4.2.Агнаттық және когнаттық туысқандықтар.
Туысқан адамдардың құқықтық қатынастарын біз туысқандық дейміз. Қазіргі заманда туысқандықтың бір ғана түрі бар деп есептейміз. Ал ежелгі Румда туысқандықтың екі түрі болатын. Оларды агнаттық және когнаттық туысқандықтар деп атайды. Агнаттық туысқандық рум фамилиядағы құқықтық жағдайда шықты, сол жағдай бойынша фамилияның үйінің ішінде тұрған жұрт бәрі де агнат туысқандар деп есептеген. Туған балалары келіндерімен, күшік күйеулерімен бірге одан әрі басқа отбасынан келген осы үйде тұратын кісілер paterfamiliasқа агнаттар болып есептелген, ал осы үйден бір қыз тұрмысқа шықса, ол агнаттық туысқандықтан айырылатын, өйткені сол қыз өз әкесінің билігінен шығып, басқа үйдің иесінің қол астына баратын. Одан әрі кейбір ұлдарды басқа paterfamilias заң бойынша асырап алса, сондай ұлдар, туған әкесіне емес, асырап алған үй иесіне агнат туысы болып шығатын. Мұрагерлік құқық бойынша, қайтыс болған кісінің мүлігі, алдымен агнат туысқандар арасында таратылатын. Содан соң күйеуге шыққан қыздар және басқа біреу асырап алған ұлдар, күшік күйеулер өз әкесінің мұрасына тек қана екінші кезекпен қатынасатын.
Ал когнаттық туысқандық дегеніміз – бұл кәдімгі қан бойынша туысқандық болатын. Ежелгі рум фамилиясы агнат отбасы болатын, бірақ та бірте-бірте Paterfamilias билігінің күші әлсіреп қалып, ал үйдің мүшелерінің құқықтық жағдайының күші артқан.
Содан соң бірте-бірте агнаттық туысқандықтың орнына когнаттық туысқандық келген. Мүлік қатынастары мұрагерлік құқығы агнат туысқандық бойынша емес, алдымен когнаттық қан бойынша, туысқандықпен жүргізілді. Ендігі мәселе үйден шыққан Paterfamiliasтың ұлы асырап алған үйде тұрған ұлынан әкесінің мұрасына алдымен шығатын.