“Бүршік, емен жаңғағы, жаңғақ”
Ойынға қатысушылар 3 адамнан құралған бағандар құрады. Бірінші нөмір
- “бүршіктер”, екінші – “емен жаңғағы”, үшінші - “жаңғақ”. Ойыншының біреуі
– жүргізуші. Ол нөмір атын атайды. Аталғандар басқа бағанға барып,
дислокация орнын ауыстыру керек. Жүргізуші қозғалып жатқандардың
біреуінің орнын алып қоюы тиіс. Орынсыз қалған – жүргізуші болады. Бірде-
бір рет жүргізуші болмаған ойыншы – жеңеді.
“Бос орын”
Ойынға қатысушылар шеңбер болып тұрады. Жүргізуші шеңбер
сыртымен жүреді, ойыншылардың біреуінің орнына тоқтап, оның иығынан
түртеді. Содан соң екеуі де шеңбер сыртымен қарама-қарсы бағытта жүгіреді.
Кім ерте келсе, сол бос орынды толтырады. Қалып қалған ойыншы ойынды
жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |