына екі рет, міндетті сабақ ретінде жүргізіледі. Сонымен
қатар студенттер аптасына үш реттен әртүрлі спорт үйірмелеріне қатысып
өздерінің таңдаған спорт түрлерінен шеберліктерін дамыта алады.
Дене тәрбиесі жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарындағы басқа да
пәндермен қатар жеке пән болып табылады. Демек, сабақ кестесі бойынша
оқытушының басшылығымен студенттермен өткізілетін дене тәрбиесі
сабақтары дене тәрбиесінен оқу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрі
ретінде қарастырылады. Бұл өткізілетін сабақтардың сапасын көтеру жолында
үздіксіз жұмыс істеуге оқытушыларды міндеттейді.
ЖОО-дағы дене тәрбиесінің негізгі міндеті денсаулықты нығайту, дұрыс
жетілуге жәрдемдесу, студенттерді өмірге қажетті қозғалмалы дағдыларға
үйрету, дене шынықтыру, қайраттылық және моральдық қасиеттерге тәрбиелеу.
Дене тәрбиесінің мақсаты: қоғамдық талап пен оған қызмет көрсету үшін
халықтық дене дамытуындағы күткен нәтижесін білдіреді. Күтілген нәтиже
қоғам дамуының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Бұл мақсат қоғада
құрап, оның байлығын қорғайтын әлеуметтік талаптарына сәйкестендіріледі.
Дене тәрбиесінің мақсаты жан-дүниесі рухани бай, ар-ожданы таза, Отанды
қорғауда ұзақ жылдар шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың
физикалық дамуын қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсат еліміздегі әр
адамның қоғамдық талап пен жеке қызығушылықтарына байланысты.
Дене тәрбиесінің міндеттері: алға қойған мақсаттың шарттарына, сәйкес
орындарға қол жеткізге мүмкіншіліктер туғызу. Дене тәрбиесі жұмысында ше-
шілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді: сауықтыру, тәрбиелік және білім бе-
ру
міндеттері.
Тәрбиелік міндеттер адамның жеке басының жан-жақты дамуына рухани
және дене қуатының бірлігін береді.
Білім беру міндеттері осы саладағы арнайы білімді меңгеріп,осы қимыл
арқылы жүйелі білімді, дене жаттығуларын өзгертіп, оны өмірде түрлі айла-
тәсілдер арқылы өз бетінше қолдануды айтамыз.
Сауықтыру міндеттері дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн проце-
дуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы сауықтыруды айтады.