“Кімді атады, сол допты қағады”
Ойынға қатысушылар алаңда жүреді немесе жүгіріп жүреді. Жүргізуші
қолына доп алады(баскейболды, вллейболды, гандболды). Ол бір ойыншының
атын атап, лақтырады. Аталған адам допты қағып алып, допты қайта біреудің
атын атап жоғары лақтырады. Допты атаған адамға бағыттап, ондай биікке
лақтырмау керек.
“Допты аулаушы”
Ойыншылар созылған қолдары сиятындай арақашықтықта тұрып, шеңбер
құрады. Бір ойыншы – жүргізуші, ортасында тұрады. Аяқ астында екі үлкен доп
жатыр. Жүргізуші біраз қозғалыстарды айтады немесе істейді (отыру, шапалақ,
еңкею және т.б.). Ойыншылар айтылуы немесе көрсетілуі бойынша бұл
қозғалыстарды орындайды.
Аяқ астынан : “Шеңберден қаш” дейді де, ойыншылар әр жаққа қашып
кетеді (алаңның белгіленген шекарасы шегінде ).
Жүргізуші допты алып, орнынан қозғалмай, қашып бара жатқан
ойыншыларға тигізуге тырысады. Егер біріншісін тигізсе, екіншісін лақтырады.
Содан соң белгі бойынша жүргізуші : “Бір, екі, үш – шеңберге қайта жүгір!”
дейді де, ойыншылар тағы да шеңбер түзеді, жаңа жүргізуші таңдалып, ойын
жаңартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |