11 ТАРАУ: Міндеттемелердің жеке түрлері.
11.1.Міндеттемелердің жүйесі.
11.2.Жалдау келісім-шарты (Locatio - Conductio)
11.3.Сатып алу - сату (Emptio - Vendizio)
11.4.Қарыз және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum).
11.5.Серіктестік келісім-шарты (Sociеtas) 11.6. Тапсырма келісім-шарты (Mandatum)
11.1. Міндеттемелердің жүйесі.
Рум құқығы бізге бірнеше мідеттемелердің түрлерін мұра ретінде қалдырған. Ондай түрлер қанша болғаны есептелген жоқ. Көбі қазіргі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға кірген. Кейбіреулері кірмесе де, мүмкін қажеті болса жаңадан шығады, оны біз рум құқығының рецепциясы деп атаймыз. Осы тарауда міндеттеме түрлі рум құқығындағы келісім-шарттары көрсетіледі. Басқаларды тек міндеттемелердің жүйесінде белгілейміз.
Жоғарыда айтылғандай міндеттемелер не болмаса шарттардан, әлде құқық бұзушылықтардан (заң тізімінде болғаны, әлде болмағаны) шығады. Бұл бірінші бөлімде. Шарттарды да румдықтар екіге бөлетін. Бір жағынан контракттар Contractus,екеіншіден, пакттар Pactus. Контракт және пакт-келісім шарттардың екі түрі. Контракттар шарттардың заңды түрі, оларды және осы шарттарды бекіткен тұлғаларды (талапкер және жауапкер) мемлекет заң бойынша талап қорғаумен қорғаған. Ал тізімге кірмеген шарттарды пакт деп атаған. Оларды кейде қорғаған, кейде жоқ. Бірақ та румдықтар контрактіні әлде пактыны бекітсе, әдет бойынша өте қатал ретінде орындайтын.
Котракттарды да екі тізімге бөледі. Шарт ауызша бекітілсе, оны ауызша шарт - Contractus verbalis – вербальдық контракттар деп атаған. Жазбаша түрінде бекітілсе – Contractus litteralis - литтералдық контракттар. Ауызша әлде жазбаша да болса контракттар екі үлкен тізімдерге кіргізіледі. Ол тізімдердің атақтары – реалдық және консенсуалдық контракттар - Contractus realis et Contractus consenssualis.Сонда реалдық котракттар затты әлде заттарды (Res - заттар) бір тұлғаның қолынан басқа қолға берілген кезінде бекітілді болатын. Консенсуалдық контракттар одан ерте, екі жақ келісімге (Consenssus -келісім) ғана келсе бекітілді саналатын.
Реалдық контракттарға - қарыз (Mutuum) шарты, несие (Commodatum) шарты, сақтау ( Depositum ) шарты, және кепілдік (Fiducio, Pignus, Hipoteca –түрлі) шарттары енеді.
Консенсуалдық контракттардың ішінде сатып алу - сату (Emptio-Venditio), жалдау (Locatio-conductio), тапсырма (Mandatum), серіктестік (Societas) шарттары табылады.
Міндеттемелердің жүйесінде құқықбұзушылақтардың міндеттеме ашатын түрлері да бар. Олардың ішінде - Injuria - әділетсіздік, Furtuum –ұрлық, Rapina- тонау, Damnum injuria datum - заңсыз зиян келтіру тағы басқалар.