см., аралығы 7 метр 32 см. Қақпа жасалады. Қақпаның сыртына тор керіледі.
48
Ойынның жалпы мазмұны – допты аяқпен теуіп алып жүру. Допты аяқпен
теуіп алып жүру аяқтың үстімен және ұшымен тебу арқылы орындалады.
Допты аяқтың ұшымен теуіп алып жүруге әдістенген ойыншы қарсыласын
оңай-ақ алдап кете алады.
Допты аяқтың ішкі жағымен алып жүру мүмкін емес. Аяқтың ішкі
жағымен допты тоқтатады немесе әріптесіне теуіп береді.Футбол ойын
әдістерін жақсы меңгерген ойыншы ғана аяқтың сыртқы жағымен допты тура
алып жүре алады және әріптесіне де бере алады. Ойын кезінде ретіне қарай
әріптесіне допты өкшемен теуіп беруге де болады.
ФУТБОЛ ОЙЫНЫНДАҒЫ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ.
Футбол ойынында негізінен 4 төреші, ойында қызмет көрсететін 3 төреші
болады, бір төреші қосалқы шебінде отырады. Төрешілер алқасы дәрежелері
бойынша бірнеше топтардан тұрады. Мысалы: 1-2-3 дәрежелі, ұлттық дәрежелі
төрешілер және халықаралық дәрежедегі төрешілер. Алаңдағы төрешілер
қызметі бас төреші, қалған екі төрешілер көмекшілер. Міндеттері ойында әділ
төреші болу, дер кезінде ысқыру, дөрекілік жасаған ойыншыларды қатаң
жазалау.
Ойын такткасын топтастыру үйрену дегеніміз – тактика түрлері мен
топтарын жалпы немесе соған жақын және арнайы ұқсастырып біріктіру.
Ойынның маңызына байланысты, тәсілдер екі үлкен бөлімнен тұрады:
алаңдағы ойыншының және қақпашының ойын тактикасы. Әр бөлім екі
бөлімшеден тұрады, олар: жылжу, (алаңда жүгіру, жүгіру және секіру, тоқтау,
бұрылу) доппен ойнау тактикасы. Бөлмшелер нақты ойын тактикасының
түрлерінен және әдістерінен тұрады.
ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ.
Футбол жарысы оқыту жаттығу процесінің негізгі бір бөлімі. Жарыс
түрлері қойылған алдағы мақсатқа байланысты негізгі немесе қосалқы болуы
мүмкін.
Негізгі жарыстарға – жоспарланған жарыстар жатады, оған: чемпионаттар
мен біріншіліктер, кубок жарысы, іріктеу жарысы жатады. Қосалқы жарыстарға
– тексеру жарысы, жолдастық кездесу жарысы, қысқа мерзімде өтетін
жарыстар. Жарысты жоспарлау негізінен спорт және дене тәрбиелеу жүйесінің
мақсатына сәйкес болу керек. Олар: Республикалық, облыстық, қалалық немесе
дене шынықтыру коллективтерінің арасында болуы керек.
Ойын ережелерін бұзған ойыншыны жазалау жолдары.
Футбол ойынында тартысты күрес талас болғандықтан, ойында тәртіп
бұзу түрлері жиі болып тұрады. Ойын ережелерін бұзған ойыншыны жазалау
жолдары бірнешеге бөлінеді. Негізінен ойын ережесін бұзғаны үшін бірнеше
сары түсті карточкасын төреші көрсетеді, ол ескертпе, ал екінші рет ойын
ережесін бұзса, онда ол ойыншыны алаңнан қуылады.Жазалау түрлеріне 2-3
немесе бірнеше ойындарға жіберілмейді.