Казахстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет10/57
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#110800
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
5. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДАҒЫ  

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ОРНЫ 

 

Қоғамның болашағы - жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі са-



бағында  ұлттық  ойындарды  өткізудің  рөлі  зор.  Қазақстанның  ұлттық  ойын-

дарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие 

үрдісінде тиімді пайдалануға болады. 

Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде, баулып тәрбиелеүде өзіне ғана 

тән  ерекшеліктері  болады.  Ол  ерекшеліктері  ең  алдымен  сол  халықтын  әдет-

ғұрпын,  салт-санасы  тұрмысы  мен  дәстүрлеріне  байланысты  қалыптасады. 

Сондықтан  осы  ұғымды  өз  бойына  жинаған  барлық  тәрбие  құралдарын  біз 

бүгінде  халық  педогогикасы  деп  атаймыз.  Қазақ  халқының  ұлт  ойындарының 

өзіне тән бір ерекшелігі сол ол тек көңіл аулап, қызық құып, уақыт өткізу үшін 

емес, белгілі бірбілімділік тәрбиелік мақсат көздейтінінде. 

Қазақ халқынын ұлт ойындары негізінен үш саладан тұрады. 

1.

 



Ойын- сауық ойындары. 

2.

 



Оймен келетін ойындар. 

3.

 



Дене шынықтыру спорт ойындары. 

Сондай-ақ  халық  ойындары  жастардың  денелерін  шыңдап  оларды 

икемділікке,  төзімділікпен  шапшаңдыққа,  тапқырлық  пен  алғырлыққа,  дәлдік 

пен ептілікке баулитынын айтады.  

Дене  шынықтыру  сабағында  ұлттық  ойындарды  негізінен  сабақтың 

басында  да,  ортасында  да,  соңында  да  пайдалануға  болады.  Осыған  орай 

жастардың  дене  шынықтыруымен  ынта  жігерлерін  арттырудың  тамаша 

құралдарының  бірі  өз  ұғымдарына  түсінікті  қимыл  ойындары  болып  келеді. 

Мысалы:  «Мысық  пен  тышқан»  ойынында  жастардың  тыныс  мүшелері  мен 

бұлшық  еттерінің  жетілуіне,  жүгіруге  үйретеді.  Олардың  жеңіске  деген  ерік, 

қайраттарын шыңдауға батылдыққа, тапқырлыққа баулиды.  

 «Жаяу  жарыс»,  «Секіру»  тақырыбын  өткенде  «Сыңар  аяқ»,  Лақтыру» 

тақырыбында  кім  алысқа  лақтырады  ойындарын  ойнатуға  болады.  Бұл 

ойындардың  мақсаты  жастардың  барлық  денелерін  қозғалысқа  келтіруді 

қамтамасыз  етеді.  Ұжым  болып  бірлесудің  нәтижесінде  жеңіске  жетуге  деген 

ерік  қайратын  шыңдау,  олардың  өз  ұжымы  алдындағы  жауапкершілігін 

арттыру  және  төзімділікке  тәрбиелеу  болып  табылады.  Ал  «Секіру» 

тақырыбында  халқымыздың  ежелгі  ойындарының  бірі  «Қарғымақ»  ойынын 

беруге  болады,  аталған  тақырыптың  алғашқы  сабақтарында  студенттер  секіру 

жаттығуларын  меңгеріп  біраз  тәжірибе  жинағаннан  кейін  ойналады,  ойын 

көбінесе сабақтын екінші жартысында пайдаланылады.  

  Қорыта  айтқанда  дене  шынықтыру  сабағына  ұлт  ойындарын  қолдануға 

болады деп ойлаймын, ол сабақтың маңызын арттырып, сапасын көтере түседі. 

Менің  пікірімше  ұлт  ойындары  дене  шынықтыру  сабағында  жастарды  өзінше 

әрекеттенуге,  қабылдау  мүшелерінің  жұмысын  арттырады  және  ойлай  білу, 

мақсатқа  жету,  өзін-өзі  ұстай  білуге  үйретеді.  Өзіне-өзі  сенуге,  белсенділікке 

тәрбиелейді, ойын тәртібін сақтау оларды ұйымшылдыққа баулиды. 



14 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет